жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала Жеткіншектің бойындағы суицидті алдын-алу жолдары
Тараз қаласы, Тараз өңірлік университеті
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы
ПиП 17-1 тобының студенті Жаманқараева Шынар Тоқсанқызы
Жеткіншектің бойындағы суицидті алдын-алу жолдары
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде – қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің соның жас балалар мен суицидке көптеп шалдығатын жеткіншектердің өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, эконмикалық дағдарыстар, жүйке-жүйелері бұзылған әр түрлі психикалық-физикалық аурулары бар жас ерекшелігі әр түрлі балалардың көбеюіне әкеліп отыр. Негізінде жеткіншектердің суицидке шалдығуы оқу біліктеріне ғана емес, қоршаған ортада тигізетің әсері зор. Яғни оқу біліктерінде алатын орны орасан. Қазір мектептерде жетіншектермен жиналыстар, тренингтер өткізілмеу қарама-қайшылықтарынан біздің алып отырған мақаламыз «Жеткіншектің бойындағы суицидті алдын-алу жолдары».
Жеткіншектердің бойындағы суициалды мінез құлықты зерттеу барысында көптеген термин сөздер кездестірдік. Мысалы: суициуалды мінез дегеніміз-құлық көбінесе депрессия кезіңде, алькогольдік токсикомания, психопатия жане аффект кезіңде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология Бачериков қарастырды. Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірбиесіне, интелектісі және мінез-құлығымен анықталады.
Сонымен қатар интеллект- (лат.intellectus-таным,ұғыну,аңдау)-жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Интеллект-адамның болмысты тануының негізгі нысаны болып табылады. Ал агреcсия-(лат.agressio-шабуыл жасау)-адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай міңез-құлық субьекттің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдліріп,қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысыуымен сипатталады.
Осы орайда жеткіншектердің бойындағы суицидтті алдын алу барысында профилактикалық жұмыс қолданылады. Профилактика дегеніміз-(көне грекшеprophylaktikos- алдын алу). Жалпы аурулардың алдын алумен бірге, жалпы денсаулықты нығайтуға бағытталған сақтандыру шараларының жүйесі. Профилактикада әр түрлі тренингтер жасалады. Тренинг- білімді шыңдап, қабілетті арттыруды үйретудің әдісі. Ағылшын тілінде «үйрету» (training) мағынасын білдіреді. Тренинг тарихы өнер-білім үйренудің заманынан бастау алады.
Жеткіншектердің суицидке шалдығуы оқу біліктеріне ғана емес қоршаған ортада тигізетің әсері орасаң зор. Жеткіншектердің суицидке шалдығуы түрлі себептермен болуы мүмкін. Мысалы: қоршаған ортасы, достары, отбасы, материалдық жағдайлары. Жеткіншектің суицидке шалдығуы оқу біліктеріне қатты әсер етуі мүмкін. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы қашып,қорқынышпен өмір сүріп, білім алуына әсер етеді. Соны көріп жүрген мұғалімдері сабағын дұрыс жүргізе алмай, сол мектептің оқу білігі күрт төмендеп кетеді. Міне, сол себепті де осы жағдайларды болдырмау үшін біз психолог ретінде алдын алу шараларын ұсынамыз.
Жасөспірім кезіңде суициалдық міңез-құлықтың кейбір өзгешіліктері болады. Жасөспірімдер арасында ересек балаларға қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. А.Е.Личко, А.Александров зерттегені бойынша тоқталсақ, 14-18 жас аралығын сынақ-зерттеулерден өткізіп, мынадай қорытындыға келген. Психикалық өзгерістердің біршама артуы байқалады, мысалы депрессия. Балалар депрессиясының белгілеріне әрбір ұсақ түйекке мән берушілік, іш пісу мен шаршағандық сезімдері, айтқанды тыңдамау мен айқай-шу, жанжал көтеруге дайын тұрушылық, ішімдік пен есірткіні пайдалану жатады деп тұжырымдады. Жалпы айтқанда,жасөспірмдер арасындағы суциалды мінез-құлыққа өз құрбылары мен ата-аналары арасындағы жеке қарым-қатынастардың да ықпалы әсерін тигізеді. И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірілген.
Осыған байланысты ол мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні жане энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, ұмтылу. Алдындағы мақсат жоғалса, өмірдің мәні кетеді.Тек И.П.Павлов суицидке барған адамдардың ешқасысында психикалық ауытқуы жоқ деген .
Суициуалды міңез-құлықтың 5 түрі бар:
- Протест; - Жаңашылдыққа шақыру; - Қайғыдан қашу; - Өзін-өзі жазалау; - Өмірден бас тарту.
Қазіргі уақытта жеткіншектер суицидтке көптеп шалдығып жатыр. Яғни суицидтің шығу себебі бар. Мысалы:сүйген қызымен ұрысып, немесе аралары ажыраған жігіттің өзін-өзі өлтіруіне санасы ояу адам баласы үшін ешқандай ақылға қонымды себеп жоқ. Ақымақтықпен өз өмірін қияды.
Сонымен қатар ол балаға отбасы жағдайы немесе материалдық жағдайы және де достары әсер етуі ғажап емес. Қаржылық жағдайлардың әсеріде кей адамдар үшін суицидттәң тудырушы күші болып табылады. Алайда,қаржылық қиындықтар басты себеп емес егер ондай қиындықтарға шыдамай өз-өзін өлтіру белең алса, онда әлемнің тең жартысы қырылып қалады емес пе?! Қиындық кімде жоқ дейсіз?!
Жеткіншек кезінде суициялдық міңез-құлықтың кейбір өзгешіліктері болады. Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдырмау мен жеке басының дағдарысы, мәселелерге байланып қалу-осының осыныың бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып , өзіне-өзі қол салуға итермелейді.
Жеткіншектердің суицидке шалдығуыныің бір себебі сол кезеңде өтпелі кезенің болуы. Сол кезде ең алдымен ата-анасы баласының мінез-құлқына, айналысатын ортасына, немен айналысатына мұқят қадағалау қажет. Жеткіншектердің бойындағы суицидті алдын-алу үшін көптеген әдістер қолданылады. Мысалы мектептерде әр түрлі тренингтер жүргізілеп,жиналыстар болып тұруы қажет. Көбінесе мына тренингтер жақсы әсер етеді; От шабу, Бұл әлемде-мен, Тәуелділік ағашы, Жаңбыр астындағы адам, Өзіңе хат. Сол тренигнгтер орындалу барысында, баланың өмір сүруге құлшынысын арттыратын көптеген видеороликтер көрсетілуі керек.
Суицидентке алғашқы психологиялық көмек көрсету.
Лауазымды тұлғалардың тарапынан суицидентке көмек көрсету өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алудың ең басты кезеңі болып табылады. Суицид туралы ойлайтын адамға психологиялық көмек көрсетудің мынадай негізгі үш әдісі бар.
1. Уақтылы диагностика және суицидентті тиісінше емдеу.
2. Депрессияға шалдыққан адамға белсенді эмоциялық көмек көрсету.
3. Оның жағдайын жеңілдету үшін оның жақсы қасиеттеріне жиі тоқталу.
Адамға алғашқы психологиялық көмек көрсетуге талпына отырып, мынадай ережелерді сақтау керек:
1. Өзіңіздің көмектесе алатыныңызға сенімді болыңыз.
2. Осындай жағдайда тап болғандардан тәжірибе жинаңыз.
3. Шыдамды болыңыз.
4. «Бар ойдағыны жүзеге асыр» деп, адамды қорқытуға тырыспаңыз.
5. «Сіздің осындай күйге тап болуыңыздың себебі…» деп, оның мінез-құлқын талдамаңыз.
6. «Сіз өзіңізге қол жұмсай алмайсыз, өйткені…»деп, адаммен дауласпаңыз.
7. Қолыңыздан келетіннің бәрін жасаңыз, бірақ басқа біреудің өмірі үшін жеке жауапкершілікті мойныңызға алмаңыз .
Қорытындылай келе дәл қазіргі кезде жастар арасында өз - өзіне қол жұмсау әрекеті жиі белең алып тұр. Бірі маскүнемдіктің құралы болса, бірі жат қылықтың жетегінен шыға алмай қор болуда. Уақытша қиындыққа төзе алмай, тосын оқиғаға тап болып, өмірімен ерте қош айтысып жатқандар қаншама. Сонда олар үшін өмірдің мәнінің бір тиындық құны болмағаны ма? Әлде жанын жегідей жеген жарасын айтып жазар адам таппағаны ма?! Шыдамдылықтың шегінен шығып, тағдырдың тосқауылына төзе алмауларына не шара?!
Біздің алған мақаламыз маңызды және өте өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Яғни жеткіншектік шақ 15-18 жас аралығы болып табылады. Осы жұмыспен айналысу барысында бізде көптеген көзқарастар пайда болды. Біз осы жұмысты зерттеу барысында түйгеніміз. Жеткіншек жастағы балалар суицидтке шалдығады. Себебі:осы жас аралығында бала өтпеліт кезеңнен өтеді. Ол кезең қиын кезең болып табылады сол себепті суицидті алдын-алу үшін мынадай тәсілдер қолданған жөн деп есептнейміз. Бала өтпелі кезенг Суицидентке алғашқы психологиялық көмек көрсету.
Лауазымды тұлғалардың тарапынан суицидентке көмек көрсету өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алудың ең басты кезеңі болып табылады. Суицид туралы ойлайтын адамға психологиялық көмек көрсетудің мынадай негізгі үш әдісі бар.
1. Уақтылы диагностика және суицидентті тиісінше емдеу.
2. Депрессияға шалдыққан адамға белсенді эмоциялық көмек көрсету.
3. Оның жағдайын жеңілдету үшін оның жақсы қасиеттеріне жиі тоқталу.е келгенде ата-анасы баласын мұқият қадағалап, кіммен араласатының, немен айналысатының қадағалау қажет, және дос ретінде сырласуы керек.
Сонымен қатар мектептерде өмірге деген құлшынысты арттыратын тренингтер мен жиналыстар өткізілуі қажет. Көбінесе мына тренингтер балаға жақсы әсер етеді. Олар: «От шабу», «Бұл әлемде-мен», «Тәуелділік ағашы», «Жаңбыр астындағы адам». «Өмір ғажап, Мейірім, Мен өмірді жақсы көрем», атты видеороликтер көрсетіліп, ақын жазушылырымыздың өлеңдері айтылса өте жақсы әсер етеді. Міне осындай қарапайым қағидалар орындалатын болса жеткіншектер суицидтке шалдығуы біршама азаяр еді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында» (Астана, 28.02.2014)
-
Қ.Жарықпаев «Жантану негіздері», Алматы, 2002.
-
Қ.Жарықбаев «Жантау жолдары», Алматы, 2014.
-
С. Жақыпов «Жалпы психология негіздері», Алматы, 2012.
-
«Бастауыш сынып әдістемесі», 2012.
-
«Қызықты психология» журналы, 2017.
-
Н.С.Жұбаназарова. «Жас ерекшелік психологиясы» Қазақ универистеті, 2013ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген