400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала: Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық тәрбиенің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. Балаларға экологиялық тәрбие беру - адамзаттың, тұтасатай қоғамның қазіргі табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық тәрбиенің маңызы


«Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», - деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған орта, яғни экологиялық тәрбиені мектеп жасына дейін қалыптастыру үлкен маңызға ие [1].

«Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббатын шұғылалы шуағын жүрегімізде ұялатқан - Ана»,- деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнген мекені.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. Балаларға экологиялық тәрбие беру - адамзаттың, тұтасатай қоғамның қазіргі табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру.

Экологиялық білімнің негізін қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымнан, мектеп қабырғасынан басталатындықтан, экологиялық білім мен тәрбие беру жаңашыл педагогикалық шарттарды ойластыруды, оқу-тәрбие үрдісіне тиімді жүйені енгізуді талап етеді. Бұл жүйе балалардың табиғатпен үнемі тығыз байланыста болуына қажетті ауқымды мазмұнды, жұмыс үлгілерін, әдістерін өзіне кіріктіруі керек.

Балалардың экологиялық тәрбиесі алуан түрлі іс-әрекеттердің көмегі арқылы іске асырылады:

- саяхатқа шығу;

- мұражайларға бару;

- мақсаттық серуендеу;

- телебағдарламалар, бейнефильмдер көрсету;

- табиғат туралы көркем әдебиеттер оқыту;

- суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;

- музыка тыңдау;

- дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;

Экологиялық білім беру – отбасынан басталады. Жас бала әр нәрсені білгісі келеді. Олар үшін ең бастысы экологиялық мәдениет отбасынан басталуы керек. Отбасы - бала тұлғасының негізі қаланатын, оның дамуы мен өмірге бейімделетін шын әлеуметтік орта. Бала тәрбиесінде отбасы мүшелерінің сүйіспеншілігі мен жауапкершіліктері маңызды рөл атқарады [2].

Қоршаған ортаны қорғау (ауа, су, топырақ және т.б.) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттес үрдістерін де кешенді тұрғыдан қарауды талап етеді. Өйткені, экологиялық мәселелерді адам мен қоғам үшін пайдалы, тиімді шешуге тырысатын маманның жеке тұлғасының адамгершілік дүниетанымын қалыптастырады. Қоршаған ортаны сауықтырудың объективті қажеттілігін терең түсінуге мүмкіндік береді. Солай екен, негізгі салалар бойынша қажетті кәсіби мамандық беру барысында экологиялық білім мен тәрбиенің де мәні зор.

Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.

Қазіргі кезде республикамызда «Халыққа білім беру жүйесіндегі экологиялық оқыту мен тәрбие» мәселесін шешуде жас ұрпаққа, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасына көп көңіл бөлінуде. Бұл мәселені шешу үшін балалық шақтың, әсіресе мектепке дейінгі балалар үшін экологиялық тәрбиенің мәні өте зор.

Табиғат – ана адамзатты осыншама байлықпен қамтамасыз етіп, өсіріп-өрбітіп отырғанда, адамзат та өз тарапынан оған қамқор болуы парыз. Көл-көсір табиғат байлығын үстемелеп молайтып, ұқыптап пайдалану, көзінің қарашығындай сақтау, жанашырлықпен қорғау әр адамның міндеті.

А. Құнанабаевтің қара сөздерінің бірінде оның табиғат заңдылықтарын терең пайымдап алуымен бірге, оған байланысты ғылыми көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың байлығы адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған маххабат қылмағың парыз» – деп өскелең ұрпақты табиғат ананы сүйе білуге үндеген.

Мектепке дейінгі мекемеде балаларға экологиялық тәрбие беруде «Айналамен танысу, «Тiлi дамыту» сабақтарының тәрбиелiк мүмкiндiктерi жоғары. Экологиялық тәрбие беруде ертеңгіліктер, серуенде жүру, айнала қоршаған ортамен танысу кездеріндегі жұмыстар балалардың табиғат туралы түсініктерін жоғарлағаны байқалды. Әр түрлі суреттер салу, табиғатта арналған ертегілерден көріністер балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын оятады [3].

Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл - ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.

К.Д. Ушинский «Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойлауын, сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Л огикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

«Таза болса табиғат-аман болар адамзат, табиғат, сен-тіршілік тұнып тұрған, сен-күнсің, көтерілген күліп қырдан, сен-көлсің, сен-ормансың, сен- бұлбұлсың, адамға сұлулықты шын ұқтырған», - деп ақын ағамыз жырлағандай, табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да, қадірлі жан-анасы болса, адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам - табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады.

Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасында балаларды табиғатпен таныстырудың саяхат, серуен, мақсатты серуен, бақылау, ұйымдастырылған оқу әрекеті сияқты бірнеше түрі берілген. Ұйымдастырылған оқу әрекеті балаларға экологиялық тәрбие берудің басты формасы. Бақылау - мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс. Серуен – балалармен күнделікті күннің І,ІІ жартысында жүргізілетін жұмыс түрі. Экскурсия және саяхаттар ересек тобының балаларымен арнайы жоспарланып, ұйымдастырылады [4].

Қазіргі таңда балабақшаларда балаларға экологиялық тәрбие беру міндеттерін шешу үшін жоспар бойынша жоспарланған жұмыстар ғана жүзеге асырылып қана қоймай, сонымен қатар, экологиялық жобалар да қолға алынуда. Экологиялық жобалар – балаларға экологиялық тәрбие берудің ең тиімді формасы болып табылады. Ал, экологиялық тәрбие адамның жалпы білімінің айрылмас бөлігі. Мектепке дейінгі ұйым – балаларға экологиялық тәрбие беру жүйесінің нағыз ортасы.

Балаларға экологиялық тәрбие беруде өлі және тірі табиғатпен одан әрі таныстырып, табиғат құбылыстары жайында бастапқы жалпылама түсініктерді нақты түрде меңгеру ұсынылады. Жыл мезгілдерінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардың пайдалы іс әрекеті, ауладағы жапырақтарды жинау, жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау, т.б.). Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы құстар мен өсімдіктерді күту, балыққа жем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындалған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ, бүршік, өсімдік) т.б. мағынасына сай түсіндіру. Наурыз мерекесінің қарсанында жас шыбықтар отырғызып, оны күтуді күнделікті әдет дағдыға айналдыру. Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу, сөз жұмбақтар шешу, дидактикалық, қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларын табиғат көрінісінің суретін салып, әңгімелеп айтып беру. Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына, баққа, гүл алаңына барған кезде айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттыруда, балалардың ойлау тұтастығын, яғни табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін, жыл мезгіліне сай мақсат-міндеті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысы оқу жылының өн бойында жүргізіліп отырады. Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтың барын, білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәрбиелік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуда негізделеді [5].

"Ғаламның ғажайып көркі де сонда, сыры да сонда, мақамы да сонда...ғылымы да сонда, адамның өмірі де сонда",-демекші тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау және көркейту - әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі, табиғат пен адам - егіз. Біз жас ұрпақ табиғаттың қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара - пар.

Қорытындылай келе, мектеп жасына дейінгі балаларға өз табиғатымызды сақтап, оның әсемдігімен таныстыра отыра, өзіміздің өмір сүруімізге зор әсер ететіндігін, табиғат пен адамдар тығыз байланыста екендігін, бір-бірінсіз тіршілік болмайтынын түсіндіре отыра қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыруға, қамқор болып, қорғауға тәрбиелеуіміз керек. Сонда ғана табиғатымыздың ауасы таза, берер құдіреті көп болмақ деген ойдамын.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы.- Астана, 2012.

2. Әубәкірова Ә. Экологиялық мазмұны бар тәрбие

3. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары //Ұлт тағылымы. -2003. №2. 19-21 б.

4. Қоқанбаева И.Р. Экологиялық тәрбие беру. Оқу құралы –А, 2006

5. Экологиялық мәдениет – отбасынан //Хабаршы. Педагогика ғылымдары сериясы. -2003. №1 (3). 65-69 б.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
1089
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі