400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Мәдеу Сәрсекенің « Қазақтың Қанышы » роман – эссесін «Топтық тергеу » әдісі арқылы оқыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала "Мәдеу Сәрсекенің « Қазақтың Қанышы » роман – эссесін «Топтық тергеу » әдісі арқылы оқыту"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәдеу Сәрсекенің « Қазақтың Қанышы » роман – эссесін

«Топтық тергеу » әдісі арқылы оқыту




Токошбекова Г.К.

ПМПУ магистранты

Павлодар қаласы

«Топтық тергеу» әдіс мәтін мазмұнын талдауда өте тиімді болып табылады. Сыныптағы білім алушылардың барлығын шағын топ құрамында қызыға жұмыс жасайды және оларды топ жауапкершілігіне үйретеді. Сонымен қатар Мәдеу Сәрсекенің « Қазақтың Қанышы » роман – эссесін жан-жақты ойлау тұрғысынан қарастыруға, түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мәтін тек материал күйінде қалып қоймай, онымен кеңірек ізденіс жасауға және қол жеткізуге болатын ресурстарды пайдалану дағдысын дамытады.

Әдісті жүзеге асырудың тәсілдері:

1-қадам. Мұғалім сынып зерттеу үшін дәлелденген және қызықты мәтін

таңдайды (Мұғалім мәтін берместен бұрын, егер ол үй тапсырмасы емес, сабақ уақытында жасалатын жұмыс болса, зерттеу жұмысына қатысты қажеттіліктерді дайындап алуы керек).

Мысалы, «XIV ғасырдан хат» бөлімінен үзінді

Шоқының мына кереметіне таңданған геолог: «Бұл қандай биік, алысты жақындатқан қандай шоқы?..» деген оймен планшетіне қараған. Күткені – биік, ұзын, иә биіктік өлшеміне лайық тұлғалы сөздер еді. Бұл төбе соның бірін де місе көрмей, өзіне ең қымбат, ең зор атауды иемденіпті: Алтыншоқы! Неге алтын? Жер-суға ат қойғыш қазақ елі, тегінде, мұндай жөннен жаңылмаушы еді. Қолмен көмгендей-ақ көп асылды қатесіз нұсқап беретін-ді. Мынау да соның бірі болмағай...

Көңілінде жылт еткен бір үміт, бір сенім қат-қабат көлбеңдеп дегбірін қашырды. Әсіресе, шоқының күнбатысқа құлар жолында теңкиіп жатқан қорым тасты көрген соң-ақ шөлдегенін ұмытып алға аптыға басқан-ды.

Қорым тастың бұрын-соңды Арқа тауларынан өзі көрген оба, үймелерге ұқсамайтынын Қаныш Имантайұлы бірден аңғарды. Құрамы да, қаланған жігі де басқарақ. Аумағы он екі қанат қазақы үйге орын болғандай кең үйменің қаланған жігіне қарап тұрып ол тағы бір өзгешелікті байқады: қорым тас іш жағына қарай дестеленіп қаланған, демек, бұл – қорған емес. Геолог еңкейіп, қуыстан екі-үш кесек тас алды. Таңданғаны соншалық, тізерлеп отыра қалып, тағы да екі-үш тас суырды.

Қолында бір жақ беті магма жынысына ұқсаған, от қақтап, күшті жалын шарпыған тас кесектері тұрғанына ол енді шүбәланған жоқ. Үлкейткіш шынымен зер сала үңіліп еді, тас бетінен ағаш көмірінің қалдықтарын көрді. Сірә, алдындағы үйме – пеш, кәдімгі дала пеші! Дөң көлбеуін түтін тартуға пайдаланып, мұржасын төбе басынан шығарған ескі пештердің орнын ол Ұлытау өңірінен жиі көретін. Мынау да соның бірі. Тек не үшін, қандай ділгерлікпен ол осы жерге қаланған? Металл қорытса, кен көзі қашықта емес. Сондай бір зәру қымбатқа болмаса, жай ғана қазандық үшін осынша тас жиып, әуреге түсудің қажеті қанша?..

Геолог қосқа қайтуды ұмытып кетті. Серіктерінің тосып отырғанын да қапелімде есіне алған жоқ. Машина өзі тұрған шоқының теріскей жақ түбінде. Тура жүрсе бір сағатта-ақ жетіп барады. Бірақ ол «бір жерді екі мәрте баспау да – іздеуші геологке жоралғы» дейтін әдетімен шоқының оңтүстік жағын орағыта қайтуды жөн көрді. Кейін, сан жылдардан соң да тәнті ризалықпен есіне алатын олжа оған осы арада, шоқыны алыстан орағыта жүргенде кезікті...

Иә, барлаушы-геолог Алтыншоқының оңтүстік бетінен сонау қым-қуыт заманда, хижраның 793 жылында Азияның айбарлы билеушісі Көреген Темір жорық жолында қалдырып кеткен тарихи белгітасқа кезіккен-ді.

Бұдан бірнеше жыл бұрын, Ұлытау өңіріне алғаш тап болған кезінде ол осы елдің көнекөз ақсақалы Өмекең: «Жасырақ кезімде Ұлытаудың арғы бетіндегі көп бұйраттардың бірінен жоғалған мал қарап жүріп таңбалы тас көрдім, құдауанда, келбеті соның бір жосын өзгеше еді», – деп тамсана әңгімелеген-ді, бірақ тастың жатқан жерін нақты айта алмай, адастырмас белгісіне тек Жетіқыз өзенінің бойын атаған.

Геологтің кешелі-бүгінде, Жетіқыз атырабына іліккен кезден мазасызданып, төбешік босатпай оба кезгені де содан. Кәріқұлақ Өмекең көрдім деген жұмбақ таңбалы тасты табуға құмар болған-ды. Міне, енді сол тас қарсы алдында теңкиіп жатыр. Тас бетіндегі белгі – өзі күткендей ру таңбалары емес, кәдімгі араб әріптері. Жазуы өшпеген, мәнерлі әріптер әдемі шабылған. Өзіне жас күнінен таныс араб, парсы, шағатай тілдерінен есінде қалған түйсікке бұрып, ежіктеп көріп еді – шығара алмады. Бастапқы жолын әрең ажыратты. Кәдімгі мұсылман жұртының ежелгі рәсімі бойынша, әрбір сәлем хат, ресми деректердің алдында қосақтала жүретін, «Бисмилла рахман-рахим» деп басталатын дұға сөздері.

Қос басында қара шәугімді қайната-қайната тосудан шаршап, іздеуге шыққан серіктері топ жетекшісін тас бетіндегі жұмбақ жолдарды ежіктеп отырған сәтте тапты...

Сергей Рожновтың естелігінен:

«...Шәріп екеуміз іздеп барғанда Қаныш Имантайұлы таңбалы тастың іргесінде көлеңкелеп отыр екен. Бізге жайраңдай қарап: «Қане, жастар, мынаны қозғап көрелік. Алтыншоқыдан алтынға бергісіз қазына таптық білем. Меніңше, өте қымбат дүние. Сірә, көне уақыттың белгісі», – деп түсінік бергені есімде. Қымбаттығы рас болу керек. Геологтің шымыр болаттан құйылған балғасымен түйгіштеп көріп едік, титтей де сызат түсіре алмадық. Үшеуіміз олай-бұлай ырғап қозғай алсақшы. Зілмауырлығы сонша! Қосқа келіп, шай ішіп, біраз дем алған соң қайта бардық. Мен «Фотокормен» бетіндегі таңбасын суретке түсірдім....» ”


2-қадам. Мұғалім сыныпты шағын алты топқа бөледі де мәтінмен

таныстырады. Мұғалім құралдардың бастапқы топтамаларымен таныстырады

және рөлдерде жұмыс жасау барысында, осы құралдарды қалай пайдалану

керектігін түсіндіреді.

Баяндаушы. Оның міндеті – өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына

сүйене отырып, оқиғаның мазмұнын баяндау;

Қуғыншы. Оның міндеті – мәтіндегі кейіпкерлердің ізін қуып, олардың ісәрекеттерінен, мінезінен көз жазбайды, әр қимылдарынан хабардар болып

отыру;

Ізденуші. Оның міндеті – мәтінге қатысты және онда көтерілген мәселе

туралы көптеген ақпарат /кино, көркем әдебиет, әлем әдебиеті, саз өнері, поэзия, теле бағдарлама т.б./ жинау;

Сөзтапқыш. Оның міндеті – сынып дауыстап оқығысы келетін мәтіннің

маңызды, қызықты жерлерін тауып оқу және мәтіннің тақырыбын, руханилығын ашатын немесе құптайтын афоризмдер мен мақал-мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін, құбылту (троп), айшықтау (фигура) түрлерін табу;

Сұрақ құрастырушы. Оның міндеті – топты сөйлету үшін негізгі

оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар

дайындау. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың мөлшерін, яғни жабық және ашық сұрақтарды құрастыруы қажет. Және де тақырып туралы ауытқымай сөйлеу,кезекпен сөйлеу, талқылауға қатысуды қадағалап отырады.

Дәнекер. Оның міндеті – мәтінді, онда көтерілген негізгі идеяларды

немесе оқиғаларды бүгінгі шынайы өмірмен байланыстыру.

3-қадам. Білім алушылар зерттеу құралдарымен танысады. Зерттеу

жүргізу бойынша сұрақтар қояды және топтарды рөлдерге бөліп алады.

4-қадам. Білім алушылар ой шақыру және мұғалімнің қатысуымен

пікірталас жүргізуге, ақпараттың басқа көздерін пайдалануға құқылы.

5-қадам. Білім алушылар өздерінің зерттеулерін жоспарлайды. Мұғалім

оларды аралап жүріп,зерттеулерін өткізу бойынша ұсыныстарын суретке

түсіріпберуін сұрай алады.

6-қадам. Білім алушылар зерттеудің бөліктерін мәтінді толық қамту үшін

талқылайды.

7-қадам. Білім алушылардың мәтінді зерттеу уақыты бірнеше минутқа, ал

кейде бірнеше күнге созылуы мүмкін. Мұғалім сыныпта ортада тұрып, әр білім алушының жауапты рөлі болуын қадағалайды. Топтардың зерттеу жұмысына көмектесе алады.

8-қадам. Топ сыныпқа таныстырылымын жоспарлайды. Олар өздерінің ең

маңызды жаңалықтарын көрсетеді. Таныстырылым белсенді және қызықты

болуы керек. Сонымен қатар оған топтың барлық мүшелері қатысуы керек.

Білім алушылардың рөлдерін бағалау төмендегідей:

Баяндаушы.

- жүйелі мазмұндауы – 2 ұпай

- Өз ойына сүйене отырып, «Менің ойымша», «Меніңше» сөз

тіркестерін пайдалану, маңызды фактілермен және дәлелдермен

тоғыстыру – 2 ұпай

Қуғыншы.

-Кейіпкерлердің мінезін жан-жақты сипаттау – 2 ұпай

- Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, қимылдарын сипаттау – 2 ұпай

Ізденуші.

- Мәтінде көтерілген мәселені анықтау – 2ұпай

- Кем дегенде 3 ақпарат келтіру – 2 ұпай

Сөзтапқыш.

  • мәтіннің маңызды, қызықты жерлерін тауып оқу – 1 ұпай

  • мәтіннің тақырыбын, руханилығын ашу – 1 ұпай

  • құбылту (троп), айшықтау (фигура) түрлерін табу – 2 ұпай

Сұрақ құрастырушы.

- Негізгі оқиғаларды қамтитын сұрақтар құрастыру – 2 ұпай

- Кем дегенде 3 ашық сұрақ құрастыру – 2 ұпай

Дәнекер.

  • Мәтіннің негізгі идеясын анықтау – 2 ұпай

- Кем дегенде шынайы өмірмен байланыстыратын 3 факті/дәлел

келтіру – 2 ұпай

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі