400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала Географияны оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі

Козгамбаева Лаззат Болатовна

Тақырыбы: Географияны оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер.

Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы  және инновациялық технологияларды  меңгерту.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан  жылға күрделі және өзекті  мәселеге  айналуда.Оқыту барысында  озық,тиімді технологиялар тәжірибеге  енгізілуде.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады », -деген болатын. Ал қазақтың заңгер  жазушысы М ұхтар  Әуезов  былай деген екен «Халық  пен халықты теңеретін-білім» деп  айтқандай,білім  бәсекесіне бейім  шәкірт  тәрбиелеу-біздің  мақсатымыз.Сондықтанда  жаңа жаңалықтардан  қалмай жаңалық  жаршысы болуымыз керек. Бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің  ізденісі,жаңа тәжірибе ,жаңа технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.
    Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді..Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

Сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. 
    Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.
Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  Сындарлы оқыту негіздері, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)  бағдарламасының  қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

1.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңыз өте зор. Мұғалімдер,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың  оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.

Диалог  бойынша оқыту

Тапсырманы орындауда  

сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді .

Зерттеушілік әңгіме барысында бір- бірінің идеяларын талқылайды,баға  береді,бірлескен түсінік  қалыптасады.

Өз идеясын ортаға салып , басқалардың пікірін тыңдайтын   болады.

Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын  болады.

Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде  орындай  алады .

Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады.



2. INSERT әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқып, төмендегәдей сызба бойынша ашық жолдарда белгі өойып отырыңыз.

V- бұл маған белгілі.

+ бұл мен үшін жаңа, мен ол туралы тұнғыш реттеп оқып отырмын.

? -мен бұл жерде не айтылғанын түсінбедім

! -бұл өте қызықты,ол туралы әріптестеріммен әңгімелесуім керек. Мазмұнды қарау оқушылардың мәтінге көз жүгіртіп шығуларынын сұраңыз.Содан кейін оларсынып бойынша қарастырылған бөлімнің негізгі идеясы қандай, олар нені белгілегендерін айтсын. Олар мәтіндегі негізгі кілт деп есептейтін сөзден бастауларына да болады.

Тапсырманың түрлері

Интерактивті әдістемеде,сабақ өткізудің басқа әдістемесіндегідей топта қарым-қатынас жасауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін көптеген тәсілдер бар.Мұндай әдіс-тәсілдерді келесідегідей жіктеуге болады.

Ұқсастығы, Ранжирлеу, Сәйкестіктерді іздестіру, Рейтинг, Жіктеу, Қайталау, Дұрыс-дұрыс емес, Артықшылықтары мен кемшіліктері, Сіз қалай ойлайсыз, Рольдік ойын ,Миға шабуыл, Пікір сайыстар. Көптеген жаттығулардың бірден көп типке жатқызылуы мүмкін екендігіне назар аудару керек. Мұнымен қоса интерактивті бола алатын тапсырмалардың көптеген басқа түрлері бар,барлығы мұғалімнің шығармашылығына байланысты.

Ұқсастық пен айырмашылық

Мысалы тапсырма: Біз кімбіз? Жұппен немесе топпен жұмыс жасай отырып кесте толтыру.

Сипатының категориясы

жапония

Қазақстан

Басқа мемлекет

Орналасқан жері




Негізгі тарихи оқиғалары




Қатынас тілі




Мемлекеттің формасы




Жердің сипаты




Тағамы




Климаты




Сәйкестіктерді іздестіру.

Бұл тапсырманы орындағанда оқушылардан сөздің немесе сөз тіркестерінің сәйкестігін анықтау талап етіледі, оның үстіне бүл тапсырманы оқушыларға қиын мәтінмен жұмысты бастардың алдында беру ұсынылады. Бұл түсінік қабілетін бекіту үшін жақсы тапсырма.

Мысалы ;Тапсырма Сәйкестікті іздеу.

Мемлекеттер

Астанасы

Италия,

Үндістан

Германия

Австралия

Канберра

Рим

Берлин

Делли



Сын  тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір -түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен  еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын  басшылыққа   алады. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Қорытындылай келе, біз әр сабағымызда әдіс- тәсілдерді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.



Пайдаланылған әдебиеттер:
 1 .Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей
2.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Алматы -2014ж

3.Жаңаша білім берудің ерекшеліктері. Алматы -2013





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі