400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Кітап - алтын қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі жас ұрпақққа кітаптарымызды дұрыс, ұқыптылықпен ұстап, құрметтей білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кітап - алтын қазына»

Мақтарал ауданы Игілік елді мекенінде орналасқан Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Кітап – алтын қазына» атты әдеби кеш өтті. Бұл тақырыпты алудағы негізгі мақсатымыз бүгінгі жас ұрпаққа қаншама білім нәрін беріп, білім-білігімізді жетілдіріп отырған кітаптарымызды ұқыптылықпен ұстап, құрметтей білуге үйрету, кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру. Кітаптың сарқылмас қазына екенін ұғындыру, бар білімнің қайнар көзі кітап екенін жетілдіру. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап адам баласының ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітапты талғап, таңдап оқи білу, оны түсіну, алған әсеріңді өмірде жарата білу – әрбір адамның білімі мен білігін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Осы орайда 7 сынып оқушылары кітап жайында баяндама оқып, өлеңдерін айтып, жұмбақтарын шешіп, нақыл сөздерін жиналған қауымға шеберлікпен ұсына білді. Кеште әрі қарай оқушылардың ойын сергіту, жинақтау үшін «Кір жайылған жіп», «Тәтті бинго» ойыны әдісімен оқушылар білімдерін сынады. Таубек Алина, Бигараева Мадина, Кеңесбай Жарқынай сынды оқушылар өздерінің білімділігімен, тапқырлығымен, шапшаңдығымен ерекше көзге түсті. Кеш соңында оқушылар ән жырлап, қазақша билер орындап көрерменнің көңілдерінен шықты. Балалар бүгінгі кеште көп нәрсені үйренді. Кітап білім беруде, тәрбие беруде таптырмас асыл қазына екенін ұғынды. «Кітап ақылдың құйылған көлі», «Кітап ғажап дос» - деп бекер айтылмаса керек. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.


А.Т. Ибраимова

Т. Аубакиров атындағы ЖОМ кітапханашысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі