жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
МАҚАЛА "МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ"
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық- педагогтік колледжі.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің оқытушысы
Какежанова Мадина Дуйсенқызы
Бүгінгі күннің талабы білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімін, қажетті дағдыларын тиімді түрде жүзеге асыратын бәсекеге қабілетті ұрпақты даярлау – болашаққа ең үлкен инвестиция. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында «Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деп, қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімін, қажетті дағдыларын тиімді түрде жүзеге асыратын, өзін-өзі дамытуға дайын тұлғаны қалыптастыру қажеттілігін ескертеді [1]. Бұл нысанаға жетуде болашақ ұрпақтың мектепке дейінгі кезеңнен танымдық қызығушылығын, белсенділік, шығармашылықты дамытуды талап етіледі.
Қызығушылық ұғымы XVIII ғасырдан бастап шет елдерде философия, психология, педагогика ғылымдары саласына еніп, оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінде маңызды орын ала бастады. Әрбір ғалымның, әр елдің ғылымдарының «қызығушылық» ұғымына берген түсініктері әр түрлі. Оны сол кездегі еңбектерден, энциклопедиялар мен сөздіктердін байқау қиын емес. Философиялық энциклопедияда: «Қызығушылық-адамның білім алуда, жаңа фактілермен танысуда және болмысты бейнелеудегі бағыттылығы» -делінген [2]. Психологиялық сөздікте: «...Адам объектіге түрлі мақсат қойып қызығады. Осы тұрғыдан қызығушылық айналадағы заттардың тартымдылығынан туады. Жанама қызығу - бұл әрекеттің түп нәтижесін көксеу»-делінген [3]. Педагогикалық энциклопедияда: «Қызығушылық-адамның белсенді танымдық бағыттылығы, объектіні тануда жағымды эмоция білдіру»-делінген [4]. Қызғушылық – жеке адамның туа біткен қасиеті емес, ол даму процесінде қалыптаса отырып және айнала қоршаған ортаға бағынышты болады, қызығушылық адам іс-әрекетінің қозғаушы күш бола отырып, сыртқы дүниелерді танып білуде қызымет атқарады. Қызығушылық дами келе тұрақты қажеттілікке айналуы мүмкін.
Жеке адам басындағы таным және қызығушылық категориясы бүкіл адамзат тарихында философиялық, рухани, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық мағыналарында, яғни әртүрлі қырынан әр кезеңде қаралып келеді. Қызығушылық туралы ғылыми тұжырымда өте ертеден бастап айқындала түскен. Шығыс ойшылдары Әбунасыр әл-Фараби(870-950ж.), Әбуғали Ибн-Сина (980-1037ж.) және т.б айналаны танып білуде қызығушылық рөліне мән берген. Балаларды тәрбиелеу барысында, олардың білімін қалыптастырудың әдіс-жолдарын қарастырған. Мысалы, Әл-Фарби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар» атты трактатында баланың ішкі сезімдеріне Әсер ете отрып, мұғалім оқыту процесінде қызығушылық пен ынта тудыру жөніңде мынадай пікір айтты: «Рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқу-үйрену нәтижесін шәкірттің ниет әсер етеді. Көңіл қалауы болмақ»-деді. Ал, Ибн-Сина» ...егер ұжымда бала тәрбиеленсе,онда ол жалықпайды, сабаққа ынтасымен қызығушылығы пайда болып, басқалардан қалып қоймауға талпынады» -дейді [5].
Л.С.Выготскийдің пікірінше: “ Өнердің болмысты бейнелеуде өзіне тән құралдары бар, өнерді тану- танымдық процестің жекеленген түрі болып табылды, онда эмоциялық, әсерлену, ойлау т.б. процестер атар жүріп жатады”. Н.И.Морозованың пікірінше: “Бала неғұрлым сәби болған сайын, ол өмірден көп ештеңе көріп- білмегендіктен,оның құбылыстарға қызығушылығы өте ауқымды және мүлде дайындықсыз болады. Соған сәйкес, оның өмір құбылыстарынан алатын әсері де өте шұғыл,жарқын әрі жан-жақты болып кете барады. Нәтижесінде, тәжірбиелеріне сүйеніп, 100-ге дейін тура және кері санатып үйретуді ұсынды [6].
Е.Я.Бурлина көркемдік қызығушылыққа ою – өрнекті ұсынады. Субъект ою –өрнектің “мотивін” көру керек, оның ерекшелігін байқайды, қабылдап отырған объектіге эмоциялық әсерленді. Мүмкіндігінше, кең немесе шағын түрде өзінің шығармашылығының, біліктілігінің, қиялының көмегімен ою-өрнектің “мәнін” ашады. Осындай күрделі эстетикалық объектіні қабылдауға бағдарлау, өнер шығармаларына қызығушылық болып табылады [7]. Расында да адам өзі қызыққан кез-келген нәрсені объективті шынайлықтан таңдап алады. Сол себепті де С.Л Рубинштейн былай дейді : «Қызығушылыққа әрдайым екі жақтан бірдей қарай білу керек. Яғни, әлдебір нәрсе мені қызықтыратын болса, демек, ол мен үшін қызық деген сөз» деп, қызығушылықтың танымдық процесс екендігіне назар аударып, оны зерттеу қажеттігін айтты. Сөйтіп, педагог және психология ғылымдарының теориясы мен практикасындағы ең маңызды ілім қалдырды. «Қызығушылық – оқыту процесінің міндетті бір факторы. Оқыту – қызығушылыққа сүйенеді және қалыптастырады. Бір жағынан қызығушылық оқытудың тиімділігін арттырса, екінші жағынан ол бүкіл педагогикалық мақсатты қорытындылайтын түпкі нәтиже» -деген болатын [8].
Танымдық іс-әрекеттің әртүрлі аймақтарына жататын танымдық қызығушылық - қызығушылықтың ерекше түрі болып келеді. Қызығушылықты кез келген көрнісі оның танымдық жағымен байланысты келгенімен де қызығушылықтың кез келген түрі танымдық деп аталмайды. Танымдық қызығушылықтың ерекшелігі адамның заттар, құбылыстар әлемі мен олар жайлы білімдерге деген күрделі танымдық қатынасынан тұрады. Бұл қатынас адамның терең ізденісімен, өзін қызықтырған аймақта белсенді әрі жігерлі түрде білім алуымен сипатталады. Танымдық қызығушылық құбылыстардың мән мағынасына бойлаумен, олардың ішкі қасиеттерін, байланысы мен қатынасын білумен, сонымен қатар өзін қызықтырған объектімен үнемі шұғылданумен сипатталады.
Танымдық қызығушылықтың мәні туралы ғылымда қалыптасып қалған көзқарасты арнасында қызығушылық индивидтің қажеттіліктері, жеке бағыттылығы және мотивациялық аймағымен байланысты келетін үш зерттеу бағыттары түрінде елестете аламыз. Біздің пікірімізше, ғалымдардың қызығушылықты жеке тұлғаның мотивациялық аймағына енетін түрткі болумен байланыстыратын бағыты нәтижелі деп ойлаймыз. Бұл қызығушылық – адамда пайда болған қажеттілікті өтеуге бағытталған жеке тұлғаны белсенділікке (іс-әрекет, қарым-қатынас, мінез-құлық) түрткі болатын күш ретінде қарастырылады. Негізінде адамның қажеттіліктері жататын арман мұрат, қызығушылықтар, сенім-нанымдар, құндылықтар т.б. түрткі болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты,- Астана, 2012.
2. Философиялық энциклопедия. – М: Политиздат, 1991. - 66б.
3.Психология. Словарь. – М.: Политиздат, 1990. – 89б.
4.Педагогикалық энциклопедия / Бас ред. И.А.Каиров. – М.: Политиздат, 1966. Т.3. – С.880.
5.Аль-Фараби. Философические тракты. – С.446.
6.Антология педагогической мысли Узбекский ССР. – С.320.
7. Бурлина Е.Я. О понятии «музыкальный интерес» // Музыка в социалистическом обществе. – Л., 1975. Вып.2. – С.63-75.
8.Рубинштейн С.Л. О мышлении и путях сто исследования. - М.: Изд. Акад. Наук СССР, 1958. – 146с.
Түйіндеме
Бұл мақалада баланың әрбір қоршаған заттарға деген қызығушылығының қалыптасу жолдары қаралған, сонымен қатар қызығушылықты тудырудың жолдары мен оған қойылатын басты талаптар қарастырылған.
Резюме
В этой статье рассматривается интересы детей ко всем окружающим его предметам, а также формирование их интересов в дошкольном возрасте и основные принципы.
Summary
This article is about the interests of preschool children to the surroundings and the formation of their interests and main principles for them.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген