жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Мектепке дейінгі ұйымда роботтотехникалық құрастыру"
Рахиммбекова Қ.А.
ҚМҚК «Еркетай» сәбилер-балабақшасы
Шахтинск. қаласы
«Мектепке дейінгі ұйымда робототехникалық құрастыру
және бағдарламалау дағдыларын дамыту»
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол – ұстаздың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж. Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда робототехникалық құрастыру және бағдарламалау дағдыларың дамыту» бағдарламасы балалардың техникалық шығармашылыққа бейімділіктерін дамытуға, техника саласында практикалық меңгеру, жобалау және техника нысандарын жасау арқылы шығармашыл тұлғаның пайда болуына ықпал етуі тиіс. Бұл қасиеттердің дамуы қосымша оқыту процесінде вариативтік компонент, үйірмелік жұмыс өтеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың модельдеуге және техникалық құрастыруға қызығушылығын, балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ынталандыруды дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бастапқы бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың психофизикалық қасиеттерің, жадысын, ынтасын, логикалық және сыни ойлауын, ұсақ моторикасын дамыту.
Балалардың комуникативтік дағдыларың қалыптастыру, командада кіші топта жұмыс істеу біліктері.
Педогогтардың білім беру деңгейін құрастыруды, бағдарламалауды және роббототехниканы оқыту есебінен жоғарлату.
Құрастыру, бағдарламалау және робототехниканы қосымша білім алуға енгізудің механизімін жасау.
Оқу қызметінің дағдылары еңбек ете білу және ынталану, нұсқауға және қойылған мақсатқа сәйкес тапсырмаларды орындау, бастаған істі аяғына дейін жеткізу,
Заманауй робототехникалық конструкторлар баланың танымдық ойын процесінде заманауй ғылым мен техника туралы көбірек ақпарат алып және оны меңгере білу үшін жобаланған.
Роботтотехникалық конструкторларды пайдалану білім беруші робототехникада, алгаритимдеуде бағдарламалаудың негіздерін игеруге алғашқы қадамдар жасауға жағдай туғызады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру, бағдарламалау және робототехника дағдыларын меңгеруі
«Мектепке дейінгі ұйымдарда робототехникалық құрастыру және бағдарламалау дағдыларын дамыту»
Роббототехникалық конструкторлардың көбі шағын екенін ескерсек, сонымен қатар, бұл бағдарламаны енгізуде негізгі тағайындалудың бірі болып пәнаралық интегралдау табылатындықтан, бұл жабдықтау білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының ойын бөлмелерінде пайдаланылуы мүмкін.
Мектепке дейінгі кіші топ балаларымен сабақтар жүргізу үшін келесі жабдықтарды қолдану ұсынылады.
Шығармашылық және танымдық дамытуға арналған, конструкциялық элементтер, фигуралар, нысандар жиынтығы.
Лего Едукейшен, Дупло.
Мақсаты құрастырудың көмегімен тәжірбиелік- ізденіс жолы арқылы балалардың математикалық түсінігін айқындау және қалыптастыру.
Бұл жерде топтастыра білуге тәрбиелеу, әр түрлі топтарды салыстыруға дамыту.
«Стеам ғаламшары» жиынтығы.
Балаларды Стеам ғаламшары және оның персонаждарымен таныстыру.
Жиынтықпен таныстыру. Мүмкін болатын констукциялардың иллюстрациялары бар үлестірмелер жиынтығын пайдалану арқылы модель құру.
Геометриялық фигуралар, конструкциялық элементтер мен әдістемелік құралдан тұратын, балалардың роботпен ойнау дайындығына арналған жинтық.
«Полидрон Гигант» жиынтығы.
Қиялдау, комуникативтік дағдылар шығармашылық белсендікті дамыту., Кеністікте және кеністік ойлауға бағдарлай білуге дамыту.
«Робот тышқан» жиынтығы.
Балалардың альгоритимдік ойлауын дамытуға ықпал жасау.Қадамдық бағдарламалау білігін қалыптастыру. Логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру. Креативті ойлау дағдыларын дамыту. Коиандалық жұмыс істеу қабілеті мен комуникацияға тәрбиелеу.
Стеам ғаламшары жиынтығы көмегімен құрылған роботтышқанның қаладағы саяхатын бағдарламалау.
«Роббо Уаро» жиынтығы.
Балалардың робототехника, оның адам өміріндегі маңызы туралы алғашқы түсінігін қалыптастыру.
Конструктормен қауіпсіз жұмыстың ережелері мен амалдарын түсіндіру.
Балаларды Уара конструкторымен, тетіктердің атауларымен, бекіткіштің элементтерімен таныстыру.Жұппен жұмыс кезінде балаларды игілікті қарым- қатынасқа тәрбиелеу. Баланы робототехниканы үйренуге дайындау мақсатында алгоритмиканы, «робот-тышқан» бағдарламалауының негізін үйренуге арналған жиынтық. Бұл жерде технология, инженерия және математика сияқты ғылым салаларымен балаларды жастайынан еліктіруге және қызықтыруға арнайы жасалынған. Алгоритмиканы оқытуға арналған тағы бір жиынтық - бағдарламаланатын Робот Ботлей. Онымен бірге сабақты тартымды оқиғаға айналдыруға болады. Робот Ботлей-дің дисплейі жоқ және жұмысты белсенділендіруге арналған ешқандай қосымша құрылғыларды талап етпейді- ол бағдарламалау қағидаларын таныстыру үшін мінсіз болып табылады. Бағдарламалау дағдыларын дамытуға арналған, ойын алаңы, бағдарламаланатын робот-ойыншық, тапсырмаларымен үлестірмелер және әдістемелік құралдан тұратын сөрелік жиынтық. Робототехникаға тұрақты қызығушылықты қалыптастыру. Адамгершілік, эстетикалық және тұлғалық қасиеттерге тәрбиелеу «Мектепке дейінгі ұйымдарда робототехникалық құрастыру және бағдарламалау дағдыларын дамыту» Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың құрастыруға қызығушылығы, конструкторлық іс-әрекетке белсенділігі, ата-аналардың бірлескен шығармашылық іс-әрекетке қызығушылығы Роботты техника біздің өмірімізге дендеп енуде. Біз он жыл өткен соң-ақ ұялы телефон мен планшетке үйреніп кеткендей роботты да көшеде еш таңғалыссыз кездестіре беретін шығармыз. Ал балалардың бұл әлемді роботпен қабылдау арқылы неше түрлі қызыққа тап болатыны түсінікті. Мұның барлық мәні, маңызы мынада жатыр: әрбір бала роботты техника туралы барынша көбірек білуі тиіс. Тіпті келешекте инженер немесе бағдарламашы болмай-ақ, бухгалтер, слесарь немесе ақын болып шықса да оның қажеті ұшан-теңіз. Роботты техника мектепке дейінгі жастағы балалар үшін – ол бірінші кезекте баланың интеллектін дамытушы шығармашылық сабақ болып табылады: баланы мектепке дайындауда оған аса қажет болып табылатын есте сақтау қабілеті мен кеңінен ойлау жүйесі кеңейеді, қажыр-қайратын ұштап, ынта-ықыласын арттырады. Конструктормен жұмыс істеу жинақылықты талап етеді және сонымен бірге қиялдай білу қасиетін дамытады және бір нәрсені ойлап табуға деген ниетін оятады. Осы көзқарас бойынша бұл конструкторлар роботты техника үшін әдеттегі констукторлар секілді әрекет етеді. Бірақ әлі де олар техникалық ойлау деңгейлерін дамытып, шығармашылық қасиеттерін ояту үстінде болады. Қортынды; Мен осы мақаламды қортындылай келе өз тажирбиемде балабақшадағы оқу-іс әрекетінде роботтотехниканың алгоритм, сонымен қатар бірнеше тәсілдерін қолдандым, бұл оқу-іс әрекеті балаларға қатты ұнады, олар берілген тапсырмаларды сондай қызығушылықпен орындады. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде баламен жұмыс жасаудың тиімді жағы - зерттеу жұмыстары. Дегенмен зерттеу жұмыстары өз алдына бір сала болып енгізілген жоқ. Балабақшадағы баланың іздену жұмыстарының негізгі әдістерінің бірі - зерттеу. Бұл әдістің негізгі жетістіктерінің бірі - баланың затпен, материалмен тікелей қарым - қатынасы. Зерттеу кезінде бала өзінің қажетін қанағаттандырады, ойлау, есте сақтау, зейінін тұрақты қалыптастырады, бақылау, салыстыру, орнына қою сияқты дағдыларды бойына дарытады.Балалар зерттеу жұмыстарын өте жақсы көреді. Бұл дегеніміз зерттеу жұмыстары баланы - қызықтырудың бірден бір әдісі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға зерттеу әдісі бастаушы, ал алғашқы 3 жылда қоршаған ортаны танудың тиімді бөлігі. Қытайдың ғалымдарының мынандай сөзі : «Айтсаң- ұмытамын, көрсетсең - есіме сақтаймын, қолдансам- түсінемін». Бала көріп өзі жасаған нәрсесін көпке дейін есіне сақтайды. Сол үшін балалардың зерттеу жұмыстары мектепке дейінгі жастан басталуы маңызды. Себебі, мектеп жасына дейінгі бала өзіне қалай? Неге? Деген сұрақты көп қояды.

Пайдаланған әдебиет:
«Мектепке дейінгі ұйымда роботтотехникалық құрастыру
және бағдарламалау дағдыларын дамыту»
«Каzdidac» ЖШС «Білім беру технологиялары орталығының»
қолдауымен Қарағанды обылысы Білім басқармасының
«Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығының» негізінде жасалған
Қарағанды облысы ББД ОӘО Әдістемелік кенесімен ұсынылған
06.08.2018ж.№4 хаттама
Авторы: Г.Ш.Қожахметова.
Б.Х.Абдикерова.
С.Ю.Сагитов.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ баспасының
баспаханасында басылып шықты
18.10.2018ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген