Материалдар / Мақала "Логикалық ойындар арқылы баланы дамыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Логикалық ойындар арқылы баланы дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Логикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын,зейінін, салыстыру,жіктеуге, өзін- өзі бақылауға үйретеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы, № 6 “Орман ертегі” балабақшасы

Капашева Райгуль Жардемовна, тәрбиеші





ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ДАМЫТУ



Осы өмірдің есігін ашып, ең алғаш рет жер басып, жүре бастағаннан бала өмір сүруге үйренеді. Үш- төрт жасқа дейін ол қоршаған ортаны тани бастайды, қайырымдылық, сүйіспеншілікті - анасынан, күштілікті әкесінен, ақылдылық қасиетін – ата-әжесінен үйренеді. Ал 5-6 жасқа жеткен кезде біз балабақшада қосымша білім береміз. Осы алған білімдері көп жылдар өтсе де, өмірден өз орнын тауып, жақсы адам, кәсіби маман болуына себеб болады. Ұлы Абай айтқандай өмірге кірпіш болып қаланады.

Қарапайым сөзбен айтсақ осы кірпіштің сапасы балабақша мамандарына да байланысты, себебі балабақшаның тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: қазіргі өмір талабына сай, дені сау, ақыл, ой- өрісі кең, адамгершілік қасиеттері мол жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін өзінің негізгі іс- әрекеті- ойын.

Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?! дейді біздің қазақ халқымыз. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады».

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілеті оянады. Ойын бала үшін нағыз өмір.

Баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда логикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

Басқа ұлт өкілдеріне, әсіресе жазбайтын, оқымайтын балаларға тіл үйретудің өте қиын екендігі белгілі. Дегенмен 4-7 жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Жұмысымызда осы ерекшеліктеріне біз мән береміз.

Қазақ тіліне оқытуда логикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі.

Мен ойын арқылы білімді меңгеріп және оны бекіту үшін дағды мен әдепті қалыптастырамын.

Балабақшада жиі қолданатын логикалық ойын түрлерін өткіземін:

Ойыншықпен және түрлі ойын материалдарымен ойналатын ойындар.

Үстел үстінде ойналатын ойындар «Лото», «Домино», т.б.

Сөздік ойындар.

Панно

логикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:

- логикалық тапсырмалар

- мазмұны

- ережесі және ойынның

- орындалуы.

Мұнда басты элемент – логикалық тапсырмалар, қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі.

Тапсырмалар әр- түрлі болады ( жоспар тақырыптарына сай).

Ойын ережелерге сүйенеді. Ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жету жолдарын көрсетеді және ақыл- ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардың өзін- өзі ұстауға, өздерінің мінез- құлықтарын қадағалауға үйретеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады:көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.

Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір- бірімен қарым- қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жене білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.

Логикалық ойындар жоспар бойынша сабақта немесе сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

Ойынның мақсатын сақтап, балалармен бірге ойнаймын, ойынның ережесін қатан сақтауға үйретемін.

Логикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет:

ойынды дұрыс таңдап алу,

сабақтың мазмұнына сәйкесті болу,

балаларға түсінікті болу,

жас ерекшеліктеріне сай болу.

Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естиярлар топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады, сөйлемнің диалог- монолог формасы күрделеніп дамиды.Логикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын,зейінін, салыстыру,жіктеуге, өзін- өзі бақылауға үйретеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!