Материалдар / Мақала "Дарындылық – бала бойындағы биік қабілет. "

Мақала "Дарындылық – бала бойындағы биік қабілет. "

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
1196
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарындылық – бала бойындағы биік қабілет. «Бізге керегі шын дарындылар...». Н.Ә.Назарбаев. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі. Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Дарындылықты дамытудағы басты мақсат -оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге итермелей отырып, шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға әсер ету ; Міндеттері: оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру; шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; оқушыларды тәрбиелеуге олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету; дарынды балаларды оқыту мен дамыту; дарынды, қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған педагогикалық-психологиялық жағдайларды жақсарту. Бүгінгі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көп көңіл бөлуіміз керек. Себебі, тілі жетік оқушы кез келген жерде жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Осы орайда, менің іс –тәжірибемнен Керимкулова Жәнияның Республикалық шығармашылық байқауда жазған «Алтын ұя- мектебім» тақырыбындағы шығармасын атап айтуға болады. Аталған шығарма республикалық деңгейде өткен байқаудан ІІІ орынға ие болды. Шығарма Жәния қиялының ұшқырлығымен, тілінің жатықтығымен ерекшеленеді. Шәкірттің осындай белгілері арқылы пәнге деген қызығушылығының артқанын және де өз ойын еркін де жинақы жеткізгенін байқауға болады. Дегенмен, бұл жұмыстар оқушы бойындағы шығармашылықтың шарықтау шегі болмаса да, болашақта өмірлік қолданысқа ие болары сөзсіз. Қорыта айтқанда, балаларға тек қана білім беріп қана қоймай, үздік білім берудің жолдарын қарастыру керек. Осы ретте мектепте балалардың дарындылығын ғылыми жұмысқа арттырудан бұрын, олардың сабақ үлгерімінің жоғары болуын басты назарда ұстау керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