Грек- Рим
күресінен
дарынды
оқушылармен жүргізілген
жұмыс есебі
“...
Бізге керегі шын дарындар.
Нарық қол-аяғымызды қалай
қыспасын,
мемлекет өзінің талантты ұлдары
мен
қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін
жасайтын
тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”
Н.Ә.Назарбаев.
Мақсаты: Оқушының қабілетін
анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрде тапсырмалар
беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім
алудағы негізгі талаптарды жүзеге
асыру.
Жүргізілген жұмыс түрі:
Дарын – бұл табиғаттың берген
сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі
қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды
оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде
шыңдалады.Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы
дарынды оқушыларды анықтау және жас ақындармен жұмыс жоспарланған
болатын.
Қыркүйек айында оқушылардың
спорттық қабілетін анықтап, арқылы дарынды оқушыны анықтадым.
Бисенбай Сержан Республикалық Грек- Рим күресінен 1- орын, Ергазин
Әділет 2- орын, Тұрғынбеков Нұрәділ 3- орын . Мектепішілік
іс-шараларға белсене қатысып, өзінің дарындылығын көрсетіп жүр.
Күрделі спортты ойындар беріледі. Жеңіл сжаттығуларды жиі ұсынып
тұрамын. Әрдайындықта оқушылардың дене жаттығуына жағдай
жасалады. Күреске деген
белсенділігін дамытып, арттыру. Адамгершілікке, жақсы қасиетерді
бойына сіңіріп өсуіне ықпал жасау.Күрделі жұмыстарға
шығармашылықпен бара алады. Қиын тапсырмаларды сүйсіне орындайды,
проблеманы тереңінен қарауға ұмтылысы бар. Мәселені шешуде тез жол
таба алады. Барлық пәнді
сүйсіне оқи алады. Көшбасшылық қабілеті жоғары. Өте сезімтал. Үнемі
алда болғанды ұнатады. Бірақ өзімшіл емес. Кемшілікті тез байқай
алады және оны бетке айта алады. Позитивті ойлары жоғары. Сыныпта
сенімі күшті оқушы. Айналаға сыни көзқараспен қарай алатын, өзіндік
баға беру қабілеті бар. Сержаннан бөлек көптеген оқушылардың да І
жартыжылдықта басқа, жақсы қырларынан танылып қашықтық
олимпиадалардан көш бастап жүргендері қаншама. Атап айтсам Қартбаев
Досқабыл облыстық, республикалық турнирларда жүлдегер атанып, Смайл
Даулет 2-дәрежелі орынға ие болды.Сонымен қатар, аудан бойынша 10
оқушы жеңімпаз алдағы облыстық турнирға жолдама алды. Мектептегі
дарынды оқушылармен ұйымдастырылатын шараларға белсенділік танытып
қатысады.
2019-2020 оқу жылы бойынша
дарынды оқушылармен жасаған жыл бойынғы жоспарым өз деңгейіне жетті
, себебі олар өздеріне жүктелген жүктемені сезініп, жақсы атқара
білді, өз жауапкершіліктерін түсінді, және өз шығармашылық
қабілеттерін шыңдай түсті.
Дене шынықтыру пәні
мұғалімі Б.Батырхан