400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Мектепке дейінгі балалардың сыни тұрғыда ойлауын арттыру жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы тұлға ретінде қалыптастырудың жаңа инновациялық тиімді жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Б.Рахманбердиева

«Ұлан» балабақшасы тәрбиеші


Мектепалды даярлық топтарында сыни тұрғыда ойлауын дамытуға бағытталған стратегияларды қолдану ерекшеліктері.


Заман талабына сай, білім беру үрдісінде педагог та бала да жеке тұлға болып қарастырылды. Жеке тұлғаға жету үшін педагоог әр баланың қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптастырады. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан- жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу- ең басты мәселелердің бірі. Бұның өзі балалардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарыныны ашу, тәрбиешілер қауымына зор міндеттер жүктейді. Бұрын оқу үрдісінде педагог басты рөл атқарған болса, қазір баланың белсенділік көрсететін кезі туды. Оқу қызметі тәрбиешінің емес, баланың іс- әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр.

2017- 2018 оқу жылында «Ұлан» балабақшасында Әліппе оқулығы мен оқу әдістемелік кешенінің аппробациядан өткізілуі менің алға қойған мақсатымды айқындай түсті. Болашақ мектеп оқушысы болғалы тұрған мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерінің мектепке деген дайындығын, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мен үшін өте жауапты іс болды. Сондықтан, биылғы оқу жылында терең білім мен балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп тәжірибе жинақтадым. Мектепалды даярлық топтарындағы оқу қызметтерін сыни тұрғыда ойлау технологиясы арқылы жоспарлаудың кейбір элементтерін қолданып құру және өткізу тиімділігі жөнінде әріптестеріме осы мақаламды ұсынғым келеді.

Сын тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль тек қана мектептерде емес қазіргі таңда балабақшаларда балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды, саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін  талап ететін  проблемаларды айқындаудан басталады. Бала өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Бұл технологияның ерекшелігі- баланы тәрбиешімен, достарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір- бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселенің жолын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулиды.

Бала- білімге өзі жетеді, ойланушы, ізденуші, өз ойын дәлелдеуші.

Тәрбиеші- бағыт беруші, әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Мектепалды даярлық топтарындағы кез келген оқу қызметін блум таксономиясы құрылымымен құрар болса ол оқу қызметі нақты көзделген мақсатқа жетеді, және нәтиже береді. Ол мынадай құрылымды бөліктерден тұрады:

  1. Білу

  2. Түсіну

  3. Қолдану

  4. Талдау

  5. Жинақтау

  6. Бағалау [1]

Осы барлық бөліктерінде бағыттыалған әрекет түрлерін ұйымдастырғанда өз тәжірибемде қолданған стратегияларымды ұсынамын.Стратегия дегеніміз- философия, әдістемелік ұстаным.Тәрбиеші мен бала кез келген стратегияның әдіс- тәсілін, қыр- сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар балаларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа, баулиды, еркін, терең, жан- жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Қазіргі таңда стратегиялардың 80 нен астам түрі бар. Жұмыс ыңғайына байланысты олардың түрі мен бала деңгейіне сай кейбір орындалу кезеңдерін өзгертіп те қолдануға болады.

1. «Комплименттердің бұрқасыны»

2. «Ой ашар».

3. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

4. «Броундық қозғалыс»

5.«Раундробин»

6. «Инсерт» немесе «Буриме»

7. «Рефлексиялық сәт» «Кубизм стратегиясы»

8. «Бумеранг» стратегиясы

9.«Дербеспікір»
10. «Досымның портреті»

1.Ой сергек. («Step by step» бағдарламасы бойынша) яғни, «Комплименттердің бұрқасыны» cтратегиясы арқылы балалардың бір-біріне оқу қызметі үстінде мақтау, қуаныш сыйлайтын сөздер айтуы.
2. «Ой ашар» стратегиясы (Миды, екі көзді, екі қолды жұмысқа жұмылдыру мақсатында логикалық сұрақтар қою арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту)

1. Логикалық тапсырмалар тізбегі

2. Аю,сағат, тау, алмұрт,нан,алақан суреттерін көрсете отырып бас ірңптерінен шыққан сөзді оқу. (Жаңа тақырыптың атауы шығады)
3. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» cтратегиясы арқылы кестені толтыру.

