Түркістан
облысы Ордабасы ауданы «Қарақұм»
жалпы орта мектебі
10
сынып оқушысы Сайлауова Аида Имаратқызы
Жетекшісі
: Алтынбай
Әлия Тұрармекенқызы
Мағжанның
махаббаты
Мағжан
Жұмабаев - лирик ақын.
Әдетте
Абайды философ ақын,
Мағжанды
лирик ақын дейміз.
Абай
- ақылдың ақыны да,
Мағжан
- сезімнің ақыны.
(С. Мұқанов)
Мағжан Жұмабаев - поэзия әлеміндегі
жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның
қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін
рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы
қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында -
ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне
көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған,
дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан
бітірген, жаңа өлшеулер шығарған»
Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі
шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын
байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар
Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын.
Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне
қарағанда, бұл бір заманның тегінен
асқандай, сезімі жетілмеген қазақ
қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан
бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен
келешекке бой ұрып, артқы күнге анық
қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі.
Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді,
өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
Мағжанның таза махаббат тақырыбына
арналған лирикасы — аса көркем мұра.
Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын
адамның ең асыл сезімін жеткізуге
келгенде ғажап шеберлік танытады. "Сүй,
жан сәулем", "Сен сұлу", "Жұлдызды
жүзік, Айды алқа қып берейін", "Шолпы",
т. б. өлеңдерінде Мағжан адамға тән
осынау ұлы сезімді аса биікке көтере
жырлайды. Ақынның лирикалык қаһарманы
үнемі ғажайып сезімнің кұшағында жүреді.
Шын сүю — Мағжанның ұғымында әрі
ләззатты, әрі азапты күй. Қуанышы да
мол, азабы да аз болмайтьш сезім. Ақынның
сезімі кіршіксіз мөлдір. Сонымен бірге
ол махаббатқа шексіз адал. Сүйген жанының
бір сәттік қуанышын ол патшаның тағына
да, дүниенің малына да айырбастамайды.
Сүйген жары үшін не қиындыкқа да төзуге
даяр. "Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып
берейін" өлеңі дәл осындай кіршіксіз
махаббаттан туған шығарма.
Сүйгеніне
қол созған ғашық жан: Кел, жұлдызым,
жылжып кана жібектей,
Жұлдызды
жүзік, Айды алқа ғып берейін, — деп,
жүрек сырын ақтарады. Оның ғашығы —
сөзі сиқыр, шашы толқын, күлкісі күміс
табақтай сыңғырлаған ғажайып сұлу. Ақын
осы сұлулыққа жету жолында бәрін де
құрбан етуге даяр ғашық жанының бар
сезімін тамаша суреттермен, бейнелі
кестелермен береді. Лирикалық кейіпкерінің
"көз жасынан меруерт тізіп", тіпті
аспандағы жұлдызды жүзік, айды алқа
етіп ғашығына сыйға тартқызады. Мағжан
— қазақ өлеңінің көркіне көрік қосқан,
саздылығы мен әуезділігін әсемдеген
ақын. Жоғарыдағы өлеңдерінің бәрінде
де ол қарапайым өмір кұбылыстарын әсем
суретке айналдыра жырлайды.
Махаббат,
сүйіспеншілік, жар, бала, ана бар дейді.
Соларды жырлайды. Олар-мәңгілік. Олар
өлмейді. Оларды бар заманның ақындары
жырлап келеді. Бірақ әзір ешқайсысы да
толық жырлап біткен жоқ. Әркім өзінше
жырлайды. Бұл бәріне ортақ заң. Мағжан
да бұл заңға бағынды. Соның тілін алды,
соған ерді. Құлақ кесті құлы болды.
«Адамды
адам қылатын, адам мен адамды табыстыратын,
жалғыздықтан құтқаратын, жүрекке жылу
салатын, көңілге қуаныш, жүрекке сезім
құятын – махаббат», – дейді.
«Махаббатсыз
дүние дос, хайуанға оны қосыңдар», –
деген Абайды жақтаса, бірде:
Махаббат
– бір тікенек,
Жүрекке
барып қадалар.
Бақытсыз
ғой бұл жүрек,
Тамшылап
одан қан ағар, – деп махаббат азабынан
да хабар бере кетеді.
Бірде:
Келші,
көзім, күн бетіңді көрейін,
Сүйші,
сәулем, тұншығып мен өлейін.
Жет,
жұлдызым жылжып қана жібектей,
Жұлдызды
– жүзік, айды – алқа ғып берейін,- деп
өзін де, бәрін, бәрін сүйгенінің жолына
құрбандыққа шалып жібереді. «Жұлдызды
–жүзік, Айды – алқа ғып берейін» дейді.
Бұндай мәрттік, мұндай тапқырлық ешқандай
да ақында жоқ. О заман да, бұ заман,
жұлдызды жүзік қып, айды алқа қып,
сүйгенімізге сыйға тартайық деп кім
ойлаған? Қай ақынжанды, қай ақын адамның
ойына келген?! Дүниеде бұндай да теңеу
бар екендігін кім білген? Ал Мағжан
біліпті. Мағжан сезіпті.
Болса
гүлсіз, бұлбұл үнсіз,
Үнсіз
бұлбұл, бір сұр құс.
Үнсіз
өмір – сөнген көмір,
Отсыз
жүрек – бос қуыс…
Гүл,
бұлбұл, өмір, қыз, махаббат, тікенек, у,
жүрек, қан, жын, сайтан, сиқыр т.б. – өмір
көркі. Гүл болмаса, бұлбұл сайрамайды.
Бұлбұл сайрамаса, өмір – сұрқия, қызықсыз.
Өмір сұрқия, қызықсыз болса, ақын
жырламайды. Ақын жырламаса, жүрек –
отсыз, отсыз жүрек – бос қуыс. Міне,
Мағжан идеясы, ойы. Мағжан шын махаббат
деп, нағыз сүюді, құлай сүюді санайды.
Мағжанды оқи берсең таусылмайды. Әр
оқыған сайын оны өзіңше тағы да бір
қырынан танисың. Мен өз басым, қазақ
әдебиетінің ХХ ғасырдың бірінші жартысы
кезеңіндегі ақындардың ішінде ең
мықтысы, ең күштісі, нағыз ақын деп тек
Мағжанды ғана танимын.