Әнеш Арайлым
Болсбекқызы
Жетекшісі: қазақ әдебиеті кафедрасының
доценті ф.ғ.к
Сабырбаева
Р.Қ
Ғ.Мүсірепов шығармаларын
мектепте оқыту әдістемесі
Еліміздің ірі қоғам
қайраткері, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі –
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Жазушының шығармашылық жолы өте бай,
туындылары әдебиет тектерін толық қамтыған. Қай туындысын алсақ та
Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік ерекшелігін қыр-сырынан тани аламыз. Ол
қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен
академик-классик жазушы. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық,
публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының
мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны
үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп
біледі, құрмет тұтады.
Халықтың рухани байлығы –
көркем әдебиетті жасайтын тек табиғи ұлы дарындар екені шындық.
Қазақ халқының ХХ ғасырдағы өскен әдебиетін бүкіл әлемге танытқан
да сол алып дарындар. Туған елінің ХХ ғасырдағы көркем әдебиетін
кереметтей талай – талай шығармаларымен байытып, абыройын
биіктеткен алыптар тобының қатарында Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов те
бар еді.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов –
ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға. Оның әйгілі әңгіме, пъеса,
романдары ел өмірінің ең бір елеулі кезеңдерін – дала азаматының
рухани өзгерісін, қилы – қилы қия белін бейнелейді. Көр үнді, көп
дауысты мұрасын зерделесеңіз, үлкен қаламгерді ерліктің жыршысы деп
бағалар едіңіз. Көз алдыңыздан ылғи бір көтеріңкі рухты – ерлігі
де, елдігі де берік жайсаң жандар тасқыны өтіп жатады. Ғабең – таза
сезімді, азаматтықты жырлап өткен ақын жанды қалам
иесі.
Ғ.Мүсіреповтің Отан қорғау,
ерлікке, табандылыққа, адамгершілік қасиеттеріне, елге деген
сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, адалдыққа тәрбиелейтін
туындысының бірі – «Қазақ солдаты романы».
Романның басты ерекшелігі – ең
әуелі бірінші жақта жазылуында. Барлық оқиғалар бас қаһарман
Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. Баяндаудың бұл
тәсілі кейіпкерлердің портретін «ішкі жағынан» көрсетіп жасауда
ұтымдылық танытқан. Лирикалық шегіністер, толқынды толғаныстар адам
жанын жан-жақты ашып көрсетуге таптырмас табыстарға жетелеген.
Романның басындағы он жасар бала мен соңындағы өмірдің не бір қия
соқпақтарынан өткен сақа жігіттің өмірге деген көзқарастарындағы
жер мен көктей айырма даму үстінде шебер көрсетілген. Романды
ажарландырып тұрған тағы бір өрнек – Ғ. Мүсіреповтің
шығармашылығына тән жеңіл әзіл мен ащы мысқыл. Юмор мен сатира жау
жақтың іс-әрекеттерін бейнелегенде жиі қолданылған. «Қазақ солдаты»
романында соғыс шындығы реалистік шыншылдықпен
бейнеленген.
Жоғарыда аталып өткен
шығармалардың барлығы дерлік мектепте оқытылады. Әсіресе
тереңдетіліп оқытылатыны «Ананың анасы» шығармасы. «Ұлпан» романы
қосымша ретінде оқытылады. Әңгімелеріне қысқаша шолу жасалып
кетеді. «Ананың анасы» шығармасын оқытуда ең алдымен тақырыбын ашу
керек. Одан кейін идеясына үңілеміз. Оқушыларға топтық жұмыс арқылы
кейіпкерлерін анықтауға болады. Әр баладан өзіне ұнаған
кейіпкерлерін сұрауға немесе «ол саған қалай әсер етті?» деген
секілді сұрақтар қою арқылы шығарманың кейіпкерлерін талдауға
болады. Мектеп бағдарламасына енгізілген келесі шығармасы «Қазақ
солдатынан» үзінді. Бұл шығарманы толықтай оқыту балаларға ауыр
болғандықтан, бір бөлімі ғана оқытылады. Соғыс тақырыбындағы
шығарма оқушыларды қызықтырады. Тарихтағы соғыс пен әдебиеттегі
соғыс екі бөлек дүние екеніне көзіңіз осы шығарма арқылы жетеді.
Мектепте оқыту барысында баланы жалықтырмас үшін интеллектуалдық
ойындар арқылы түсіндіру керек. Жаңа технологиялар қолдану қажет.
Мысалы, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлау және т.б. мен өз іс –
тәжірибемде Ғабит Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесін» өткізу
барысында жаңа технологиялар қолдандым. Ең алдымен оқушыларды
геометриялық қиындылар арқылы топқа бөлдім. Оқушыларға өз бетімен
оқыту әдісін қолдандым. Оқушылар үйден оқып келген мәліметтерді
кластер арқылы бірі – біріне түсіндірді. Осы жерде мен «Джигсо
әдісін» тиімді пайдалана білдім. осы әдіс мен үшін тиімді болды деп
айта аламын. Тек шығарма оқумен ғана шектелмей сын тұрғысынан да
ойлауға машықтана бастады. Сабақ соңында рефлексия пайдаландым.
Себебі сабақты қаншалықты меңгергенін білу
үшін.
Ғ.Мүсіреповтың проза,
драматургия, аударма саласында сіңірген еңбегімен қатар, қазақ
әдебиеттану ғылымы мен сынына қосқан үлесі де елеулі. Сонау
жиырмасыншы жылдардан бастап өмірінің соңына дейін қазақ
әдебиетінің даму процесінің көкейкесті проблемалары жайында
үздіксіз пікір айтқан аға жазушылардың бірі Ғабит Мүсірепов болды.
Қаламгер әңгімелерін мазмұны мен пішіні, тақырыбы мен идеясы,
сюжеті мен композициясы, көркемділік ерекшелігі, тілі мен стилі,
жанрлық ерекшелігі, образдар жүйесін жан жақты түрлі тәсілдермен
талдаулар арқылы шығармаларының мән-мағынасын терең де толық қамти
аламыз. Жазушының ана тақырыбына жазған әңгімелерінде ананы
ардақтау, оның ұлылығы алдында бас ию басым болып келеді. Жазушы
суреттеген әйелдер өз балаларының ғана емес, жалпы адамзаттың асыл
анасы ретінде асқақ ардақталады. Өйткені, ол – адамға өмір
сыйлаушы, қоғамдық өмірдің тірегі, қайнар көзіндей мәңгілік
махаббаттың иесі. Жазушының ана әңгімелері оқырмандарын
адамгершілікке үндейді, үлкенді сыйлауға, адамға мейірбан болуға
тәрбиелейтін танымдық-тәлімдік, тәрбиелік маңызы жоғары
туындылар.
Ғабит Мүсірепов шығармаларын
оқыту мектепте әдебиетті оқыту принциптерімен тығыз байланысты.
Ғабит шығармалары сөз өнерінің биік үлгісі ретінде әдебиетті
оқытудың мақсат-мүддесіне толық жауап береді. Мектепте оқытылатын
пәндер қатарында әдебиеттің де пән ретіндегі оқытылу мақсаты
оқушының білім алуына, білік дағдысын, таным, түсінігін
қалыптастыруға, тәрбиелуге бағытталады. Әдебиет басқа оқу пәндері
сияқты осы мақсат, міндеттерді арқалай отырып, басқа қырларымен де
ерекшеленеді. Ол – әдебиеттің қоғамдық сана тудырған көркем өнердің
бір саласы ретіндегі айырмашылығы. Әдебиет – адамтану, әлемтану
ғылымы.
Қорыта айтқанда, Ғабит
Мүсірепов - үлкен прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы -
ғалым ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңін бейнелеген
шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі болып табылады.Ол
ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың адал азаматы, қадірмен ұлы,
шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі
халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл бұйымына
айналды.