жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала "Ғалымның хаты өлмейді"
Ғалымның хаты өлмейді.
Ақын Тәшен Исаұлы атамыз шамамен1869 жылдарда туған болып есептеледі.Мұның себебі,Хасен атамның айтуына қарағанда 1932 жылдарда 63 жасында осы Балқаш қаласының Қарамұрын деген жерінде әжемнің қолында дүниеден өткен екен.Бұл үйде өмірден өтуінің себебі:жалғыз ұлы Қайырқұл қызмет бабымен кетіп,қызы Баян тұрмыс құрып,одан кейін бәйбішесі дүниеден өтіп,30 шы жылдары келіні,яғни Хасен атамның анасы Жәмила анамыздың қолында Қарашоқыда қыстауда болған.
Ақын атамыздың ұлы Қайырқұл ескіше,кейінде үкіметше сауаттанған,ақын болған.
Ел ішін ашаршылық жайлаған шақта,елге ілесіп,осы Балқаш қаласына көшіп келіп,Қарамұрында жер үй қазып алып,қоныстанған. Сол жерде руы Әлтеке-Жарас Жүніс деген кісімен портта жүк түсіруші болып жалданып, жұмыс істеген екен. Жүніс ағайдың атамызды қасына ертіп жүріп,көмегін аямағанын,өте ақкөңіл,бауырмал,балуан денелі,ширақ адам екенін және атамызды өмірге баулыған жақсы азамат болғанын атамыздың әңгімесінен естідік.
Атамыздың толық өмірбаянын білмеймін,тек әкемнің жазбаларынан жинақтап алып отырмын.
Атамыз суырып салма ақын,сері кісі болған.Ескіше өте сауатты жазып,орнымен сөз айта білген.Үнемі дәретпен жүріп,намаз оқыған адам болған. Қазақтың шежіресі-өзінің жазған жыр-дастандары,өлеңдері көп болған.Бертін келгенше бәрі сақтаулы болған екен.Әттең дүние, 1972 жылы Хасен атамның үй-мүлкі өртеніп,сақтап жүрген мұрағаты түгелдей жанып кетіпті.
Тәшен атамыз туралы марқұм Хасен атам айтып,оны әкем жазып алып жүрген екен.
Атамыздың Райымқұлға айтқан көңілі туралы
Иса ауылының жылқысын Қуандықтың ұрысы Жүкеншағыр деген басшысы бар 30 шамалы адам келіп, айдап әкетіпті.Осының ішінде атамыздың бәйгеден келіп жүрген «Кержорға» деген аты қоса кеткен екен.Іздеу салып,бармаған жері,баспаған тауы қалмаған.Осындай бір сергелдең кезде,Кәрсонның бай-болысы Боранқұлға кезігіп,сол ауылға қона жатып,мән-жайды түсіндіріп арыз еткен.Атамыз Кержорғаны және басқа ұрланған жылқылар туралы өлең етіп айтқан екен.Осыған риза болған Боранқұл: «биыл күз айында жесір дауын шешуге ояз келеді,соған келіңіз,ұрыңызды ұстатып,малыңызды түгел қайтарып бергіземіз»,- деген екен.
Бұл аралық съезд қазіргі Теміртау қаласының жанындағы өзен бойында өтеді екен.Міне,осы съездге атамыз қасында Молдағабыл,Сәлімбайдың Баспағы бар тағы оншақты адам барған. Сол жерде атамызды Боранқұл қарсы алып,өз үйіне түсірген.
Ертеңіне оязға атамызды алып кірген.Кержорға атты майын тамыза жырлағанда ояз басын шайқаған екен.
Боранқұлдың күшімен 40 жылқы ұрысымен келген.Ал,Кержорғаның тақымына қыл бұрау салғанда әрең айтып,ертеңіне алғызған.Атамыз күміс ертоқымымен ерттеп: «атты мен алдым,сен әпердің, ендігі Кержорғаның иесі сен»,- деп Боранқұлға берген.Қалың елдің көзінше Боранқұл атқа мініп,айнала жорғалатып көріп: «айтса жануар айтқандай екен,қалай жырласаң да аруақ шақырып тұратын мал екен»,- деп, «Тәшеке, сіз бердіңіз мен алдым, тақымыңа жасыңнан басқан төл атыңыз ғой, сыйыңызға рахмет,өзіңіз мініңіз, тек ел ішінде менің атым қаларлық бір өлең сыйлаңыз»,- деген екен. «Құп болады деп» қол алысып,малын айдап,атамыз елге қайтқан.
Осы аралық съезден қайтқан жолда Боранқұл ауырып,үйіне жетпей дүниеден өткен.Бұл кісінің қазасын біздің ел кеш естіген.Келер жылы ел ұйымдасып,азаға көп адам арнайы жолымен асқа барған.Боранқұлға берген уәдесі бойынша елге көңіл ретінде арнау-көңіл айтқан. Сол арнауы күні бүгінге дейін ел аузында сақталған.
Боранқұлдың інісі Райымқұлға айтқан көңілі
Е,шырағым,Райжан,
Не іс болса,Құдайдан.
Патша болған таждар да өткен,
Билік құрған қазылар да өткен.
Жарлық қылған хандар да өткен.
Нарлық қылған Қамбар да өткен,
Шарапатты шерлер де өткен,
Мағанатты пірлер де өткен.
Жердің жүзін сайран еткен,
Сайыпқыран серілер де өткен.
Еңіреген зарлы да өткен,
Жақсыменен арлы да өткен.
Алды-арты жоқ жалғыз да өткен,
Он екі айда байғыз да өткен.
Ел сүйсінген туысына,
Жақсы сыйған уысына,
Естіген жан риза болған,
Жұртқа істеген жұмысына.
Қан базарда қатарынан асқан,
Нұр сипаты тасқан.
Орыс,қазақ сөйлесе,
Таразысы басқан.
Абылайдай атты болған,
Әр жұмысы сәтті болған.
Дұшпанына қатты болған,
Достарына тәтті болған.
Дүниеге мырза болған,
Дос-дұшпаны риза болған.
Берсе қолы ашық,
Алса жолы ашық.
Жақсылармен жанасып,
Нашарларға қарасып,
Жоқ-жітікке дем берген,
Ақыл-қайрат тең келген,
Алтын менен күмістей,
Қалайыға өң берген.
Қап тауындай жуанның,
Қайырып мойнын өңгерген.
Үш жүзден алым алған,
Өз еркімен салық салған.
Қойдай ықтырған,
Қояндай бұқтырған.
Жалындай шарпытқан,
Кигіздей қарпытқан.
Ебін тауып енші алған,
Алтай менен Қарпықтан.
Қорыққанға қорған болған,
Қашағанға қазық болған.
Өнерге озық болған,
Адымы алыс болған.
Азуы алты қарыс болған.
Үш жүздің баласына,
Өнерімен таныс болған.
Бетінен қайтпаған,
Ешкім кейін тұр деп айтпаған.
Заманында құрбысынан ешкім артпаған,
Еш нәрседен аттың басын тартпаған.
Екі жүзді наркескен,
Келер жауға сақтаған.
Нөкер жиып қасына,
Қауіпті күнге топтаған.
Сені ме деп келсе де,
Ешкім тіпті батпаған.
Сыналар күн болғанда,
Айлық жолды аттаған.
Әйнек кескен ақ болат,
Қын түбінде жатпаған.
Қанды қалпақ кисе де,
Дұшпанға досын сатпаған.
Дәлел сөзге бағынған,
Айтқан жерден табылған.
Досы келсе би тұтып,
Оған сірә шабылған.
Дұшпанға жауар бұлттай,
Сыр есігі жабылған.
Жақсыларға жар болған,
Не сұраса бар болған.
Қайырлы болсын кеткен ер,
Мұратына жеткен ер.
Қара жерден басқадан,
Қауіп етпей өткен ер.
Тарқатты базар арманын,
Пазылы көп Алланың,
Елу екі жасында ,
Жатты тұтып парманын.
Өткен сұлтандарыңыздың,
Бақи жолы ізку болсын.Аллаһу акпар!
***
1 жастан 100 жасқа дейін
Анаңыздың несі кем,
Айдын-шалқар бұлақтан.
Атаңыздың несі кем,
Көлдегі сая құрақтан.
Әуелі жаттың жөргекте,
Шырылдап дауыс бөтен боп.
Мың айналып,толғанып,
Анамыз жүрді өбектеп.
Беске келдік бала боп,
Көңіл жүрді дала боп.
Ақыл менен екеуі,
Үйлесе алмай ала боп.
Бестен онға келгенде,
Жүрдек болдық лақтан.
Бірді көзбен көргенде,
Бірді естідік құлақтан.
Он бес жасқа келгенде,
Жүйрік болдық сынаптан.
Тапсырманы орындап,
Талай өттік сынақтан.
Жиырма жасқа келгенде,
Жиын-тойдан қалмадық.
Арман,қиял арасын,
Ән-күйменен жалғадық.
Ал жиырма бес жасыңда,
Кірдік қайрат,ашуға,
Көріктіге көз салдық,
Көңілдің лебін басуға.
Құрық салдық асауға,
Қызықты ғұмыр жасауға.
Қарсы келген ісіңді,
Қайратпенен қашауға.
Мұнан кейін тағы да,
Отыз келді ой тартып.
Ұят пенен екеуі
Бұрынғыдай бой тартып.
Ақыл,ұят,әдеппен,
Үшеуіне тойтартып.
Отыз айтар тағы да,
Өзіңді-өзің барла деп.
Талап қыл да,атқа мін,
Бір тәуекел АЛЛА деп.
Жақсылықтан жалтарма,
Арамдыққа барма деп.
Жатып алма байқамай,
Ұмтыл базар тарқамай.
Осы қызық өмірдің,
Бұйырғанынан қалмағай.
Мұнан кейін тағы да,
Қырық келді қырымнан.
Қиындау ма,япырау,
Мұның өзі бұрыннан!?
Толық хабар бер дейді,
Ішкі ойлаған сырыңнан.
Ақыл,ұят,әдеппен,
Ғұмырды өткіз дәретпен.
Бұдан кейін тағы да,
Қырыққа елу тақалды.
Көрдің бе деп айтады,
Аузыңдағы сақалды.
Ере берсең артынан,
Қайда өзіңді апарды?
Елу айтар тағы да,
Келіп шықтың белге енді,
Береке ойла,елге енді.
Тілімді алсаң қой дейді,
Бұрынғы шауып,желгенді.
Елу айтар тағы да,
Ақылменен толға деп.
Бекер надан болма деп.
Адассаң да,аптықсаң да,
Бір түсерсің жолға деп.
Елу деген орта жас,
Кәрілік,жастық тайталас.
Екі жақ боп күрессе,
Шешімін ешкім айта алмас.
Өмірдің ағып өтерін,
Кейбір адам байқамас.
Тағы да бар алпыс жас,
Алпыс саған қарным аш.
Қырмызыдай жылтылдап,
Қылаң тартар қара шаш.
Кәріп көңіл болады,
Күннен-күнге пәстен-пәс.
Келе жатып естимін,
Алпыс жатыр алдымда.
Өзім сырын білмеймін.
Сендер оған бардың ба?
Кіргеннен соң ішіне,
Мініп алып күшіне.
Көрсете алмас қызығын,
Құдай қосқан жардың да.
Алпыс айтар тағы да,
Жетпіс менің ағам деп.
Мен оңай ма саған деп.
Тура тартып бастаймын,
Ауылды өзім табам деп.
Егер келсең жетпіске,
Азынап тұрған үйі бар,
Әлсіз ғана күйі бар.
Әр жерінен ұстайтын,
Кәрілік деген сыйы бар.
Мұнан өтсең барарсың,
Ар жағында сексенге.
Болдырып барып жатарсың,
Ат шалдырып тепсеңге.
Егінің шықпас ексең де,
Қос қолаңды жексең де.
Онан әрі естимін,
Тоқсан деген бабаң бар,
Барып,бармай немене,
Әйтеуір бір заман бар.
Жаннан басқа кеудеңде,
Неменеге шамаң бар.
Онан әрі өтпек жоқ,
Сірә жүзге жетпек жоқ.
Ілінсең де сол жүзге,
Одан асып өтпек жоқ.
Қара сақал ағарды,
Қайран көңіл қамалды.
Қайтқалы тұрған қайратқа,
Қайғы келіп жамалды.
Аш көзіңді тырмалай,
Борасын тұр сырмалай.
Кетіріп тұр сиқымды,
Алды-артыңды құрмалай.
Бет-бетімен алады,
Кез келгенді жұлмалай.
Бойыңдағы қуатты,
Кәрілікке алғыздың.
Жүзіңдегі шуақты,
Өткен күнге қалғыздың.
Басқа шара,дәрмен жоқ,
Өзіне сыйын ЖАЛҒЫЗДЫҢ!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген