Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің болашағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала "Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің болашағы". Мақалада латын әліпбиінің маңызы жайлы сөз қозғлады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекетова Айнур Файзуловна

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

"Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі" КММ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қостанай қаласы



Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің болашағы

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі – латын әліпбиіне көшу. Қашанда кемеңгерлігімен ерекшелене білген Елбасы: “2025 жылға қарай ісқағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз”, – деп мәлімдеді [1]. Бұл – заман талабына сай айтылған орынды ой. “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ” деген дана сөзді бүгінгі таңда “Латынсыз білім жоқ, білімсіз түгім жоқ” деген мақалмен ауыстыруға болады. Себебі, бар ақпарат, ғылыми жаңалықтар ағылшын тілінде, латын қарпімен жарық көруде. Қазіргі кездегі басты мәселе – осы латын әліпбиіне көшу тұрғысындағы екіұдайлы пікірлерден арылу.

Қазақстан – 2050” Стратегиясында латын әліпбиіне 2025 жылы толық көшетініміз туралы нақты белгіленген. Халық арасында, тіпті, ақпарат құралдары кеңістігінде өзіндік ой айтып, қызыл кеңірдек болып жүрген саясаткерлерді де, бұл бастаманың ақша шашу екендігін дәлелдеуге тырысып жүрген азаматтарды да көзіміз шалып қалады. Бірақ Елбасының “Латын әліпбиі – заман талабы” деген сөзін басшылыққа ала отырып, әлем кеңістігіне еркін саяхаттай алатынымызға кәміл сенуіміз керек. Латын әліпбиін қозғаған кезде міндетті түрде Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан қаламгер, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы туралы сөз болатыны айдан анық. “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің 2030-шы жылдардағы сандарын мұрағаттан қарасақ, латын әліпбиіне қатысты мәліметтерді кездестіреміз. Сонда еліміздің бас басылымынан бастап, бүкіл қазақ газеттері 1932 жылғы 1 қаңтардан арабтың төте жазуынан латыншаға көшкенін байқаймыз. Оған дейін, яғни 1928 жылдан бастап газеттің әр санында “Латынша үйренейік” деген айдармен латын әріптерін үйрететін арнайы бөлім болған. 1931 жылға қарай аға басылымның беттеріндегі латын әрпімен берілген материалдар аралас жариялана бастаған. Сөйтіп, латын жазуына елдің бірте-бірте бойын үйретіп, уақыты келген кезде – 1932 жылы сол әліпбиге көше салған. Бізде солай істеуіміз керек. Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Біз солардың ішінен латын әліпбиіне түбегейлі көшуді жөн санап отырғанымыз белгілі. Латын әліпбиін қолдану арқылы болашағымыз жарқын болады деген сенімдеміз. Әрине, төте жазу немесе кириллицамен жазылған мол мұрамыз бар екені рас, олар жаңа қаріпке көшірілетіні анық. Латын әліпбиі – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге зор ықпал етеді. Сонымен бірге шетелде жүрген жастарымыздың осы жазу арқылы өз тілін басқа да ұлт өкілдеріне түсіндіру жағдайлары қиын болмасы анық. Басқа мемлекеттерде тұратын қандас бауырларымыз да латын әліпбиіне көшсек, еліне бір табан жақындай түспек.

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегендей, латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ой бөлісіп, тіл тағдырына алаңдаушылық білдірушілердің айтқан пікірлерінің барлығын да маңызды деп білеміз. Дегенмен, мәселенің байыбына терең бармай, әліпби өзгертуді бұрынғы кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу деп түсінетіндер де бар. Егер бұлай түсінсек, қазіргі 42 әріпті өзгеріссіз латын әріптеріне ауыстыра салып, қайтадан орысша-қазақшасын араластырып сөйлеп-жазып жүре берсек, одан ештеңе де өзгермейтіні баршаға аян. Сондықтан әліпби реформасы нақты ғылыми ұстанымдарға сүйенеді.

Кешегі өктемсоқ кеңестік жүйенің солақай саясаты қазақ тілі дыбыс жүйесінде жоқ орыс тілінің ё, ю, я, в, ф, х, ч, ц, ь, ъ әріптерін әліпбиімізге еріксіз енгізгені баршаға аян. Онымен қоймай, әліпбиіміз кирилл жазуына ауыстырылып, орыс тілінен және сол арқылы басқа тілден енген өзге сөздерді де орысша қалай айтылып-жазылса, қазақ тілінде де солай қолданылуы керек деген талап қойылды[2]. Сөйтіп тіл экологиясы сол кезеңнен бастау алып, тілімізге жат дыбыс тіркестері де еш кедергісіз еніп, тіліміз шұбарланып, ұлттық бояуы мен өзіндік реңін жоғалтып, сөзіміз де құлаққа жат әуенмен «ән салғанына» үйреніп кеттік. Тіліміз шұбарланып, ұлттық бояуы мен реңкін жоғалта бастады.

Бір тілден екіншісіне сөз ауыса берсе де, әр тілдің өзіндік дыбыстары мен жазу емлесі болатынын есте сақтаған жөн. Кейбір ғалымдардың «Бір тілдің бір тілді үстемелеп, байытып, түрлендіріп отыруы - барлық тілге тән ортақ заңдылық», «орыс тіліне бес-алты мыңдай түркі сөздері енген» деген пікірлері дұрыс айтылған, бірақ орыс тіліне енген түркі сөздері орыс тілінің дыбыстық заңдылығына сай өзгеріске түсіп енгенін, ал қазақ тілінде өзге тіл сөздері еш өзгеріссіз, басқа тіл заңдылығына сай алынғанын да ескеруіміз керек.

Жазудан айту басым болған кезеңдегі «оқымаған» халық орыс тілінен келген сөздерді өз тілінің ұлттық бояуымен көмкеріп, бөтелке (бутылка) бөшке(бочка), бәтеңке(ботинка), орыс(русс), шайнек(чайник), кәмпит(конфеты), ұшқыш(летчик), пәнер(фанер), жорнал(журнал) деп өз сөзі етіп алған еді. Осы халықтық ұстаным А.Байтұрсынұлы сияқты ғалымдар еңбектерінің негізгі тірегі болды[3]. Бірақ кейінгі кезеңде «операция», «ассимиляция», «электр», «эксковатор», «съезд», «космос», «бюджет», «атом», «театр», «архитектура», «фотография», «телеграф», «архив» т.б өзге тіл сөздері тау суындай тасқындап тілімізге өзгеріссіз келіп жатты. Тілді тіл етіп, бар табиғаты мен болмыс-бітімін айқындап тұратын басты заңдылықтарының бірі - дыбыстардың бір-бірімен көрші тұруы, тіркесуі. Қазақ тілінде буын, сөз ішіндегі және сөз бен сөз аралығындағы дыбыстар өзара келісіп, үйлесіп, үндесіп, басқаша айтқанда бір-бірімен қол ұстасып, жарасым тауып, үндестік заңына бағынып тұрады. Бұл заңнан тысқары тұрған дыбыс, буын не сөз болмайды. Ал тілінде үндестік заңы емес, сөз екпіні үстем орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің басты заңдылығына кері әсер етіп келеді. Сондықтан қазақ тіліндегі әр сөздің табиғи бояуы дыбыстар тіркесі арқылы, яғни үндестік заңы арқылы танылады. Орыс тілі және осы тіл арқылы дауыстының не бірнеше дауыссыздың сөз ішінде, әсіресе, бір буында қатар келуі қазақ тілінің табиғатына жат тіркесімдер болып табылады. Осындай тіркесі бар сөздер қазақ сөзінің ұлттық бояуына дақ түсірді. Мысалы: поэма,дуэт, какао, соус, оазис, Аида, Раиса, Зоя, сияқты т.б сөздер тіліміздің айтылым табиғатына сай келмей тұр. Кейбір ғалымдар «қазақ тілінде сингармонизм елеулі өзгеріске ұшырады» деген пікір айтып, аралас буынмен жазылған кейбір сөздердің «естілімі әуезді де әсем ырғақты» айтылатынын тілге тиек етеді. Шындығында, аралас буынмен жазылса да, «бидай», «ғибрат», «жиhаз», «жина» т.б. сөздердің орфоэпиясы аралас емес екенін ескеру керек[4].

Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Латын әріптері графизация (әріп таңбалау) заңдылықтарына, яғни, «көру-қабылдау-тану» талаптарына да сай. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлде қайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады. Латын әліпбиінде әр түрлі диакритикалық таңбалар (нүкте, қос нүкте, сызықша, айшық, дәйекші т.б), яғни қосымша белгілер арқылы көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби дәрежесіне жеткізіп отыр. Жазуға қойылатын басты талап лингвистикалық (тілді дәл жеткізу) бағытта ғана емес, техникалық жағдайларға (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.) да сай болуы керек. Қазір латын әліпбиі осы талаптар биігінен де көрінеді, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, халық өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс деп білеміз.

Жазу - әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Сондықтан жазу, алфавит адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Қазіргі орфографиямыздағы кейбір қиындықтарға қарап, «біздің жазуымыз осыншама сын көтермегені ме?» деп те ойлауға болмайды. Осы жазуымыз аға ұрпаққа білім беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтерді, егеменді мемлекетімізге де қызмет етіп келеді. Енді жағдай өзгерді, біз бұрынғыны қанағат етіп қана қалмай, алға ұмтылған, әлемдегі дамыған озық елдердің деңгейінде ғана емес, алдыңғы қатардан көрінуге мүмкіндігі мол егеменді Қазақ елі ретінде әліпбиіміз бен жазуымызға да мемлекеттік тіл дәрежесіндегі Қазақ тілін әлемге таныта алатындай жағдай жасауымыз қажет. Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін осы биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз.







Пайдаланылған әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Жолдауы.- Астана, 2012 ж.

2. Бизақов С. Емлені ескеруіміз керек// «Ана тілі» газеті, 2013. № 7. 14-20 ақпан, 4- б.

3. 1920-30 жылдардағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер:- Қарағанды : ҚарМУ, 1994.-19-22 б.

4. Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы.– Алматы: Ғылым, 1998. - 216 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.08.2021
443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12