Көбінесе бұл стратегия талдау, салыстыруға өте ыңғайлы. Қандай пішінді қолдану педагогтың өз шеберлегіне байланысты. Ортақ белгі (Астана қала)

Ұқсастығы: Зәулім үйлер, жолдар, темір жолы, әуе жолы, адамдар өмір сүреді. Айырмашылығы: Астана, ел ордасы, бәйтерек бар, елбасы бар.


4. «Броундық қозғалыс» cтратегиясы балалар орнында отыру міндетті емес. Белсенді қозғалыс жасай отырып, бір-бірімен ақылдаспай берілген тапсырмаларды орындауы тиіс.

5. Бүгінгі өтіп отырған тақырыбын нақтылау барысында тақырыпты қалай түсінгендерін «Раундробин» (жазбаша дөңгелек үстел) cтратегиясы арқылы балалар өз ойларын белгіленген уақыт аралығында айтып, оң жағындағы көрші балаға ысырады. Солай барлығы дерлік белгі салады немес айтып болып, соңындағы топ басшы өз тұжырымы мен топтың ойын айтады. Кез келген суреттерді қолдануға болады. Ағаш бұтағымен, Алмалар, өрмекші, кемпірқосақ түстері т.б. (Мысалы Ө әрпі дауысты, сөз басында, ортасында, соңында келеді, жуан дауысты, қызыл текшемен белгілейміз, о ға ұқсайды, белінде белдігі бар деп топ тұжырымдама шығарады.

6. «Буриме» стратегиясы 4 жолдан тұратын өлең шумағын шығару.

Кез келген тақырыпта қолдануға болады, әсіресе сергіту сәттерінде қолданған өте ыңғайлы.

7Shape1 . Рефлексиялық сәт. «Кубизм» стратегиясы бойынша бір-біріне кубик лақтырып өз тұжырымдарын білдіреді.
- ұнады ұнамады;

-Shape2 үйрендім үйренбедім өз ойларын тыңдау.

8.«Бумеранг» стратегиясы. 2-4 минут ішінде топ құрамында тәрбиешіге, яғни маған сұрақтар дайындаңыз. Нәтижесінде «Осы сұраққа сіз өзіңіз қалай жауап берер едіңіз? Бұл сұраққа кім жауап бергісі келеді? Бұл сұраққа сіз жан-жақты жауап бере аласыз деп ойлаймын» деп тәрбиеші білім алушының өзінен жауап ала алады.

9.«Досымның портреті» стратегиясы. Ақ парақты басына қойып фламастермен досының келбетін салып досына тілегін айтып ұсынады. Мадақтау, бағалау, сәттерінде қолданылады.

10. «Болжам» стратегиясы. Балаларға әсіресе көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, драма оқу қызметтерінде өте қызықты. Әңгімені бастап беру, соңын аяқтамай өздеріне болжам ұсыныстарымен аяқтап айтқызу. (Орман ішінде қояндар топ болып секіріп жүрді, көжектері де еріп жүрді. Олар бір- бірлерімен қуаласып ойнады. Кенет бір ырылдаған дауыс шықты...) [2]

Нәтижесінде: бала ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.

Қорытындылай келе бұл стратегияларды қолдана отырып балалар да педагог та үнемі ізденіс үстінде жаңаны тануға ұмтылып отырады. Шығармашылық белсенділіктері шыңдала түседі. Болашақ мектеп оқушысын балабақшада тәрбиелеуде сыни тұрғыда ойландыратын осындай әдіс- тәсілдерді қолдана отырып жасаған жұмыстың әрқашан нәтижелі болуына мен сенемін.







Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Ұсдаздар сайты»

  2. «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
796
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі