400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: «Досболlike: достық қолын ұсын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге,тәрбие ісінің меңгерушілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Досболlike: достық қолын ұсын»


Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.Осы құндылықты оқушыларға,қызметкерлерге ұғындыру мақсатында мектебімізде17 қаңтар мен 17 ақпан аралығында «Нағыз досыңның болғанын қаласаң – дос бол!» ұранымен «Досболlike: достық қолын ұсын» айлық акциясы өткізілді. Мақсаты:мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау,оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету, белсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Ең алдымен айлық акцияның ашылу салтанаты өтіп,тәрбие ісінің меңгерушісі-А.Табылды акцияның мақсатымен таныстырды.Жоспарға сәйкес МДТ және 1-4 сынып оқушылары “Менің досым” тақырыбында сурет салса,5-11 сыныптар достарымен,сыныптастарымен түскен фотосуреттерден коллаждар жасады. Дене шынықтыру пәні мұғалімі-С.Жантөринов бұқаралық спортты насихаттау, балаларды спортпен шұғылдануға баулу,қысқы ойын түрлерін ұғындыру,уақытты тиімді өткізу мақсатында топтық "Қысқы спорттық эстафета" эстафеталық ойыны өткізілді.

Үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақстында 10-сынып оқушылары “Көңілді үзіліс” атауымен әйгілі «Ламбада» биіне барлық мектеп оқушыларын тарта отырып би марафонын ұйымдастырды. Аға тәлімгер-Т.Елубаева 5-11 сынып оқушыларына достық,жолдастық ұғымдарын кеңінен насихаттау мақсатында «Досыммен көппін» психологиялық тренингтері жүргізілсе,мектеп приезиденті 10-сынып оқушысы-А.Задыгер ЖасҰлан БЖҰ мүшелерімен біріге отырып педагогтер мен кіші қызметкерлерге “Жақсы сөз жанның тынысы” атауымен көңілді акция ұйымдастырып,алғысқа бөленді.Сынып жетекшілер 1-11 сынып оқушыларына «Дос болайық бәріміз» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізді.

ДТІЖО-А.Табылды бастауыш сынып оқушыларына “Сен білесің бе” ойын сабағын,ұжымға «Додокаэдр» әдісі арқылы психологиялық тренинг өткізді. ЖасҰлан БЖҰ мүшелері көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында таңғы педагогтер,кіші қызметкерлер,оқушыларға “Амандасу” тренингмен күтіп алса, "Қоғамға қызмет" еріктілер клубының мүшелерімен бірге кіші қызметкерлерге және жалғызбасты ата-әжелерге қардан тазарту жұмыстарына көмек көрсетіп,баталарын алды.

Достықты ту еткен халқымыздың ұстанымы әрдайым биік болсын!Осындай берер дүниесі,тағылым мол шаралар көбейе берсін!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.05.2024
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі