Мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілер арқылы танымдық дағдыларын арттыру.
Халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін, қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз.Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн. Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді.Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын»-деген екен.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол.
Бала тұлғасының интелектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңестігінің басты міндеттері болып табылады.Қиял-біздің өміріміздің бір қыры.Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса,ғажайып өнер туындылары, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді.
Балалардың даму үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек.Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.
Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді.Ертегі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаға жеткізе білу керек.Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйрету, балаларды қызықтырып ой-қиялын дамыту оны баяндауға жетелеу, сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту, ертегі кейіпкерлерін талдау барысында жағымды мен жағымсыздықты ажыратып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету үшін мен алдыма мынандай міндет, мақсат қойдым: қоршаған әлемді таныстыру,заттармен құбылыстарды ажырату.
Ертегілер қоршаған әлемді дүниенің тұтас күшін танумен бірге сан алуан күйде ондағы заттар мен кұбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар ересектермен балалардың бірлескен әрекеттерінің мазмұнын байыта түседі яғни мен балаларға ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде жетелеумен қатар,кітаптағы мазмұнды баяндай отырамын сонда ертегі балаларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын ,тілін дамытады.
Бала ертегіні тыңдап,түсінгеннен кейін қайталап айту барысында үнтаспаға жазып,оны өздеріне тыңдатамын. Балалардын ойлау, жаңа сөз игеру бейімділігі жетіліп, грамматикалық дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді. Сол сияқты ертегіні суреттер бойынша айтқызудың балалардың ақыл ой, қиялының дамуына әсері мол.
Суретті көрсету арқылы ертегіні дәлме-дәл жеткізе алады. Есте сақтау қабілеттерін дамыту үстінде көптеген ертегілерге байланысты ойындар ойнатамын. Мысалы: «Ертегіні баста», «Ертегіні аяқта» , «Ертегіні есіңе түсір» т.б. Ертегіні тек балаларға үйретіп қана қоймай, балалардың ата-анасына да мағлұмат береміз. Ата-аналарға сауалнама, ертегі суретттері, мазмұны таратылып, ертегі бойынша түрлі кейіпкерлерді дайындау тапсырылып, дөңгелек үстел, ойындар ұйымдастырылды.Тапқырлық пен төзімділікке тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап, естіп өскен бала мейірімді,үлкенді сыйлайтын ,өз елін, Отанын қорғайтын азамат болып өседі.
Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына
дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін,
сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің
сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық
рухымен араластырады.
Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін
үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол
бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың
бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет.
Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын
осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз
керек.
Мен өзім жұмыс істейтін «Балақай» тобында «Сөйлеуді дамыту» және «Көркем әдебиет» қызметінде көп ізденіп журнал және әдістемелік құралдар арқылы өз ұйымдастырылған оқу қызметтерін жандандырып өтуге тырысамын. Ұйымдастырылған оқу қызметінде тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырамын. Мысалы «Сөйлеуді дамыту» және «Көркем әдебиет» қызметінде балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады.
Қазіргі таңда балалардың дамуында біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Соңғы уақытта осы жаңа заманауи технологияларды өзімнің шығармашылық жұмысыма енгіздім.Сондықтан мен ұйымдастырылған оқу қызметінде аудио, видео, құралдар, компьютер, интернет, электрондық оқулықтар пайдаландым. Осындай қызықты ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар қызығушылық танытып білімдерін шындай түсті. Мысалы:«Дәрумендердің пайдасы»ойын сауық,«Ертегіні есіне түсір» интелектуалды ойыны және қызықты дамытушы ойындар ойналады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала «Мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілер арқылы танымдық дағдыларын арттыру».

шағым қалдыра аласыз