Материалдар / Мақала "ЖАС ҰРПАҚТЫ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТІ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "ЖАС ҰРПАҚТЫ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада кең ауқымды мәселе - туған жерге деген патриоттық сезімді тәрбиелеу жан-жақты көрсетілген. Патриотизм халқымыздың рухани жаңғыруы мен ұлттық қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі заманымызда көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету мақсатындағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық қағиданы ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу ісінде «жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие беру» мәселесінің маңыздылығы ерекшелініп тұр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2023
445
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАС ҰРПАҚТЫ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТІ


И. Н. Раскильдинова

К. Макпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі

Павлодар қаласы.,Қазақстан Республикасы


Аңдатпа. Бұл мақалада кең ауқымды мәселе - туған жерге деген патриоттық сезімді тәрбиелеу жан-жақты көрсетілген. Патриотизм халқымыздың рухани жаңғыруы мен ұлттық  қалыптасуына  әсер етеді. Қазіргі заманымызда көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету мақсатындағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық қағиданы ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу ісінде «жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие беру» мәселесінің маңыздылығы ерекшелініп тұр.

Тірек сөздер: патриотизм,тәрбиелеу,отаншылдық,салт-дәстүр,тарих,мектеп.



ВОСПИТАНИЕ ПОДРОСТОВОГО ПОКОЛЕНИЯ ПАТРИОТИЗМА ВАЖНЕЙШАЯ ЗАДАЧА ШКОЛЫ И СЕМЬИ


И. Н. Раскильдинова,

Средняя общеобразовательная школа им. К.Макпалеева

г. Павлодар, Республика Казахстан


Аннотация. В данной статье рассматривается воспитание подросткого поколения чувства патриотизма. Патриотическое воспитание подрастающего поколения всегда являлось одной из важнейших задач современной школы, ведь детство и юность самая благодатная пора для привития священного чувства любви к Родине. Под патриотическим воспитанием понимается постепенное формирование у учащихся любви к родному краю, стране, ее природе, национальной и самобытной культуре. В современных школах работа по патриотическому воспитанию не менее важна и актуальна. Она направлена на знакомство с истоками национальной культуры, формирование чувства любви и гордости за свою страну, за свой народ, уважения к его свершениям, героическому прошлому, формирование чувства любви к родному краю, к природе. 

Ключевые слова:: патриотизм, воспитание, школа, семья, поколение, традиции.







EDUCATION OF THE UNDERGROWTH GENERATION OF PATRIOTISM IS THE IMPORTANT TASK OF THE SCHOOL AND THE FAMILY

I. N. Raskildinova

Secondary school named after. K. Makpaleeva

Pavlodar, The Republic of Kazakhstan


Annotation. The complexity of the tasks of patriotic education of young people outlined in the article, aims to coordinate the activities of scientists, politicians, religious leaders, economists, teachers, representatives of local governments, regional authorities, military, cultural figures. Today we need modern technologies to stimulate patriotism, which can significantly increase the level of society morality. We are talking about a long-term strategy for the development of society on the basis of patriotic mobilization of resources. Because of this, a serious scientific and methodological development of approaches is required to understanding the phenomenon of "patriotism" and its foundations, the actual content and modern forms of implementation. We are talking about the special management of society, which has not yet been identified — the management of its mobilization resources.

Keywords:: patriotism, Patriotic education.


Кіріспе

Қазіргі кезеңде “қазақстандық отансүйгіштік” ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халықының отансүгіштік сезімін қалыпастыратын – азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым.

Негізгі бөлім

Жас ұрпақты, жастарды, болашақ мамандарды кез-келген жағдайда ерлік, отаншылдық істерге баруы үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жастардың ішкі жан дүниесі — ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Қазақстандық патриотизм өткен замандағы қоғам құндылықтары: тұлға, отбасы, білім, еңбек, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік. Бүгінгі таңдағы патриоттық тәрбие жекелеген бағыттарға ғана емес, қоғам құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. Өйткені патриоттық сезімнің басты нысанасы — Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, дәстүр, тарих, әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне баулып, патриоттық сезімнің негізі болады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір — бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары  қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт деп ойлаймын.





Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстан халқының отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды, оның маңызы мен мазмұны жөнінде пікірталас жүріп келеді, тіпті «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» - деген екі ұғымның туындағаны да белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн, олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады, бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдердің формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма? – деген сияқты көптеген мәселелер туындап отыр.

Патриоттық қасиет – бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы, адам бойындағы негізгі құндылықтар болып табылады. Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық. Көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық былай деп суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Қүлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді».Бұдан біз патриоттық құндылықтың ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.

  • елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;

  • жер байлығы мен табиғатты қастерлеу;

Мұны енді патриоттыққа тәрбиелеудің ең негізгі ұстанымдары деп қарауға болады.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылыми мен практиканың жетістіктері негізінде, жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп ерекше атап көрсетілген. Осы Заңның 8-бабында «Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу бағдарламалары этномәдениет элементтерімен байытылады» - делінген. Қазақстан Республикасындағы этникалық – мәдени білім тұжырымдамасы этникалық – мәдени білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған адам ғана жан-жақты мәдениетті тұлға болып, өз елінің патриоты бола алады дегенге саяды. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиеле»- деген нақылмен халқымыз бұл құндылықтың құнарлылығы мен маңыздылығын баяғыда-ақ тұжырымдап берген.

Осының бәрін ескере отыра,ойдағыдай мақсаттарға жету үшін күнделікті сабақтарымда:

1. Халқымыздың тарихын, географиялық орнын білдіру, таныстыруға;

2. Орыс тілімен шұбарланған атаулардың баламаларын қазақша нұсқаларын зерттеп, ұғындыруға;

3. Халықтың ұлттық ерекшелігін дамыту, әдебиетін, мәдениетін кеңінен насихаттауға;

4. Ұлттық әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қалыптастыруға әрекет жасаймын.

Осы мақсаттарды нәтижелі жүзеге асыру үшін сабақта және сабақтан тыс түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологиялы сабақтар, сыныптан тыс түрлі интеллектуалды ойындар: оның ішінде «Атажұрт», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Мен бақыттымын», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» және т.б. жүргізіледі. Қазақстан ғаламдық гуманистік ойлау жүйесіне енді. Бұл ретте Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілгені жөн. Аталған ерекшеліктерге сай, қазіргі тәрбие жұмысын төмендегідей тәртіпте қарастыруға болады деген тұжырым жасауға болады:

- Жастардың халқының салт-дәстүрін жетік білуі, патриоттық тәрбиенің нәтижелілігі, бүгінгі өмір талабына сай болу.

- Жастардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуін қамтамасыз ету, оларды құрметтеу сезімін қалыптастыру.

- Қазақ халқының озық гуманистік құндылықтарын басшылыққа ала отырып, жалпы қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

- Оқушыларды, жастарды өз пікірлерін ашық айтуға, сөз бостандығына, басқалардың пікірін құрметтеуге тәрбиелеу;

- Әлеуметтік-саяси жағдайда, өз көзқарасы мен сеніміне, идеалына және ізгілікті құндылықтарға сүйене отырып мақсат қоя білу;

- Өмірде бар жағынан жоғары әлеуметті белсенді болу,әлеуметтік-экономикалық жағдайда бәсекелетікке қабілетті болу және т.б.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, типтік оқу бағдарламаларына, оқулықтардағы патриоттық тәрбиеге байланысты тақырыптарға талдау жасалынып, сұрыптала келе мектеп оқушыларының бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда қазақ тілі сабақтарына қойылатын негізгі талаптар айқындалды:

Осы тұрғыдан алғанда қоғамның әлеуметтік даму жағдайында патриоттық тәрбие беруде қарама-қайшылықтар туындап отыр:

- әр түрлі ақпарат көздерінде қоғамға жат пікірлердің етек алуы;

- ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан жалғасқан ұлттық патриотизм мен бүгінгі қоғамдағы патриоттық тәрбиенің өзара сабақтастығының болмауы;

Қорыта келгенде айтарымыз:

  • оқу – тәрбие жұмысын тұтас педагогикалық үрдіс тұрғысынан қарап, пәндік сабақтағы білім мазмұны мен сыныптан тыс жұмыстарды кіріктіріп, тұлғаның патриоттық құндылықтарын қалыптастырып отыру;

  • Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу;

- ұлттық ерлік дәстүрлерден, әдет-ғұрыптардан нәр ала отырып, туған елге, жерге, ана тілге деген сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті туғызып, қалыптастырып, дамыту.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.    Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030:Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы:Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы : научное издание. - Алматы : Білім, 2001. – С.94б.  
2.    Н.Р.Рамашов , А.Н.Иманбетов  Қазіргі қоғамда халықтық педагогика негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру мәселелері. //Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері: Е.А.Бөкетовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғыылми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - Б.68-70.
3.    Б. Нұрғожина Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиені қалыптастыру жолдары  // Воспитание школьника = Оқушы тәрбиесі. - 2009. - № 11. - Б. 21-23. 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!