Мақала «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы».

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінезі олар өсіп-есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ.

Тараз қаласы, Сәби әлемі» балабақшасының тәрбиешісі

Абдикаримова Улжалгас Сейтбековна

Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінезі олар өсіп-есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ түлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Тіл - баланың жеке түлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Ал сол тілді дамытуда ойынның орны ерекше. Мектепке дейінгі балаларды оқыту - тәрбиелеу жүмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыруда, сонымен қатар, айналасындағы заттарды таныстырып, атын атай білуде, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуде, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасауда - ойын технологиясының маңызы зор.

Ойын технологиясы арқылы баланың тілін дамыту жеңіл. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, үлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дүрыс және үғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дүрыс. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ түлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Ойын- баланың жеке түлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Әсіресе, ойынның тіл дамытуда орны ерекше.Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдаланудың өзіндік мәні бар. Ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым - қатынастарда сөйлеуі жақсы дами түседі. Топпен біріге жүмыс жасау қабілеттері арта түседі. Балалардың тілдерін дамытуда көптеген өлең - тақпақтар жаттату, ата - анасын қүрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, тілдерін ары қарай дамытып, оқу іс - әрекетіне сай бағдарлама бойынша жаңа технологиялармен жүмыс жүргізген абзал. Балалардың сөздік қорларын дамытуда ойын технологиясының қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Бала ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Көп балалар кейбір «р, л, с, ш» сияқты дыбыстарды айтуға тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш - ойындарды пайдаланудың мәні зор. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дүрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дүрыс айтуға үйренеді. Баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне мән беріп, оларды дүрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап, анық сөйлеуге үйретуді мақсат еткен. Балалардың көбінесе дұрыс айта алмайтын дыбысы «р»- ның орнына «и» немесе «л» дыбыстарын қолданады.

Қорыта келе,ойын баланың барлық жақтарын ашатын, яғни тілін де дамытатын бүкіл жақсы қасиеттерін ашуға көмектесетін, басқа балалармен қарым - қатынас жасаудың бірден - бір қүралы.«Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген қүлқы, қарым - қатынасы, мінез - қүлық көріністері арқылы олар өсіп, есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелер мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,солардың сөйлеу мәнерін қолданып, эмоцияға беріп, әрекет жасайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2023
243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі