Имантулиева Лаззат
Болатовна
Алматы облысы Панфилов
ауданы
Алмалы ауылы
Елтінді батыр атындағы орта мектебі
КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Мақала
Жаңартылған
білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныпта оқытудағы жаңа
әдіс-тәсілдер
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні,
баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп
қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі
керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс»
ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты
болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз
еңбектену керек..Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай»
демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты
болып, нәтижеге жетеді.
Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы
аясында оқушыларымызға заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі
кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігі бүгінгі күн
талабы. Басшылыққа әдістемелік материалдардың толық ресурсы:
оқу бағдарламалары, оқулықтар, күнделікті сабақ жоспарлары,
мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі
ұсынымдардың бәрі де бар.
Кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген
оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру
ортасын құру үшін,
-білімді
функционалдықпен және шығармашылықпен
қолдану
-сын тұрғысынан
ойлау
-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану
- коммуникативті қарым-қатынас
тәсілдерін, оның ішінде тілдік
дағдыларды
Пайдалану
-Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай
білу
Сауат ашу пәнінде оқушыларды оқыту мақсаты
буынмен оқу, тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту
қабілеттерін қалыптастыру, сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру,
байланысты сөйлеуін дамыту болып табылдыКоммуникативті оқыту
ұстанымы: тілдік дағдыларды дамыту. Төрт дағдыны ескере отырып Ж.
Аймауытовтың «..бала әуелі тәжірибеге талпынып , нәрсемен танысып,
сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын,
тілге үйренсін» деген сөзін еріксіз еске түсіреді.. Сондықтан,
бірінші сыныптықтарымның танымдық қызметінің оң мотивациясын
қалыптастыру ерекше маңызды болып саналды және оқу процесі
қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту қағидасы бойынша
құрылды.
Бастауыш сыныптағы жаңартылған білім беру
бағдарламасының тағы бір ерекшелігі -бастауыш сыныптарда
«Жаратылыстану» пәнінің енгізілуі. Оқушылардың қарапайым ғылыми
білім деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Зерттеуді жоспарлау,
теорияны іс-тәжірибе арқылы оқып-үйреніп, оқушылардың фунцияналдық
сауаттылығын дамытуға ықпал етеді. Жаратылыстану,дүниетану
сабақтарында оқушылардың өз бетінше ізденіп, алған білімдерін
күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстарына байланыстырып
зерттей білуге үйретуге
негізделген.
Жаңа бағдарламада оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау жүйесі де өзгерді. Критериалдық бағалау - бұл білімнің
мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық
біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған,
ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын
ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін
салыстыруға негізделген процесс.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу
бағдарламаларының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының
спиральділік қағидаты болып табылады. Оқу бағдарламалары спиральді
білім беру бағдарламасы (Джером Брунер) моделіне
негізделген.
Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда
зерделенген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым
жатыр.Спиральді білімберудің негізгіерекшелігі : әрбір қайталанып
оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі. Жаңа
білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған
ақпарат тұрғысынан қарастырылады. Спиральді білім беру бағдарламасы
жеңіл идеялардан күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуғамүмкіндік
береді. Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы
үшін де, мұғалім үшін де тиімді
бағдарлама.
Брунер теориясының ажырамас
бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір
жерге жинауға және өзін ашушы болуға
рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар
болды. (1962)
Оқытудың мұндай типінің артықшылығына
төрт аспектінің арасында; біріншіден,
зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы;
екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі
марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу
арқылы және соңғысы, жадыны дамыту
үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол
жеткізіледі.
Басқаша
айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында
оқушыларымның сыныпқа келген
кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және
өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын
жасауға қабілетті екенін түсіндім. Егер оқу үдерісі оқушы мен
оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе,
онда осы үдерісті үйлестіретін әріптестерім
көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.
Оқушыларымның не білетінін және нені жасай
алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр
оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі
келетінін түсінуге тырыстым.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға
сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізгенімде,
баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты
жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйренетіндігіне,
білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын байқадым. Яғни,
оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді,
сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа
пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын
айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты
дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани
бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз
мол.
Қорыта айтқанда, «Білімді болу деген сөздің
мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», - деген
Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен
ғана өлшенбек.