Мақала
“Мектепке дейінгі мекемелерге
инновациялық технологиялар мен әдістерді
енгізу”
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға қоғам назарын аудара отырып: «Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға оқытудың заманауи инновациялық
әдістерін енгізу, ал білім беру технологиялары
– жасампаз болуы қажет» – деп
тапсырма берген болатын.
Мектепке дейінгі
ұйым – бұл дамуға ұмтылған, жаңа мүмкіндіктерді іздеген, баланың,
жанұяның, қоғамның сұраныстарын қанағаттардыруға қажетті
жағдайларды жасайтын, педагогтардың шығармашылық және кәсіби
жұмыстарын жағдаймен қамтамасыз ететін, заманауи талаптарға жауап
беретін күрделі ағза. Демек, осы мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жандандыруда
инновациялық
технологиялар
мен әдістердің маңызы өте
жоғары. Жалпы бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым жұмысына инновациялық
технологиялар
мен әдістерді енгізу бірқатар шешуге болатын қиындықтарды
туындатады. Олар жасалатын жұмыс ауқымының артуы, лауазымдық міндеттер шеңберінің кеңеюі, инновациялық
технологиялар
мен әдістердің жеткіліксіз ресурстық қамтамасыз етілуі, материалдық және моралдық ынталандырудың
әлсіздігі, ал балалар үшін оқу
жүктемесінің
артуы орын алып отыр.
Еліміздің
қоғамдық өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер,
білім беру жүйесіне, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға сәйкесті өзгерістер енгізуді талап етеді.
Сондықтанда,
бүгінгі мектепке дейінгі білім беру жүйесіне, оның сапалы мазмұнын
жаңғырту мәселелеріне айырықша көңіл бөлінуде.
Қазір мектепке дейінгі ұйымға
балалармен үдемелі инновациялық технологиялар мен жаңа
бағдарламалар негізінде жұмыс жасауға қабілетті педагог қажет.
Ол көп білуі, өзімен тұрақты жұмыс жасауы, арнайы білік және дағдылары болуы тиіс; өз шеберлігін тұрақты түрде жетілдіруі, инновациялық
технологияларды,
дәстүрлі емес әдістерді меңгеруі; компьютерді білуі, Интернетті пайдалана білуі қажет. Егерде әр
балабақшада осындай тәрбиеші-педагог болса, онда мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту бүгінгі күн
талаптарына, ата-аналар мен
қоғам талаптарына жауап беретін болады.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар
кіреді:
-Денсаулық сақтау
технологиясы
-Жобалы-іс шығармашылығы
-Ізденіс-шығармашылық технологиясы
-Қатынастық-ақпараттық технология
-Жеке тұлғаға
бағыттау технологиясы
-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы
-Ойын
технологиясы
-Триз технологиясы және т.б
Мектепке дейінгі білім беру
үдерісіне енгізу үшін үлгіге мынадай әдістер мен технологиялар
ұсынылады.
Дамытушы технологиялар.
Дәстүрлі оқытуда
балаға үйрену үшін дайын өнім мен әрекеттің үлгілері
беріледі. Ал дамыта оқытуда бала өзінің әрекеттерін талдау нәтижесінде мәселені шешуге өз
бетінше қол
жеткізеді.
Мнемоника
немесе мнемотехника – қосымша
байланыстардың пайда болуымен есте сақтауды жеңілдететін және есте
сақтау көлемін ұлғайтатын түрлі тәсілдердің жүйесі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға мнемотехника
тәсілдерін қолдану аса
маңызды, өйткені сыртқы құралдардың әсерінен ойлап шешетін тапсырмалар ауызшаға қарағанда көрнекі материал арқылы жақсы меңгеріледі. Дамыта оқытуда балаларға тілдерін дамытуға бағытталған, олардың белсенді сөздіктерін байытатын, сөз жасау дағдыларын бекітетін, заттарды сипаттайтын, мәтіндер құрауға жәрдем беретін көрнекі үлгілер қолданылады. Сипаттау мәтіндерін құрауда мнемотехника
тәсілдерін, мнемотаблицаны
немесе заттарды сипаттау үшін сызба-жоспар тәсілдерін қолдану мнеможұмбақтарды
құрауға жәрдем етеді. Бұл жұмбақтарды шешу барысында белгілері бойынша нысандарды анықтайды. Кіші топтарда алғашқы кезде педагог әрбір берілген суреттерді жан-жақты түсіндіреді. Ал келесі кезеңде ересек топтарда суретке қарап,онда не
жасырылып тұрғанын өз
бетінше тауып, түсіндіруді ұсынылады.
Пластилинография
–
ермексазбен жұмыс балаға түсті сезінуге, ұсақ саусақ моторикасын
жүзеге асыруға және балаға жағымды көңіл күйді сезінуге мүмкіндік
береді. Мүсіндеу әрекетіндегідей
пластилинографияда
кіші топтарда басу, сипалау, тегістеу, жалпайту, жаю тәсілдері қолданылады, ал ересек топтарда түстер бір-бірімен араластырылып
қосымша түстер алынады.
Ақпараттық
технологиялар – анимацияларды,
фильмдерді тұсаукесерлер слайдтарын қолдану үйретілетін
құбылыстарға балалардың белсенді танымдық қызығушылықтарын танытуға
мүмкіндік береді. Танымдық ертегілер балаларды қоршаған ортамен таныстыруға, айнала қоршаған шындыққа белсенді танымдық қарым-қатынасты туындатуға және құбылыстардың
мәніне жетуге мүмкіндік беретін білім қорын жинақтауға бағытталған. Танымдық ертегілер балаларды бөлек деректермен таныстырады, құбылыстардың
артында не
жатқанын айтады. Ертегілер мынадай талаптарға сәйкес болуы керек: танымдық материалдан құрылуы, балаға бала жасына сәйкес білімнен хабар етуі, оның мазмұнын білуге дене қызығушылыққа
баулуы керек. Танымдық қызығушылықты
туындату үшін міндеттерді шешу басқа жағымсыз сәттермен жасырынбай кейіпкерлердің
әрекетінің бел
ортасында болғаны, ғылыми мазмұнға қызығушылыққа
шақыруы, күрес, жанашырлық пен
кейіпкерді іздеу нақты осы
мазмұнмен байланысты болуы, соның айналасында шоғырлануы, сонда іске асуы қажет. Ертегі балаларды қызықтыруы үшін: ертегідегі барлық қимылдардың өрбіуі сол
сауалдардың шешімі болуы, сауал мен
оның шешімі бала үшін жағымды кейіпкердің тұлғасында нақтылануы, сонымен бірге ол
қуанатындай, қобалжыйтындай,
ойша күресе алатындай, қойылған мақсатты іздеуді және шешуді, сауалды шешу жай
ғана баяндау сипатында берілмей, кейіпкердің белсенді әрекетінің нәтижесінде берілуі қажет.
Жобалау
технологиялары – бала мен
педагогтың бірлесіп жүзеге асыратын эксперименттік әрекетін құру.
Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез
келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын
шешу үшін белгілі бір
жоспарлар, белгілі бір
мақсаттары бар
мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен
балалардың белгілі бір
практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол
жеткізілетін
іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі
үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады. Кіші мектепке дейінгі жастағылармен
мынадай тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»; «Жыл
мезгілдері», «