Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: "Дуалды оқыту - кәсіби дамудың негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Техникалық және кәсіптік колледждерде дуалды оқыту жүйесі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дуальды оқыту – кәсіби дамудың негізі»

Бүгінде еліміздің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар дайындау қажеттілігі туындап отыр. Ол үшін біздің еліміз техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауы тиіс болды. Бұл мәселеде ең тиімді жол – дуалды оқыту. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі.

Дуалды оқытудың мақсаты – техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Яғни жас мамандар теориялық тұрғыда оқып қана қоймай, көп уақытын өндіріс орындарында өткізіп, тәжірибе жүзінде де шыңдала түседі. Білім және ғылым министрлігі 2020 жылға қарай дуалды білім беру элементтері бар колледждердің үлесін 50%-ға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Президент Н.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру үшін 2014 жылы білім және ғылымдағы басым бағыттар жөнінде үш жылдық жоспар жасақталған. Кез келген мекеме, яғни жұмыс беруші білікті маманды жұмысқа алуға мүдделі. Сондықтан да студенттеріміз оқи жүріп жұмыс істеуге ынтық, біз де бар жағдайды жасап отырмыз. Тәжірибе алмасып, студенттердің 70-80 пайызы жұмыспен қамтылу керек. Студенттер ғана емес, оқытушылар да өндіріс орындарынан, тіпті шетелдік оқу орындарында тәжірибе жинауға мүмкіндігі бар

Германияда дуалды білім беру бағдарла­ма­сының түлектері еңбек нарығының 54 пайызын құрайды. Яғни аталған жүйе бойынша білім алғандардың жартысынан көбі кәсіпкерлікке талпынады. Алған кәсіптік білімі мен тәжірибесі бойынша кәсіп ашып, өз бетінше тіршілік етуге әрекет жасайды. Бұл мәселеде заңнамалық реттеу, кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасап беру – мемле­кеттің жауапкершілігіндегі дүние. Ал Қазақстанда дуалды білім беру жүйесін қолдап, оны өз тәжірибесінде қолданған кәсіпорындарға қандай жеңіл­діктер қарастырылатыны заң жүзінде бекітілмеген. Дегенмен, кәсіптік білім алып, осы жолда еңбектеніп жүрген жастарымыз да баршылық.

Теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлау­да тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі – қазіргі дүниежүзілік тәжірибеде бар дүние. Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі бойынша оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды. Сондықтан да Германияның бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда дуалды оқытуға тікелей байланысты деп саналады. Швейцарияда оқушылық төрт жыл­дық бағдарлама үшінші жылдың өзінде-ақ табыс Яғни байқағанымыздай, дуалды оқытудың кәсіпкерлік пен экономикаға оң әсері бар екені анық. Мұны жоғарыда атап көрсеткеніміздей, әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

Дуалды оқыту жүйесі бар мемлекеттерде білім алушылар арзан жұмыс күшін асыра пайдаланудан қорғалған. Механизмдері де әртүрлі. Кішігірім кәсіпорындар үшін дуалды оқыту – талантты жастарды табудың сәтті мүмкіндігі. Сонымен қатар дуалды оқыту кезінде компания қызметкерлерді сертификаттарға сүйенбей шынайы режимде бағалайды. Бұл жұмыс берушіге қызметкерлерді қалтаға жүк түсіретін жұмысқа қабылдауда қателік жібермеуге мүмкіндік береді. Мұнымен қоса шағын және орта бизнесті дамытуға батыл қадам жасай алатын кәсіптік білім иегерлерінің кәсіпке келуіне мол мүмкіндік бар. Дуалды оқытудың да мақсаты осы – теория мен тәжірибені  ұштастырып, кәсіби мамандар даярлау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.07.2021
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12