«LAPBOOK»
Мақала
Әбдіқамал Еңілік
Берікқызы
МКҚК«Балауса» бөбекжай-
балабақшасы
«Ұрпағы білімді халықтың
болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей жас ұрпаққа саналы, мағыналы,
өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің
талабы.
Бала біздің болашағымыз.
Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай
болмақ.
Балалардың оқу қызметіне
қызығушылығын арттыру мақсатында, мен Лэпбук қолдануды ұйғардым.
Мен өз жұмысымда «Lapbook» әдістемелік құралын пайдалана
бастадым.
«Lapbook» казіргі заманғы
құрал туралы айтқым келеді.
Лэпбук – салыстырмалы түрде
оқудың жаңа тәсілі. Ең алғащ рет лэпбукты америкалықтар құра
бастады.
Лэпбук (lapbok) – ағылшын
тілінен тура аударғанда (lap –тізе, bok - кітап ) деген мағынаны
білдіреді. Лэпбук – бұл қолдан жасалған кітапша, есігі,
терезелермен жылжымалы бөлшектерден, конверттермен қозғалмалы
детальдарымен құралған. Оған бір тақырып материалдары
орналастырылады. Бүлдіршіндермен белгілі бір тақырыпты бекітуге
арналған тамаша тәсіл және кітаптың мазмұнын ұғыну арқылы зеттеу
жұмысын жүргізеді, алған білімдерін бір жүйеге келтіреді, папканы
алғанда өткен тақырыптар естерінде қалып, ойға тез келеді.Бала өз
алдына ыңғайлы түрде орналастыра алады. Қарапайымдылығына
қарамастан, бұл тақырып бойынша барлық қажетті материалдар
бар.
Лэпбук – ол интерактивтік
әдістеме, оны құрастыру жөнінде келесі әдіс – тәсілдер қолдануға
болады: салыстырмалы талдау, ізденіс, проблемалық сұрақтар,
дидактикалық ойындар,әңгіме, сипаттау, сюжеттік ойындар. Оқыту мен
тәрбиелеудің оқу процесін үйлестіре отырып, лэпбук технологиясы
тәрбиешіге әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып білім беру
мазмұнын іріктеп, баланың белсенділігімен қызығушылықтарын
арттыруға және баланың толыққанды дамуы, ұлттық, тілдік, әлеуметтік
мәртебесіне мүмкендік беру. Тәрбиеші балаға өтіп кеткен
материалдардың білімін біріктіру үшін, оны кез келген ынғайлы
уақытта ашып, әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы балалардың
сөйлеу дағдыларымен, танымдық – тілдік құзыреттілігін дамытады.
Лэпбук баланың жеке басының мотивациясын және қабілеттерін дамыту
үшін қолайлы жағдай жасайды. Лэпбук қызықты, қол жетімді және
тәрбиеші үшін өте таптырмас әдістемелік
құрал.
Лэпбукты пайдаланудың
артықшылығы.
-Бала қажетті ақпаратты дербес
жинайды.
-Қажетті ақпаратты
іздеу
-Ауызша сөйлеуді қолдану,
ойларын және тілегін білдіру.
-Танымдық дамудағы балалардың
қызығушылығын ынталандырады.
-Шығармашалық және
шығармашылық ойлауды дамытады.
-Лэпбукқа құру ересектер мен
балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып
табылады.
Өз жұмысымда ең алғаш жасаған
лэпбук «Шалқан ертегісі» деп аталады. Лэпбукты құру үшін бірінші
тақырыбы тандалады, жоспарын, макетін құрдым. Содан соң
безендірдім.
Лэпбукты жасауға қажетті
материалдарды таңдау.
Қатты картон, түрлі – түсті
қағаздар, қайшы, иллюсрациялық суреттер, табиғи заттар
әшекелеуге.
Лэпбук арқылы келесі міндеттер
атқарылады:
1. Лэпбук балаға өткен тақырыпты
өз қалауы бойынша ұйымдастырға, тақырыпты жақсы түсінуге және
материалды есте сақтауға
көмектеседі.
2. Бұл өткен тақырыпты қайталау
үшін тамаша тәсіл. Кез келген ыңғайлы уақытта бала жай ғана
лэпбукты ашады және қуана-қуана өткен қайталайды, өз қолымен
жасаған еңбекті қарастырады.
3. Бала өз бетімен жинауға
және ақпаратты ұйымдастыруға
үйренеді.
4. Лэпбук топта сабақ жүргізгенде
қолайлы, онда бір мезгілде әр түрлі жастағы балалар оқиды.
Тапсырманы деңгейге қарай таңдауға болады (кіші топтағы балалар
үшін –карточкалармен қалташа немесе жануарлар пішінің, ал ересек
немесе даярлық топтардағы балаларға жаза білуге және т.б.
тапсырмалар) және осындай ұжымдық еңбек кітапшасын
жасау.
5. Лэпбука құру ересектер мен
балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып
табылады.
Лэпбукті оқу қызметінде балаға
қолдануға болатын ең қолайлы жас шамасы - 5 жас. Лэпбукті баламен
бірге құрастыру процесінде, ол жаңа ақпаратты тез есте
сақтайды. Бала тақырыптық материалмен жұмыс істеу барысында
бақылау жүргізеді, тапсырманы орындайды, зерделейді және баяндай
алады.
Лэпбук өткен тақырыпты балаға
өз қалауы бойынша ақпаратты ұйымдастыруға, материалды жақсы
түсінуге және есте сақтауға көмектеседі. Лэпбук өткен тақырыпты
қайталату үшін тамаша тәсіл.
Қорыта
келе.
“Лэпбук” мектепке дейінгі
балалардың танымдық – зерттеу белсенділігін дамыту түрінің
инновациялық формасы. Лэпбук балалардың ойлау, шығармашылық
қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді. Жаңашылдық пен білім беру
кезінде педагогикада жаңа әдіс – тәсілдерді өолдану ол өзінше ойлау
қабілетін дамытып, жеке тұлғаға әрт.рлі идея бере алатындай білім
бере отырып, тәрбиелеуде шешімді жұмыс жасауда пайдасы
тиеді.
