Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала: Математика сабағында оқушылардың экономикалық-қаржылық сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағында оқушылардың экономикалық-қаржылық сауаттылығын арттыру туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақылбекова Г.А.

Математика сабағында оқушылардың экономикалық-қаржылық сауаттылығын арттыру.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап жеке мемлекет ретінде ең әуелі экономиканың дамуын қолға алды. Ең бірінші осы мақсатта қолға алынған іс – ол өзіміздің валютамыз – «теңгені» шығару болды. Содан бері экономикалық дамыған елдердің қатарына ену еліміздің басты мақсаты.

Соңғы жылдарда халықтың экономикалық сауаттылығын арттыру қолға алынып жатыр, сол себепті де халықтың өз бетімен кәсіп ашып жеке кәсіппен айналысамын деген әр азаматқа гранттар беріліп, жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз етілуде.

Әр адамның экономикалық-қаржылық сауатты болуы – заман талабы. Қазіргі мектеп іргесіндегі оқушылар – біздің келешегіміз, олардың еліміздің дамуына үлес қосар тұлға болып қалыптасуында мұғалімнің қосатын үлесі зор. Демек, оқушыларымыздың да экономикалық сауатты болуы олардың болашағына жол ашады. Алдағы уақытта мамандық таңдауына да пайдасы болары сөзсіз.

Экономикалық сауаттылық дегеніміз Функционалдық сауаттылықтан шығады. Қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында көптеген шаралар да жасалып жүр. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет xx ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болып, кейін зерттеушілер қолға алды. Қазіргі таңдағы танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы болып табылады. Бұл халықаралық PISA бағдарламасы – 15 жастағы оқушылардың мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын қоғамның әртүрлі салаларында, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.

Қаржылық сауаттылық – қаржылық білімді үздіксіз беру арқылы жүзеге асырылады. Халықтың қаржылық сауаттылын арттыруға арналған арнайы бағдарламалар да бар. Мектепте экономика сабағы болмағандықтан, математиканы оқыта отырып мықты пәндік білім берумен қатар, оқушыларға экономикалық-қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында экономикалық мазмұндағы тапсырмалар бере отыра оларға қосымша білім береміз, оларды ақшаны үнемдеуге, қаржыны жоспарлауға және дұрыс пайдалануға тәрбиелейміз.

Математика сабағында экономикалық-қаржылық ақпараттар берудегі негізгі мақсат:

  • Математика пәнінде өтетін тақырыптар мен математикалық әдіс-тәсілдер өмірде оның ішінде экономикалық салада қолданыс табатынын көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын туғызу;

  • Экономикалық-қаржылық сауаттылығын арттыру;

  • Әртүрлі өмірде жиі кездесетін экономикалық терминдерге тоқталып, оқушылардың түсінігін қалыптастыру;

  • Оқушыларды ақшаны үнемдеуге, оны жоспарлай білуге баулу;

Математика сабағында оқушыларға экономикалық терминдерді таныстырып, экономикалық мазмұндағы есептерді қолдану оларға терминдердің өмірде қолдану аясын түсініп ол туралы түсінік қалыптастыруына, еліміздің экономикасы туралы ойлануына, оқушыларға кейбір математикалық әдістердің экономикада және өмірлік тәжірибеде қолданылуымен танысуына ықпал етеді.

Бұл жерде негізгі мақсат ол математика сабағында оқушыларға экономикалық мазмұндағы тапсырмаларды күнтізбелік жоспардағы сабақ тақырыбына сай байланыстыру. Тауар мен ақшаға, тауар өндіру мен қызмет көрсету, шығынды азайту немесе кірісті көбейту, т.б. сұрақтарды қарастыратын математикалық есептерді экономикалық мазмұндағы есептер деп қарастыруға болады. Осындай есептерге төмендегі тапсырма түрлерін келтіруге болады:

– кесте, график және диаграмма түрінде берілген мәліметтерді оқып талдау жасауға берілген есептер;

– тауар мен ақшаның қатынасындағы, бөлігі мен пайызын табуға берілген қарапайым мәтін есептер;

– жұмыс пен еңбек өнімділігі туралы мәтін есептер;

– банк несиесі, депозит, несие пайызы туралы есептер;

– тауар мен қызмет өндірісін оңтайландыруға (шығынды азайтып немесе кірісті көбейту) арналған есептер.


Математика сабағындағы экономика-қаржы саласымен байланыстыруға болатын тақырыптар:

  • Ондық бөлшектер;

  • Пайыз;

  • Статистика элементтері;

  • Мәтіндік есептер; т.б.

Математика пәні бойынша кез-келген сабақты экономикалық мазмұндағы ойын сабақ түрінде жүргізе отырып, оқушылардың экономикалық-қаржылық сауаттылығын арттыруға болады. Бұл жерде оқушылар математикалық біліммен қатар экономикалық білім алады.

Мысал ретінде 5 сынып математика сабағында «ондық бөлшектерді натурал санға көбейту» тақырыбы бойынша жаңа сабақ жоспары берілді. Бұнда оқушыларға тапсырмаларды орындауда әр тапсырманың құнына сай «ақша» таратылады. Олар рубль, доллар, эвро валюталарын жинайды, сабақтың соңында әр оқушы өзі жинаған валюталарды сол күнгі курс бойынша банкке өткізеді, ол үшін олар «сатып алу» бағанындағы әр валютаның бағасымен есептеп теңгеге айналдырады, осылайша өзі жинаған қаржыны теңгемен есептеп береді. Бұл сабақта оқушылар сабақтың негізгі мақсатын игеріп қана қоймай, «валюта», «валютаның теңгеге шаққандағы курсы», «валютаны сату, сатып алу», т.б. терминдермен танысып, валютаны теңгеге ауыстыруды үйренді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2021
1339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі