400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Елімнің тағдыры менің тағдырым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». Ия, аталы айтылған дана сөздің қатпарында жатқан ұлылық , қаны қазақ, ұлты қазақ болған ұл мен қыз үшін болашақ ұрпақ үшін айтылған сөз болар! Мен Тоқанқызы Сәбира тағдыр соқпақтары арасында біраз қаракөз алаштың азаматтары сияқты Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінде өмірге келдім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елімнің тағдыры менің тағдырым!



«Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». Ия, аталы айтылған дана сөздің қатпарында жатқан ұлылық , қаны қазақ, ұлты қазақ болған ұл мен қыз үшін болашақ ұрпақ үшін айтылған сөз болар!

Мен Тоқанқызы Сәбира тағдыр соқпақтары арасында біраз қаракөз алаштың азаматтары сияқты Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінде өмірге келдім.

Сонау туған ел, туған жер тарихи «Отан» деп келген қысқасы « Қазағым, елім» деп келген әрбір ұрпақ, азаматқа мынау шексіз байтақ ұлы Қазақстанның құшағы кең, көңілі дарқан, берері мол дер едім. Басқа ұлттың тілін қабылдап, ортасында жүрсекте еш қандай уақытта өз ұлтымызды тарихи отанымызды жерімізді ес біліп етек жапқаннан тартып, есімізден шығарған емеспіз. Ата-анамыз сан тарихты санамызға сіңіріп,саналы етіп өсірді. Соның арқасында біз басымызды имедік, өз ұлтымыздың ұлылығын игердік. Отанға деген сағыныш, алып ұшқан арманшыл сезіммен өз тарихи отанымыз Қазақстанға келіп жеттік, деседе келіп түскен ортаға күманмен қараған, жүрегіміз сыздап ауырған қиналған сәттерімізде болды. Ия, көш жүре түзелер», сонау түбі текті, тегеуріні мықты батыр мен дананың ұрқы ғой! Ғасырға жуық басқа ұлт отарынан бөлініп егемендік ала салып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының саясатыынң арқасында қасиетті елімізге қайта оралдық. Міне, сол алып ұшқан арманшыл қиялмен келген бізге еліміздің берген көмегі көп болды. Алғаш шекарадан өтіп, сайын даланың сахарасын көргенде арманымыз одан әрі асқақ ұлы еді. Сол арманды өз елімізде жалғап, өмірдің түрлі белестерін бағындыра алдық. Оқуымызды бітіргенен кейін Елбасымыздың « дипломмен ауылға» бағдарламасы саясатымен ауылды орынға жұмыс істей келдік. Осы жақсы бастаманың арқасында өзіміздің жеке отбасымыз қалыптасып, өз тіршілігімзді жалғастырдық. Ата-анамызда бауыр еті баласын алысқа жібергенде алаңдаулы еді. Деседе «көзі ашық, көкірегі ояу» білімді ұрпағы ата-анамызды ендігі жерде басқа елге қалдырмай осы жаққа көшіріп алдық.Ия,өз еңбегімен өркендеймін деген адамға жұмыс көп.Сондай-ақ, Алыстан келген қандастарына есігін айқара ашып барымен бөліскен бауырмал жұртымызға біз өте ризамыз. Кең байтақ жерімен, желбіреген көк байрағымен бүкіл әлемге танымал болған Қазақстанның азаматы болу бізге үлкен мақтаныш! Милииард халықтың ішінен шыққан 1,5 милионға жуық қазақтың да әлемге танылып, туған жерге, елге сіңіріп отырған еңбектері де жоқ емес. Оған Елбасымыз да өзінің бағасын берді. Ешкімді шет қалдырған жоқ. Бұл жердегі қырғын соғыс пен қуғыншылықты көрген ата-бабамыз жүйеден Қытай еліндеде аяушылық көрген жоқ. Елім деп еңіреген ерлер қазақ ұлтының қалыптасуына, құрылуына қарай жұмыс жасады. Сан боздақ батыр ел үшін құрбан болды.Соның текті санасын бізге сіңіріп өлмеген қазақтың ұрпағы басқа елде де өмір сүруіне тура келді. Әрине ұлт үлгісінсақтамаса, ата тарихын жаттамаса, дінін, тілін жақтамаса өрелі елдің өскелең ұрпағы бола аламызба? Бұл сұраққа жауап берер мынау ортанғы буын бізбен келешек жастар. Біз өз отанымызды сүйеміз. Еліміз бар жерде, егемендігіміз бар елде біз ешкімнен кем емес еңбегімізді сіңіруге дайынбыз. Бұл тек менің ғана сөзім емес елім деген, жерім деген әрбір оралман бауырлардың ізгі тілегі, нағыз шынайы жүрегінен шыққан сөзі . Әрине, кез келген уақытта сындарлы сәтке қарсы тұрар, ел намысын қорғар, абыройлы сәттеріміз мол болсын! Елбасымыз аман, жеріміз тыныш, бейбіт жаһанданған дәуірде өмір сүрейік!

















Тоқан Сәбира

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
2140
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі