ТӘРБИЕШІЛІК – ТАҒЫЛЫМДЫ ІС!
Сантаева Шынар
Серикбаевна
Атырау облысы, Жылыой
ауданы
«Шапағат» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Балабақша – білімнің негізгі іргетасын қалап, өскелең ұрпақты ізгі қасиеттерге тәрбиелейтін, достық пен бауырмалдыққа бастайтын, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіріп, тұлға болып қалыптасуына түрткі болатын орта. Осы орайда тәрбиешілердің еңбегі ерен екенін айта кеткеніміз жөн. Мәртебелі мамандықты мен де бала кезімнен армандап, аталмыш сала бойынша біліктілігімді дамытып, жақында жұмысқа орналастым. Жас маманға жүктелетін жауапкершіліктің салмағы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Жүрек қалауымен таңдаған салаға бет бұрған алғашқы күннен – ақ мамандықтан қателеспегенімді түсіндім. Оған қоса, еңбек ұжымы жылы шыраймен қарсы алып, қолтықтан демеп, барынша жан – жақты қолдау көрсете білгеннің арқасында өзіме деген сенімділік артып, жұмысқа деген құлшынысым арта түскен. Тәжірибелі мамандардың талай жылғы тағылымды ойларын, тұщымды сөздерін қаперіме алып, тәрбиешіліктің қыр – сырына үңіліп, табандылықпен жас ұрпақты тәрбиелеуге тырысып жүрмін.
Тәрбиеші болуы – жан – жақты қасиеттерді талап етеді. Біз спортқа да етене жақын, өнерді де жүрекпен түсінетін, сөз саптаудың шебері, жалпы айтқанда білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, жақсылыққа жол нұсқап, жан – жақты еңбек ете алуымыз қажет.
Балабақшада білім туралы алғашқы дағды қалыптасады. Балалар қоғамдық ортада өзін – өзі ұстауды меңгеріп, көпшіліктің көзқарасына қарай бейімделуді үйренеді. Топта достық қарым – қатынас орнатып, бауырмалдыққа барынша тәрбиелеудің маңызы ерекше. Күн тәртібіне бейімделіп, бүлдіршіндер уақытты тиімді жоспарлауды әдетке айналдырады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді біліп, тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Айта кетейік, алдағы уақытта әр жас жеткіншектің желкілдеп өсуіне дәл осы қасиеттер ерекше ықпал етеді. Жас шыбықтай жайқалып, енді ғана желкілдеп өсіп келе жатқан жандарды бақшадағы бағбандай барынша қамқорлыққа алып, қолдау көрсету біздің ең негізгі парызымыз.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, салт – дәстүрмен сусындату, жөн – жоралғылармен таныстыру да жіті назарда болғаны дұрыс. Мен күнделікті іс – әрекетте, ойын барысында, сөз арасында үнемі тағылымды тарихты алға тартып, ұлтымызға тән ерекшеліктерді ұлықтап, ұрпағымыздың ұлағатты болып өсуі үшін түрлі әдіс – тәсілдер көмегімен ұсынғанды жөн көремін. Осы орайда, жаңашылдықтың жаршысы болуға атсалысып, инновацияның барлық мүмкіндіктерін пайдалануды жөн көремін.
Жаңаша білім беру – заман талабы. Мен аталмыш саланы бірнеше жыл бойы жан – жақты меңгеріп, біліктілігімді дамытып, тәріжибелік машықтан өту барысында бізге инновациялық білім берудің көптеген тетіктерін үйретіп, жұмысқа қолдану қажеттігін көрсеткен болатын. Оған қоса, «Жас келсе - іске» деп, дана халқымыз жастарға ерекше сенім білдіргендіктен, цифлы әлемның сан алуан сырын білгендіктен, оны игі мақсатта пайдалану дұрыс деп есептеймін. Инновациялық білім беру – уақытты үнемдеп, бүлдіршіндердің қызығушылығын одан әрі арттырып, тек бірізді әдіс – тәсілмен ғана емес, сан алуан тетіктерді қолдануға мүмкіндік береді. Мен еңбекке енді аралассам да, жаңашыл білім беруді жан – жақты жүзеге асырып, жас бүлдіршіндердің таным көкжиегін арттыруды жөн деп санаймын.
Балабақша бүлдіршіндері әлі ойыннан алыс кете қоймаған, қимыл – қозғалыстары шапшаң, гипербелсенділіктері жоғары, өмірге құштар жандар. Сол себепті ойната отыра оқыту, оқыта отыра тәрбиелеу менің басты ұстанымдарымның бірі. Ұлттық ойын түрлерін де таныстыру, топта татулықтың тамырының тереңге жаюын қалыптастыру бүлдіршіндердің физикалық және психологиялық дамуына айтарлықтай әсерін береді.
Әр бала – бір әлем. Отбасында өзіндік орыны бар, ұстанымдары мен көзқарастары әр – түрлі балаларды бір арнаға тоғыстырып, бірдей бағытта тәрбие беру оңай жұмыс емес. Алайда, мен әр бүлдіршіннің жүрегіне жол тауып, ата – анамен тығыз қарым – қатынас орнатып, өз жұмысымды мол жауапкершілікпен атқаруға тырысамын.
Мен өз мамандығыммен мақтанамын! Тәрбиеші болу – ұқыптылықты, биязылықты, мейірімділік пен мол жауапкершілікті талап етеді. Педагогикалық иммидждің де рөлі ерекше. Біз әр сөзімізбен, іс – әрекетімізбен, тіпті киімімізбен де бүлдіршіндерге үлгі боламыз. Сол себепті, «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы», деген тіркесті басшылыққа алып, барынша мұқият еңбек етуді дұрыс деп есептеймін.
Мәртебелі мамандық бойынша еңбек етіп, жас маман болып жұмысқа орналасқаныма қуаныштымын. Сенімге селкеу түсірмей, ұлт ұландарын ұлтжандылыққа тәрбиелеу менің басты мақсатым. Тәрбиешілік – тағылымды іс!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне

шағым қалдыра аласыз