Жаңартылған білімге –
жаңаша көзқарас
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім
жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері
қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту
нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең
талдау машығын игеру болуға тиіс» деген міндетін орындауда
мұғалімдердің біліктілігі әрқашан бірінші орынға
шығады.
ХХІ ғасыр -
жаңа технология мен ақпараттандыру
ғасыры. Білім берудің негізгі
мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері
мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді.
Елбасымыздың жолдауында
айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін,
заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің
қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне
байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де
түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған орай ұстаздарға
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті жүктелді. Өз білімінің
нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау,
білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік
дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік
дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу
дағдылары қалыптасады. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да,
мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білім
күткен нәтиже бермейді, оқушының тұлға ретінде қалыптасуы
белсенділік арқылы жүзеге асады.
Мен бұл жаңаша оқуды
қолдаймын. Себебі, бұл оқу – оқушыға да, мұғалімге де үлкен сын.
Және дамымай отыра берсек, бұрынғы көшпелі ел болып қалар едік қой.
Алға ұмтылып, жаңашылдық енгізгеннің арқасында осы күнге жетіп
отырмыз деп ойлаймын.
Біздің мектепте осы оқытуды
енгізу жолында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Курстан өткен
ұстаздар коучингтер, семинарлар арқылы өз білімдерімен бөлісуде.
Тез арада меңгеріп аламыз деген
ойдамын.
Сөзімді қорытындылай келе,
жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша тек өз пәнін, өз мамандығын
шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын
білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады деп айтқым
келеді.
«Токаревка
ЖББОМ»КММ
Оқу ісінің
меңгерушісі
Абильдина
Б.Қ.