жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала. Менің сүйікті ұстазым
Менің сүйікті ұстазым
Әр адамның өміріне әсер ететін бір жан болса, ол мен үшін ұстаз дер едім. Ұлы ақын А. Құнанбаевтың өзі: «Менің дүниеге көзімді ашқан -Михаэлис»- деген еді. Менің де ұстаздық жолға түсіп, әдебиетті таңдауыма ұстазым- Қазбекова Түлеукүл акпей себепші болды.
Адам бойына білім мен тәрбиемен қатар, өмірлік ұстанымы да ұстаздар еңбегімен қаланады. Мектеп қабырғасында жүріп: «ұстаздан ұлық адам жоқ шығар» - деп ойлайтынмын. Сондықтан да өзім ерекше қадірлейтін Түлеукүл әкпейге ұқсағым келді. Ол кісідей болмасам да, ұқсап бағып, тіл әдебиет саласына оқуға түсуге бел байладым. Алғашында жолым болмады. Тауым шағылып, өз білімім бойынша оқуға түсе алмай, қатты торықтым. Бірақ қалай да ата-анама салмақ салмай, өздігіммен оқимын деген ойға келдім. Мектеп табалдырығынан түлеп ұшқан маған Түлеукүл әкпейдің қолдауы мен көмегі көп болды. Бір жыл мені бәйгеге қосатын жүйріктей, күтіп баптап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсуіме себепкер болды. Қазақ Ұлттық университетіне түсу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Әуелі Алла, одан кейін ұстазымның көмегімен мен аталған оқу орнын үздік бітіріп шықтым.
Жаны ізгі жылулықтан жаралған,
Ұстаз деген болады екен әр алуан.
Шын жанашыр шәкірт үшін өмірде,
Ұстазының қолдауынан нәр алған,-деген жүрекжарды жырымды мен өз ұстазыма арнаймын.
Иә, содан бері табаны күректей 14 жыл аталған қызметте еңбек етіп келемін. Осы уақыт аралығында алдымнан сан түрлі мінезі бар көптеген балалар шықты. Әр баланың мінез-құлқын бақылай келе, өзім де психолог бола бастадым. Өзіңнен кейінгіге үлгі болып, өзін табуына әсер етсең, еңбегіңнің жанғаны дей бер. Мамандығымның майын тамызып істемесем де, өз жұмысымды ерекше жақсы көремін. Кез келген адам қызметін иждахатпен істесе, жұмысы өнімді болады деп білемін. Мен де өз жұмысымды абыроймен атқаруға күш салып келемін. Десек те, барлық жанның көңілінен шығу оңай емес. Кейде ұстаздар қауымының ары мен намысына сөз тиіп жатады. Ондай жағдайда бірдің күнәсі мыңға тиіп, еріксіз басың байлауда, өзің айдауда кете барасың. Жасыратыны жоқ, ұстаздар еңбегін елемей, қоғам арасында жағымсыз пікір тудырып, бар жүкті ұстаздар мойнына арта салған кезден де өттік. Өз жұмысын былай қойып, қоғамдық істерді, атап айтсақ, сайлау науқаны, көше аралау, көше тазалау сынды бірнеше жұмысты еңсеретін ұстаздар сонда-да жақсы атақ алған жоқ. Мұндайда Абай атамыздың: «Қайнайды қаның, ашиды жаның, мінездерін көргенде...»,-деген өлең жолы ойымызға оралады. Бар тірліктің қасынан табылатын ұстаздардың ерен еңбегі еш болып жатқанда еріксіз қынжыласың. Бірақ біз, ұстаздар, тосыннан келген тосқауылдарға дес бермей, өз құқығымыз жолында күресе білдік. Қоғамда белең алған қаңқу сөзден бұға-бұға батыл болып, өз үнімізді ашық түрде білдіре бастадық.
Қазақ қашанда ұстазын ұлықтаған халық. Мемлекетіміз «Мұғалім мәртебесі» туралы заң қабылдағалы ұстаздар мерейі өсіп келеді. Ұстаздар атына айтылатын сын да басқа арнаға ауысқан. Иә, дана халқымыз:«Сын түзелмей, мін түзелмейді» -деп бекер айтпаған. Бүгінгі пандемия жағдайы да ұстаздардың еңбегі ерен екенін көрсетіп отыр. Өзгенің баласын былай қойып, өз баласын оқыта алмай отырған отбасылар ұстаздық жолдың ауырлығын сезіне түскендей.
Олай болса барша ұстаздар қауымын шын жүректен төл мерекелерімен құттықтаймын! Мақтан тұтар шәкірттеріңіз көбейіп, мерейлеріңізді үстем етсін!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген