400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мақала Инклюзивті білім берудегі қиындықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы инклюзивті білім беру деген не және жалпы білім беретін мектептегі инклюзивті білім беру бойынша қиындықтар туралы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Амангелді Меруерт Ерболқызы

Алматы қаласы

№177 жалпы білім беретін мектеп дефектологы





Инклюзивті білім беру жүйесіндегі қиындықтар

Қазіргі таңда еліміздің білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі – инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім беру деп отырғанымыз – балалардың физикалық, психикалық, интеллектуалдық ерекшеліктеріне қарамастан барлық балаларға тең құқылы түрде білім беру, қоғамдық ортаға кіріктіру. Елімізде инклюзивті білім беру 2012-2013 жылдары енгізілді. Ең алғашқы мектеп Алматы қаласында ашылды. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласында, ал бүгінгі күні көптеген жерлерде ашылу үстінде. Бұл саясаттың кең етек жайып келе жатқаны қуантарлық жайт, бірақ көз жума қарауға болмайтын қиындықтары да аз емес.

Инклюзивті білім беру жүйесіндегі қиындықтар:

  1. Мамандардың жетіспеушілігі

  2. Мұғалімдердің дайындықтары

  3. Оқу бағдарламаларының болмауы

  4. Ақпараттың жеткіліксіз болуы

  5. Ата-аналар дайындықтары

  6. Оқушылар дайындығы

  7. Ресурстар сыныптар жеткіліксіздігі

Қазіргі кезде еліміздің 18 жоғарғы оқу орнында дефектология мамандығы бойынша білім берілуде. Жылдан жылға осы мамандық бойынша студенттер саны өскенмен, мамандар әлі де жеткіліксіз. Басым көпшілігі мамандық негізін түсінбей оқуға түсіп, бітірген соң басқа салаға кетіп жатады. Осыған орай қазір дефектология мамандығындағы студенттерді оқу бітірмей жатып жұмысқа көп шақырады.

Бір сарынды білім беруге үйреніп қалған педагогтер үшін инклюзивті білім беру жүйесінің енгізілуі оларға қиынға соғады. Оларға балалардың ерекшелігі, оқыту барысы, қарым қатынас орнатуы таныс емес. Оқушылардың ата-анасымен катынас орнатудың өзі оңай емес. Сол үшін педагогтер арнайы курстан өтіп тұруы керек.

Инклюзивті білім беру бойынша кейбір оқушылар жалпы оқу бағдарламасы бойынша білім алса, кейбіріне жеке оқу бағдарламасы керек болады. Оны жасау мұғалімге тапсырылған. Мұғалім дайындығының жеткіліксіздігінің әсерінен оны құрастыру қиынға соғады.

«Инклюзивті білім беру» терминін басым көршілігі түсіне бермейді, себебі ақпарат аз. Қоғам ақпараттандырылуы үшін БАҚ-нан түсіндірме жұмыстар жүргізілуі керек. Осы салада жұмыс жасап жүрген мамандармен конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар т.б басқосулар ұйымдастырып тұрылуы керек.

Инклюзивті білім беруде ата-аналар дайындығы өте маңызды. Қазақшылдығымыздан асып кете алмай кейбір ата-аналар балаларын қоғамдық ортаға қосудан бас тартып жатады. Олар балаларды қоршаған ортаға кіріктіру кері әсерін тигізіп, балалары одан сайын оқшаулана түсуінен қауіптенеді.

Ата-аналардың екінші жартысы балаларының «инклюзивті білім беру» категориясындағы балалармен бірге оқуына қарсылық танытады. Себебі олар өз балаларына психикалық, физикалық тұрғыда әсер етеді деп ойлайды. Әрбір бала тең құқыққа ие және бірдей білім алуға құқылы екенін білмей ағаттық жасап жатады. Бұл түсіндірме жұмыстарының жоқ немесе қажетті деңгейде емес екенін дәлелдейді. Сондықтан ата-аналарға барынша сапалы, нәтижелі түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек.

Инклюзивті білім беру бойынша оқыту үшін оқушылар дайындығы да болу керек. Оларға үйреншікті орыннан таныс емес ортаға бейімделу қиынға соғады. Оған біраз уақыт кетеді. Ал сыныптағы оқушыларға сырттан келген физикалық, психикалық өзгешелігі бар бейтаныс баланы қабылдау оңайға соқпайды. Сол себепті балаларды оқшауламай қоғамдық ортаға белсене араластырып, мектепке дейінгі инклюзивті білім беру мекемелеріне берсе, мектепке және сыныптағы сабаққа дайын болады. Дайындық бар жерде жұмыс нәтижелі болады.

Инклюзивті білім беретін ұйымдарда арнайы ресурстық сыныптар жабдықталу керек. Ресурстық сыныпты инклюзивті білім беру саласындағы мұғалім басқарады. Бұл сыныптарда дефектолог, логопед, тьютор т,б мамандары балалармен жұмыс жасайды. Кабинеттің қызметі білім ұйымының ішіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған. Инклюзивті білім беру ресурстық кабинетінде мектептің (балабақшаның) барлық мамандарының жұмысына қажетті арнайы құрал-жабдықтардың және оқу-әдістемелік материалдардың болуы көзделеді.

Қазіргі заманда инклюзивті білім беру – бұл барлық дамыған мемлекеттерге қатысты болатын жаһандық қоғамдық процесс. Әлемдік қоғамдастықта сапалы білімге тең қолжетімділікті жүзеге асырудың тиімді механизмдерінің бірі ретінде танылған инклюзивті білім беру білім жүйесінің барлық компоненттерін қайта түсінуді талап ететін көпаспектілі процесс болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуде, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті ортада қолдау көрсету, мектепке дейінгі және орта білім саласындағы негізгі басымдылықтардың бірі ретінде анықталған.

Инклюзивті білім берудің қолға алынғанына көп болмаса да, жетістігі мен қиындығы қатар жүретін саясатта өз орны бар. Бағындырған белестері де жетерлік. Инклюзивті білім беруді әрі қарай дамытып, асу-шыңдарды бағындыру жолында кездесетін түрлі қиындықтарды жеңіп шығуымызға сенімдімін.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
2135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі