400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ барысында, күнделікті өмірде жас ұрпақты экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу туралы тәжірибемен бөлісу. География сабағында экологиялық тақырыптарға байланысты тапсырмалар орындату арқылы ұландар бойында қоршаған ортаға деген оң көзқарас қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу

Нургалиева Кунсая Джамбуловна,

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» әскери колледжінің

география пәні мұғалімі,

Нұр-Сұлтан қаласы


Көшеде, демалыс орындарында, саяжай немесе кез-келген қоғамдық орындарда шашылып жатқан қоқыстарды көріп: «Адамдардың мәдениеті қандай төмен»- деп талай айтқан кездеріміз болды. Бұның арты әр адамның экологиялық мәдениеті мен сана-сезіміне барып тіреледі.

«Экологиялық мәдениет» дегеніміз не?-деген сұраққа жауап іздесек, уикипедия – ашық энциклопедиясында: «жалпыдүниежүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзаттың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады» деп берілген. Қысқаша айтатын болсақ әр адамның қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасы болуы керектігі айтылады. Қоршаған ортаны қорғау, тиімді пайдалану туралы ақпараттық құралдар мен теледидар беттерінде, сабақ барысында, тәрбие сағаттарында айтылып та, жазылыпта жүр. Дегенмен әлем елдері арасында экологиялық рейтинг шамасы бойынша еліміз артта деп айтуға болады. Экологиялық рейтинг қатарынан алдыңғы орын алып отырған елдер: Финляндия, Дания, Исландия, Швеция елдері. Аталған елдерде қоршаған ортаны қорғауға байланысты үкімет тарапынан жасалып жатқан іс- шаралармен қатар, халықтың экологиялық мәдениетінің өте жоғарылығын мойындау керек. Осы елдер қатарынан бүгін орын алмасақта, келешек ұрпақты экологиялық мәдениеттілікке күнбе-күн тәрбиелеу арқылы қол жеткізуге әбден болады.

Экологиялық мәдениет ол бір күнде қалыптасып, бір күнде іске асатын дүние емес. Сәби тәй – тәй жүре бастағаннан қалыптасатын іс деп айтуға болады. Әр ата- ана, қоғам, оқу орны біріге күш салса, еліміз ертең- ақ экологиялық мәдениетті адамдар қоғамына айналмақ.

Қаз-қаз басқан сәбидің экологиялық мәдениеті қалай басталмақ? Ата- ана бүлдіршінін жанына ерте жүріп үйінің маңымен, ауласымен, жақын маңдағы саябақпен, табиғатпен таныстырады. Орманды жерге, демалыс саябағына, өзен, көл маңына дем алуға барғанда бала ата- анасының істерін көреді, қадағалайды, қарайды, үйренеді. Орман аясына отбасымен дем алуға барған ата-ана тал шыбықты жұла салып от жақса, жүгіріп бара жатқан қоянды қуа жөнелсе, алып шыққан тағамдарын кез-келген орынға төге салса, бала қандай мәдениеттілікке үйренбек? Ертең-ақ осы кері істерді қайталамайтынына кім кепіл?

Сол себептен біздің жасы үлкен азаматтарымыз балаларына үлгі болып, экологиялық мәдениеттілікті жоғары ұстанса нұр үстіне нұр болар еді.

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» әскери колледжі ұландары бойында қоршаған ортаны сақтау, дұрыс пайдалану, экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру география пәнінің мақсатты бір бөлігі ретінде күнделікті сабақтарда қарастырылады.

Пән бойынша бағдарламада «Табиғатты пайдалану және Геоэкология» бөлімі берілген. Тәрбиеленушілердің табиғатты қорғау және экологиялық мәдениеттерін арттыру мақсатында тапсырмалар орындату арқылы экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеп, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімдерін арттыруға болады. 10- сынып тәрбиеленушілеріне «Географиялық сараптама әдістері» тақырыбында төмендегідей тапсырма берілді:

Мәтін(алынған көзі: https://elorda.info/newsqaz/21072020/104510/26392.html- )

Соңғы уақытта қазақстандықтардың Ақмола облысы, Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көліне жаппай баруына байланысты көл жағалауының тұрмыстық қоқыстарға толғаны, ондағы табиғи тұзды рұқсатсыз алып кету, келушілердің жерошақ жағуы және аймақта уақытша құрылыстардың көбеюі  жиілегені жайлы ақпарат беттерінде айтылып жатыр.

Көбейтұз көлі- Ақмола облысы, Ерейментау ауданының Өлеңті ауылдық округінің аумағында орналасқан. Теңіз деңгейінен 253 м биіктікте. Көлдің ауданы - 690 га, тереңдігі - 1,5 м.Көбейтұз жылына бірнеше рет қызғылт түске боялады. Судың қызғылт реңге боялуына негізінен тұзды теңіздерді мекендейтін біржасушалы дуналиелла сортаңды су балдыры әсер етеді деп саналады. Демек көлдің тұзды болуының арқасында бұл балдырлар пайда болған. Көлдің тұзының емдік қасиеті бар екендігі, адамдардың түрлі аурулардан емделуге шипа екені де айтылуда

ТАПСЫРМА:

  1. Сіз сарапшы ретінде Көбейтұз көлін сақтап қалу үшін, экологиялық апатқа жол бермеу үшін қандай ой (идея) ұсынар едіңіз

  2. Көбейтұз көлі аймағын туристік орынға айналдыру үшін өз сценарийіңізді ұсыныңыз

Осы тапсырманы орындау барысында тәрбиеленушілерді сын тұрғысынан ойлай білуге, өз шешімін ұсынуға, өз тәжірибесінен дәлелдемелер келтіруге және экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелейміз. Ұландар ғаламтор беттерінен іздену арқылы көлдің жағдайымен танысады, адамдардың көлге жасаған кері әрекеттерін біліп, жанашырлық білдіреді. Көбейтұз көлін сақтап қалу үшін ойларын айтып, өз сценарийлерін ұсынады. Осы тапсырмада барлық тәрбиеленушілер Көбейтұз көлін мемлекет тарапынан қорғауға алу керектігін ұсына отырып, экологиялық бекеттер орнату, жаңа технологиялар арқылы көл аумағын бақылауды күшейту, экологиялық полиция қызметін жандандыру, көлді толық зерттеп, қоршау жұмыстарын қолға алып, тұзын емдеу-сауықтыру мақсаттарына жұмсау керектігі жайлы ұтымды ойларымен бөлісті.

Қазіргі таңда қоқыс мәселесі аса өзекті мәселелер қатарынан орын алуда. «Тұрмыстық қалдықтар- пайда көзі», «Қалдықтар-ол кіріс» тақырыптарында берілген тапсырмаларды орындау барысында ұландар елімізде сұрыпталған қоқыстар мен қалдықтарды өткізетін арнайы экопункттер ашу , сұрыпталған қоқыстарды қайта өңдеу арқылы түрлі заттар жасап кәдеге жарату, шетелдер тәжірибесін қолдана отырып, елімізде пластиктерден аяқ киімдер, құрылыс материалдарын, тұрмыстық заттар жасап, бизнес көзіне айналдыру мәселесін алға тартқан. Әрине бағдарламаға сәйкес осы сынды тапсырмалар тәрбиеленушілердің табиғатқа деген дұрыс көзқарастарын қалыптастырып, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелейді.

Жалпы,тәрбиеленушілердің табиғатты қорғау мәселесін дұрыс түсініп, өз ойларын, ұсыныстарын айтып, жан –жақты талдау жасай білу, тұжырымдама жасап пікір енгізулері қуантады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында: "Демалыс орындарында жаппай, азаматтарымыздың мәдениеті жетіспейді. Отандастарымыздың бірегей "қызғылт" Көбейтұз көліне келтірген залалы наразылық тудырады. Осы жағымсыз фактілер өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеудегі проблемаларды айқындап берді. Білім, экология, ақпарат министрліктері бұл міндетті басым бағытта ұстануы керек",- деп жазған.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/62797/

Иә, экологиялық мәдениеттіліке тәрбиелеу ол күнбе күн жүргізілетін үрдіс болып қала бермек. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениеттілікті баланың бойына сіңіру ұстаздың, сонымен қатар қоғамның, әр ата-ананың, әр азаматтың басты міндеті болып қала бермек.




Қолданылған дереккөздер:

1.Экологиялық мәдениет- Уикипедия W kk.wikipedia.org

2. https://elorda.info/newsqaz/21072020/104510/26392.html-

3. https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/62797/












-

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі