400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Кітапханашының жұмысы-тың идеялар бастауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханашының жұмысы-тың идеялар бастауы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Кітапханашының жұмысы-тың идеялар бастауы


«Мен кітапхананы ақыл-білім,

адамгершілік ордасы деп білемін.

Ал кітапханашыларды ешқашан

жоғалмауға тиісті сол асыл

қазынаның сақшылары санаймын»

Ә.Кекілбаев



Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласында: «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Өйткені қазіргі таңда кітапханашылар әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени сауатты,еңбегі өте қарапайым және маңызды,жан-жақты білімді, өз міндетіне жауапты педагог және тәрбиеші. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір десек, ал кітапханашы - кітапхана тірлігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы екені даусыз. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы ойлар төңірегінде мектеп кітапханасы шағын болса да,жоспарға сәйкес төмендегі іс-шараларды «Тіл- елдіктің белгісі », «Туған өлкем – қандай көркем», оқырман конференциялары «Абай дара – Абай дана қазақта» , «Өзіңсің поэзия пайғамбары», әр кезде жарық көрген ақын – жазушылардың шығармалары «Өмірін өлеңмен өрнектеген», дәрістеп, түрлі тақырыптық көрмелер «Ата заң - айбынымыз», «Желтоқсан-ерлік тарихы», «Ұлттық дәстүр – ұрпаққа мирас», «Өнеге от басынан» көптеген оқу жылының І жарты жылдығында атқара алдық. 2017-2018 оқу жылында мектебіміздің жаңа ғимараты бой көтеріп, жұмысын бастағанына бес жыл толуына орай мектеп директорының ұсынысымен, мектептің тілші мұғалімдері,кітапхананың ұйымдастыруымен мектебімізде оқушыларға арналған «Алтын мекен» газеті шығарылуы жоспарлануда. Кітапханада өткізілген әрбір шара біздер үшін мереке дей келе ойымды ақынның осы өлең жолдарымен қорытындылаймын.


Ойшылдар мен білімпаздар мекені

Бәріне аян кітапхана екені.

Кітаппенен дос болуға баулитын,

Кітапханашылар мұнда қызмет етеді.


Зухра Юлдашева

№104 негізгі орта мектебінің кітапханашысы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
891
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі