жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала "География пәнін оқытуда латын әліпбиін енгізу амалдары"
География пәнін оқытуда латын әліпбиін енгізу амалдары
Сабиханова Асель Каирбековна, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымдарының магистрі
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер — тарихи объективті процестер. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат — білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» бағдарламалық мақсатта: «сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» делінген [1]. Яғни бұл бағдарламалық мақсат білім берудің басты философиясының бірі болмақ. Осы бағдарламалық мақсатты жүзеге асыруда біздің алдымызда тұрған міндеттің бірі – бәсекеге қабілеттілікті қажет ететін жаһанданумен қатар қоғамдық өзгерістерге бейім болу, өзгерістерді қабылдай алу және ол үшін әрбір педагог, әрбір пән мұғалімі өмір бойы білім алу мен өзін-өзі жетілдіру қағидатымен атсалысуы тиіс. Осы орайда қоғамда болып жатқан аса өзекті өзгерістің бірі латын әліпбиіне көшу болып отыр.
Латын әліпбинің ең алғашқы жобасы 2017 жылы 26 қазанда қабылданған болатын. Екінші рет 2017 жылы 11 қарашада өзгеріс енгізілді. Алдыңғысы диграфты әліпби болып, онда 42 таңбадан құралған 25 әріптік негізде жасалған болатын. Екінші рет апострофты әліпби нұсқасына өзгертті. Соңғы нұсқада диграф та, апостроф та бар. Осы ұлттық жобаны жүзеге асыруда ұлттық комиссия құрылып, ұлттық комиссия қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін төрт арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдан болатын.
Біріншісі – орфографиялық (қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде орфография мен орфоэпия ережелерін дайындау үшін).
Екіншісі – әдістемелік (латын әліпбиін үйрету және оқыту әдістемесін жасап, оны білім беру жүйесіне біртіндеп енгізу үшін).
Үшіншісі – терминжасам (латын графикасының негізінде қазақ тілінің терминологиялық базасын жүйелеу үшін).
Төртіншісі – сараптамалық-техникалық (латын графикасын ІТ-технология талаптарына сәйкес келтіру үшін).
Жұмыс топтарына әр саланың кәсіби мамандарының тартылатыны хабарланған болатын. [2].
Осы тұста білім беру саласын педагогтерінің әсіресе пән мұғалімдерінің үшінші жұмыс тобында өз пәнінен белсенділік танытып жүзеге асуына ықпал еткені тиімді әрекет деп есептеймін. Мысалы география пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспардағы үш тіл бойынша терминдерді айту, жазу мақсаттарын қазірден бастап латын әліпбиінде жазуға негіз бен мүмкіндік болуда. Себебі, «География» - табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән. Ол табиғи және антропогендік нысандарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән. Бұл пән оқушыларды түрлі географиялық жағдайларда адамдардың өмір сүру деңгейі, шаруашылықтың жүргізілуі жайлы деректермен таныстыра отырып, адамзаттың өмір сүру ортасын кешенді қарастырады және дүниені нақты заңдар бойынша қалыптасып, дамитын аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелер түрінде қабылдауды қалыптастырады. Географиялық білім жергілікті және ғаламдық деңгейлерді қамтитын көптеген геосаяси, саяси, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипатқа ие проблемалардың шешімін, географиялық заңдылықтарды түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ қоғамның аумақтық бөлінісін ұйымдастырудың және табиғатты пайдаланудың тиімді жолдарын дәлелдеуге, қоғамның қауіпсіз даму стратегияларының негізін жасауға, белгілі бір уақыт пен кеңістікте қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану және сақтау проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Пәнді оқытудың мақсаты: дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдай білетін, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу үшін оқушылардың білік пен дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады. [3].
«География» пәні бойынша оқу бағдарламасында келесі мақсаттарға қол жеткізуде латын әліпбиін қалай кіріктіруге болады?:
9.3.1.3 қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады;
9.3.3.2 қазақ гидронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады;
9.3.4.4 тақырыпқа қатысты қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады;
9.3.5.2 қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады;
9.4.1.9 Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады;
9.6.1.4 Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады. [4]. Аталған оқу мақсаттарындағы үш тілде ұсынуы қолжетімді және тиімді болуда кесте түріндегі толтыру тапсырмасын орындатуға болады. 1-нұсқасы:
-
Хоронимдердің (ороним, гидроним т.б.) атауы
Латынша жазылуы
Орысша жазылуы
Ағылшынша жазылуы
2-нұсқасы:
-
Нысан
Этимологиясы
Qaz
рус
eng
Осы тұста жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі саралап оқытудың ресурстық саралау тапсырмасы арқылы яғни қосымша ресурстар: латын әліпби үлгісі, ағылшын/орыс тілдеріндегі сөздікті қолдану арқылы толық жетуге болады. Бұл мақсаттар 9 сынып географиясы яғни Қазақстан географиясы болғандықтан осы тапсырмада тек оқу мақсатына жетіп қоймай Мәңгілік Ел бағдарламасы аясындағы ұлтжандылық, елге, жерге деген патриоттық сезімді ұялатуға әбден қол жеткізуге болады, қатесіз дұрыс жазуға дағдыландыру арқылы фонограмма, идеограмманы (тілдік таңба), графемиканы дұрыс қоюды ақырындап үйренеді. Қазақ ороним (жер үсті қабатындағы нысандарының: тау, қырат, шың атаулары), ойконим (елді мекен атауы), гидроним (су нысандарының атауы), хоронимдерді (кез келген территория, аймақ, облыс, аудан атауы) латын әліпбиінде толтыру, латын әліпбиіне оқу арқылы 9-сынып оқушыларында (жоғары сынып оқушылары) географиялық мәдениеті бар тұлға қалыптастыра аламыз.
География сабағын оқытуда оқушыға ең бірінші картамен жұмыс жасай білуіне үлкен мән берілуі керек. Өйткені, оқушының пәнге деген қызығушылығын, географиялық ұғымдарды терең меңгеруіне жол ашу үшін осы бастапқы курста географиялық білім беруде картамен жұмыс жасауына баса назар аударуды қажет етеді.
Бұл мақсатқа жету оқушыны тек білім көзімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге картамен жұмыс жасай білуін практика жүзінде іске асыру.
Географиялық карталардың атқаратын рөлі:
1. Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес.
2. Карта — саяхат, жорықтарда көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады.
3. Карта — географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы.
4. Карта — географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және байланысын анықтайды. Яғни, карта 7 географияның тілі. [5].
Карта оқушының ойы мен көзқарасын ары қарай дамытып жетілдіретін көмекші құрал, сабақта картамен жұмыс жасаудың төмендегі негізгі мақсаттары бойынша жетуге болады:
9.2.1.1 маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды;
9.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді;
9.3.1.5 Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды. [4]. Бұл жерде әр оқушыда географиялық академиялық тіл дұрыс қалыптасуда латын әліпбиінің маңыздылығы ерекше, себебі картадағы кез-келген объектілердің өзіндік атаулары, сондай-ақ минералдардың химиялық атаулары мен олардың әлем картасында таралуындағы кен орындар атаулары барлығы ұлттық орфографияға сай келмей аталуды, бұлардың барлығы дерлік кірме сөздерге жатады. Сондықтан география пәнінің басты пәндік мақсатының бірі – әр оқушы географиялық академиялық тілде сөйлей алуында орфографиялық принципті ұстану қажеттілігі туындайды.
Осы жайлы Үмітхан Мұңалбаева, ұлттық кітапхана директоры: "Әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін жасалған игі қадамдардың бірі деп санаймыз. Ұлт тағдырына қатысты мемлекеттік саяси науқан деп білеміз, - дегендей, әр Қазақстан азаматы өз мамандығының майталманы ретінде игі қадамдарды бастау, науқанға қатысу парыз деп санай отырып, пәндік интеграциянынң жаңашылдығын бастауға көшуде өзіндік әдістерін қарастырып, жетілдіріп, тарату қажет!
Әдебиеттер тізімі:
http://adilet.zan.kz, ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
https://informburo.kz/kaz/latyn-lpbi-boyynsha-zhaa-nsa-rp-basyna-belgsn-oyudy-oay-tslder.html
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген