400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Жүрегімнің түбіне терең бойла" Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың 175 жылдығына орай көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жүрегімнің түбіне терең бойла!»


Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.


Осы бір шумақ өлеңнің өзінде ұлы Абайдың бар өмірі көрініс тапқандай. XIX ғасырдың орта шенінен бастап Ресей империясының үкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу мақсатында бірқатар саяси реформалар жүргізді. Дәл осы тұста қазақ даласында, Шыңғыстау бөктерінде өмір сүрген Абайға бұл жағдай әсер етпей қоймады. Абайдың бар арманы мен тілегі –халқының қамсыз, қарны тоқ, көйлегі көк болып, тыныш өмір сүруі еді.

Абай ерте есейді, оның нағыз адам болып өсуіне әжесі Зере мен анасы Ұлжанның ықпалы зор болды. Ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өскен бала Абайдың терең сөз саптауына, зерек ойлауына жол ашты. Әкесі Құнанбай ұлының ақылдылығы мен зеректігін байқап, ел ісіне араластырады. Алайда «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен Абай өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккенді жөн санайды.

Абай өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар көп. "Сегіз аяқ", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Желсіз түнде жарық ай", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?" сияқты өлеңдерінің әрбіреуі тың дүние, шығармашылық жаңалық.  Александр Пушкиннің "Евгений Онегин" шығармасынан "Татьянаның хатын" және "Ленскийдің сөзін", Михаил Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы" және тағы басқа өлеңдерін казақ тілінде сөйлетті.

Абай мысал өлеңдерін шебер жаза білді. Ақын осы жанр арқылы қазақ халқының сол кездегі өмірін, адамдардың мінезі мен іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелермен көркем жеткізді. Абай поэма жанрын да меңгерген. Оған "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" сияқты шығармалары дәлел.

Бүгінгі күнде қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы

М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына сәйкес Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11 сыныптары үшін «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасын ендірді. Бағдарламаның негізгі мақсаты Ұлы Абайдың өмірін, шығармашылық мұрасы мен қазынасын, қара сөз өнерін, ақынның арман-мақсаттарын, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылығын дамыту, рухани жан-дүниесін жетілдіру, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау.

9-11 сыныптағы шәкірттеріме «Абайтану» курсын өткен кезде Ұлы Абайдың өмір белесі, түрлі тақырыпта жазылған өлеңдерін, қара сөздерінің мәнін түсіндіріп жеткізу барысында бойымда керемет сезім бойлап, шабыттана ләззат алып, тыңдармандарымның әрбірінің жүрегіне жеткізуге тырысамын. Абайдың әр сөзі тәрбие, өлеңінің әр тармағы өсиетке тола. Қазағымның Абайдай данасымен мақтанамын. Шәкірттерімді Абайдай дана да дара ақын, адамдық қасиеттерге бай адам болуға шақырамын. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты бес асыл іске құштар болып, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашатын жағымсыз қасиеттен аулақ болып өсуіне аз да болса үлес қоссам қуанамын. Шәкірттерімнің арасынан қалам тербетіп, Абай атасының ізін қуған ұл-қыздарымды көріп, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жастарының әрбірі білім мен техниканың қарқынды дамыған кезеңінде өмірден өз кетігін тауып, кірпіш болып қаланатынына сенемін.

2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұдан бөлек, мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлауды жоспарлады. Ұлы даламның барлық жерінде Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына дайындық басталып кетті.

Абай – ойшыл ақын, қа­зақ жазба әдебиетінің негізін қалау­шы, аудармашы, қара сөз шебері, сазгер, қазақ даласының әр адамына жарық сәуле сыйлайтын, рухани жан-дүниесін жаңғыртатын нағыз АДАМ. Абай Құнанбайұлының өмірі, әлемі, сан қырлы шығармалары, қара сөздерінің терең мағынасы, әндерінің жан тербетер әуезі, бойды тамылжытар күйлері туралы сағаттап тоқтаусыз айтсақ та талмаймыз, бойымызға азық, қуат аламыз.

Өз сөзімді Абайға арналған арнауыммен қорытындылайын, Абайдай ұлы ақын болмасам да бір сәтке ұқсап баққым келеді.

Бас ақыны өзіңсің жыр әлемнің


Бұл күнде мен қалайша жырламайын,

Ұлы Абайдай ақынға жыр жазайын.

Нөсерлетіп қағазға қаламымды,

Өткен күнге саламын жанарымды.


Абайымның аты шыққан жер бетінде,

Жүргендейсің өзің де бір шетінде.

Талай жәйтті тербедің жүрегіңде,

Шәкірттерге сені үлгі етіп жүремін де.


Жырларыңмен танысып оқырманың,

Әр сөзіңе тереңдеп тосылармын.

Желсіз түнде аспанмен сыр алғайсың,

Бейне бір көз алдымда тұрғандайсың.



Талай сын көріп едің өміріңде,

Айтылмаған сыр көп қалды-ау көңіліңде.

Барыңда қадіріңе жете алмадық,

Алайда өлеңіңнен із жалғадық.


Жыл сайын саған арнап кеш өтеді,

Өзің жайлы сол кеште сөз етеді.

Бас ақыны өзіңсің жыр әлемнің,

Қазағыңның қабыл ал бұл сәлемін.


Жарқ еткен жұлдызысың сәуле шашқан,

Халқымда байлық бар ма бұдан асқан.

Мәңгі есімің тербеліп самғап ұшты,

Рухыңменен ұрпағың бүгін құшты!


Шымкент қаласы

№ 131 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жубаева Гулзахира Жолдасқызы.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
329
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі