Латын әліпбиіне менің
көзқарасым.
Қазақ қоғамында ұзақ уақыттан
бері талқыланып келе жатырған өзекті мәселелердің бірі латын
қаріпіне көшу десек қателеспейміз. Сонау Тәуелсіздік жылдарынан
бері көтеріліп келе жатырған осынау тақырып енді мәреге де таяп
қалған сияқты. Бір нәрсе анық – біз қаласақ та, қаламасақ та латын
қаріпіне өтеміз. Және бұл уақыт талабы. Одан аттап өте алмаймыз.
Бүгінгі таңда әлемнің бірқатар елдері өз жазуларын латын алфавитіне
негіздеп алды. Және қазақ тіліне де арналған бірнеше нұсқалары
жасалды. Негізгі тартыс қазақтың төл дыбыстарын қалай дұрыс
таңбалау керек деген сұрақ төңірегінде орын алып келеді. Біреулері
бір дыбыс – бір таңба принципін басшылыққа алса, енді біреулер қос
таңба – бір дыбыс, яғни дифтонг жүйесін қош көреді. Әркімнің пікірі
әртүрлі. Ұлттың ұпайы кететін осынау күрделі мәселе мені де бей-жай
қалдырмайды. Сондықтан да ҚР азаматы, әрі тіл маманы ретінде мен де
өз пікірімді ортаға салуды жөн көрдім.
Менің ойымша қазақтың жаңа
алфавиті қазақтың ұлттық болмысына сай болуы тиіс. Қазақ ешкімді
ренжітпеуге тырысатын халық. Қазақтың осы қасиеті жазуында да
көрініс табуы тиіс. Латынға өту сөзсіз керек нәрсе. Бірақ әбден
ойланып барып шешім қабылдау керек. Латынға өтеміз деп түрік
бауырларымыз ә, ұ, ң, қ сияқты дыбыстарынан айырылып қалды.
Нәтижесінде Әлиді Али, Құдіретті Кудрет деп жүр. Өзбектің латыны
таза компьютер пернетақтасына негізделген техникалық латын болып
шығып, нәтижесінде толық сіңісіп кете алмады. Әзірбайжан мен
Түркімен латыны әжіптәуір жақсы. Дегенмен де оларда да кемшіліктер
бар. Сондықтан да ешкімге еліктемей де, жалтақтамай да өзіміздің
қазақ латынын қабылдауымыз керек. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу –
қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай
өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес
қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше
отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық
жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде
сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Латын
әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті
жоқ. Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған
жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде
әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену,латын әліпбиін
пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей
түсер еді. Сонымен қатар, eлбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ
тілін
біртіндеп латын әліпбиіне
көшіру жұмыстарына жаңа серпін бертінін Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің
Жолдауында ашып айтты.
Латын әліпбиі бізге таңсық
емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Оны
еліміздегі кез- келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал,
«латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын
көрсетуге болады. Мысалы, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру
Бұл идеяның үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз –
ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді
білдіреді.
«Бүкіл әлемдік тәжірибе осы біздің таңдауымыздың дұрыс екенін
дәлдеп отыр. Латын әліпбиі – жаһандық коммуникация мен ақпарат
қайнар көзіне айналды. Бауырлас Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан,
Түркіменстан елдерін айтпағанның өзінде, төл әліпбилері бар
Жапония, Қытай сияқты алпауыт мемлекеттер латын графикасындағы
әліпбидің қосымша нұсқасын енгізіп отыр. Осының өзі көп нәрсені
аңғартса керек» Сөз соңында латын әліпбиіне көшу, қазақстанның
әлемдік қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетін маңызды құрал
екеніне сенімім мол. Cондай-ақ,
менің
пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ,
соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін
адамдарға. Алысқа бармай-ақ
қоялық, қазір көп
адамдар әлеуметтік желілерде отырады.Сонда отырыпақ, өзара латынша
жазуды үйрене берсе де
болады. Латын әліпбиіне көшіу – ол, өз әліпбиімзіге
оралу, нақтырақ айтақанда түрік әлеміне, тіліне оралу деп
түсінемін, сондықтан тез арада көшуіміз кажет деген
пікірдемін.