400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала: "Жігіт Сұлтаны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыз «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» деген сөзінде де тәрбиенің терең мәні жатыр деуге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жігіт Сұлтаны

Халқымыз «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» деген сөзінде де тәрбиенің терең мәні жатыр деуге болады. Баланың патшадай көңіліне адамгершілік қасиетін ұялату әрбір ата-ананың міндеті болса, тәрбиеші мен ұстаздардың парызы сол ақылға ақыл қосу. Адамның бары да, байлығы да бала екені көзге көрініп-ақ тұрады. Балалардың балалығына даналық қосуға үлесі зор балабақша деп білеміз.

Пәк те таза, аңғал да адал сәбилеріміздің тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөйлеу мәнерін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге баулу әрбір ата – анамен бірге балабақша тәрбиешілерінің де қосар үлестері зор. Кішкентай балапандарымыздың риясыз күлкісі мен әрбір қимылының кез келген түйіні тарқамаған мәселені ұмыттырып жібере алатын қасиеті бар.

Балабақшаға барсаңыз, балаңыз «Қара жорғаны» қатырып билеп, «Анам, әкем» деп ән шырқағанда, қалай шаттыққа бөленіп, көңіл күйіңіздің көтерілгенін байқамай да қаласыз.

Ақпан айының 7 жұлдызы күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай Қарнақ ауылы «Согдиана» бөбекжай бала-бақша ЖШС-де «Жігіттер сұлтаны» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Сайыстың басты мақсаты: Еліміздің шекарасын қорғауда үлес қосқан ағаларымыздың ерлігін болашақ ұрпаққа үлгі ете отырып, олардың бойында Отанды сүю, ерлікке баулу, патриоттық қасиеттерін ояту, Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Сайысқа сайдың тасындай іріктелген 5 жігіт қатысты.

Сайысты бағалайтын әділ-қазы алқалары болып, балабақша директоры: Хайдарова Фарагат Файзуллаевна, әдіскері: Исамова Юлдуз Исаматуллаевна, балабақша психологі: Атаметова Дилфуза Гайбуллаевна тағайындалды.

Сайыс төрт бөлімнен құрылды.

  1. «Тегін білу тектілік» кішкантай сұлтандарымыз өздерін таныстырып өтті.

  2. «Білімді мыңды жығады» бұл бөлімде балалар жас ерекшеліктеріне қарай қойылған (Елбасы, туған жері, Қазақстан Республикасының рәміздері, төрт түлік мал, ұлттық ойындар т.б.) сұрақтарға жауап беріп,

білімдері шындалды.

  1. «Шынықсаң шымыр боларсың» сайыстың бұл бөлімінде кішкантай қатысушыларға ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық ойындарды дәрәптеу мақсатында «Теңге ілу» ойыны ойнатылды.

Қазақта Жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем 
Жігіт» - ел басқаратын Жігіт,
«Шешен 
Жігіт» - дау шешетін Жігіт,
«Батыр 
Жігіт» - еліне қамқор Жігіт,
«Сері 
Жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі Жігіт.

«Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес».
Расында да өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, адамның жан дүниесін
нұрландырып, байыта түседі. Сайыстың «Сегіз қырлы бір сырлы» бөлімінде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталды. Камилжан Мухаммадали «Алғыр жігіт», Рахимжон Абдулазиз «Сегіз қырлы, бір сырлы», Абдукаримов Мадияр «Дарынды жігіт», Абдуганиев Мустофа «Өнерпаз жігіт» номинацияларымен марапатталды.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, сайыста белсене қатысып, Асатуллаев Дилнур «Жігіт сұлтаны» атағын жеңіп алды. Баланың туған елге, жерге, халқына сүйіспеншілігі зор, патриоттық сезімді,

Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт — дәстүрі, әдет — ғұрпы, жөн — жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеуде ата-аналар мен тәрбиешілерге мейірімділік, шыдамдылық, ал балаларымызға еңбекқорлық қабілетін тілейміз. Бала тәрбиесі - баршаның ісі екенін ұмытпайық.



Согдиана бөбекжай балабақшасының дене шынықтыру пәні мұғалімі: Гайбуллаев Шухрат Темурович 20.02.2020ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі