«Мектепалды
сынып балаларының сөйлеуін дамытудағы
тиімді әдіс тәсілдер»
«Сыр
сандығы» интерактивті әдіс.
«Сыр
сандығы» – балалардың ойлауын,
сөйлеуін,шығармашылық қиялын, сұрақ
қоя білуін және жауап беру дағдыларын
дамытатын интерактивті әдіс.Барлық ҰОҚ
пайдалануға болады.Ішінде суретті
карточкалар немесе қарапайым
сұрақтар,жұмбақтар,смайликтер, бағалау
құралдары,барлығын салып,әр түрлі
қолдануға болады.
«Сауысқан
мен көкек» ертегісі бойынша осы тәсілді
қолдандым,тоқталып кетейін.
«Балалар,
бүгін бізге сиқырлы сыр сандық қонаққа
келді. Ол ертегі бойынша сұрақтар
дайындапты және сандықта ертегі
кейіпкерлері жасырынып тұр.Егерде
жұмбақтардың жауабын шешсек,жасырылған
ертегі кейіпкерлерін табамыз.Балалар
жұмбақ жауабын тапқан соң ,сауысқан мен
көкектің суретін алып сыр сандықтан
алып,,тақтаға іледі.Бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы «Сауысқан мен көкек» деп,мәтінді
оқыдым.Балалар кезекпен сандықтан
карточкаларды алып, сұрақтарға жауап
береді.
Ертеде
қандай құстар орманды мекендепті?
Олардың
нелері болмапты?
Сауысқан
көкекке қандай ұсыныс жасады?
Көкек
не деп жауап берді?
Сауысқан
ұясын қалай салды?
Көкекке
не болды ? Ол қандай құс екен?
Сауысқанға
мінездеме бер.
Қай
кейіпкер ұнады неліктен
Сендер
сауысқанға ұқсағыларың келе ме?
Егер
сендер көкектің орнында болсаңдар не
істер едіңдер?
-Ертегіні
басқаша аяқтап көр.
-Құстарға
қандай кеңес берер едің?
Балалар
еркін ойыларын айтып,толық сөйлеммен
жауап береді.
Қорапшаға
балаларды мадақтайтын смайликтерді
салуға болады.
Күтілетін
нәтиже:
Балалар
өз ойын еркін жеткізеді
Сөздік
қоры молаяды
Шығармашылық
қабілеттері дамиды
Сөйлеу
мәдениеті қалыптасады
«Пантомима
арқылы бейнелеу» әдісі балалардың
эмоциялық ойлауын жетілдіреді.
«Балалар
ертегідегі кейіпкердің әрекетін
пантомима арқылы көрсетеді, эмоцияны
қосады: кейіпкердің көңіл-күйін көрсетеді
(қуаныш, қорқыныш, таңғалушылық).».
Мысалы:
«Көгершін мен құмырсқа» ертегі
Топтық
жұмыс: бірнеше бала бір көріністі бірге
көрсетеді.
Құмырсқа
суға түсіп кеткенін,
Көгершін
ұшып келеді, құмырсқаны құтқарып жатыр
Көгершін
жем шоқып жүргені,құмырсқа аңшыны шағып
алғаны.
Театрландырылған
әрекет.
Театр
– сөйлеуді дамытудың ең тиімді жолдарының
бірі,сонымен қатар шығармашылығын
дамытады.
«Суретті
қалай атауға болады» әдісі
Сөйлеуді
дамыту сабағында сюжеттік сурет бойынша
әігіме құрастырамыз.
Мақсаты:
баланың ойлау дербестігін,шығармашылығын
дамыту.
Балалар
ойдан шығарып бір суретке бірнеше ат
қояды және неге солай атағанын түсіндіреді.
Сұрақ-жауап
және проблемалық жағдаяттар
Баланың
ойлауын, өз пікірін айтуын дамытады.
Мысалдар:
«Неге
олай болды деп ойлайсың?»
«Егер
басқаша болса не істер едің?»
-«Қалай
көмектесуге болады?»
Сабақтан
тыс уақытта, «Көрнекі-тілдік ойындар»
«Затты
үлкейту,кішірейту»\ұзын-қысқа сиқырлы
таяқшалар\
-Осы
таяқша арқылы заттарды үлкейтіп,кішірейтеміз.\3
заттан кем емес\
«Егер
бұл зат өте үлкен болса не болар еді?»
«Ал
өте кішкентай болса ше?»
Үлкен
доп – үйдің төбесіндей, оның ішінде
ойнауға болады.
Кішкентай
піл – алақанға сыяды, сөмкеде жүреді.
Балмұздақ,парта,гүл,шырша,
«Затқа
жан бітіру»
-
Аяқ киіміңізге жан бітсе, не ойлар еді?
-ЖиҺазыңыз
не ойлайды?
«Егер
мен… болсам» тақырыбында әңгімелеу
Затқа
жан бітіріп сөйлету (қалам, ойыншық,
ағаш)
«Сиқырлы
сөздер» әдісін
кеңінен қолданамын.
Бұл
әдіс мектепке дейінгі балалардың
сөйлеуін, қиялын және эмоциялық ойлауын
дамытуға өте тиімді.
Балалар
суретті карточка таратылады.
«Сізге
бір сиқырлы сөз берілді. Осы сөзге
қатысты бір қысқа оқиға ойлап табу
керек,деймін Әрқайсысы сол оқиғаны
айтып береді».Мысалы, сөздер тасбақа,алма,
көгершін, дос, қуаныш, ойын, , үй,
ағаш,тасбақа.
Мысалы
сөз: «тасбақа»
Баланың
әңгімесі:
«Бір
күні тасбақа орманға кетті. Ол алма
іздеді. Алдынан кішкентай бала шықты,
тасбақаға көмектесті. Олар бірге ойнады»
Балалардың
сөйлеу белсенділігін арттырады
Қиялын
және шығармашылық ойлауын дамытады
Қорытынды
сөз:
«Бала
шығармашылығы – шексіз әлем.
Біз
сол әлемге жол ашатын жандармыз.
Бүгінгі
семинар сіздердің жүректеріңізге шабыт
ұялатып,
әр
балаға шығармашылығын еркін дамытуға
мүмкіндік береді деп сенемін.»
«Баланың
шығармашылығы– оның болашағы.
Ал
сол шығармашылықты дамыту – біздің
қолымызда.»