400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Мақала "Мұғалімнің мәртебесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің мәртебесі туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы,

Ескелді ауданы,

«Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дауренбекова.Д.Т

Эл почта: dinara_1977.01@mail.ru

телефон :87714701928

Мұғалімнің мәртебесі

Қазақ халқы ертеден-ақ ұстазды қадірлеген. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген сөз бекер айтылмаған, себебі әр адамның өмір жолында мұғалімнің еңбегі мен тәрбиесі ерекше орын алады.

Бүгінгі таңда елімізде мұғалім мәртебесін көтеруге үлкен көңіл бөлінуде. Ұстаздардың құқықтарын қорғау, олардың еңбегiн бағалау, әлеуметтiк жағдайын көтеру барысында көптеген жұмыстар атқарылып келедi. Бұл – бiлiм сапасын арттыруға жасаған мaңызды қaдамдардың бiрi, себебі мұғалімнің еңбегі қашанда еленуі тиіс.

Қоғамның өркендеуі ең алдымен білім мен тәрбиеге байланысты. Әр білімнің сапасы – ұстаздың еңбегінің нәтижесі. Сондықтан мұғалімнің мәртебесі арқашан жоғары болу тиіс. Ұстаз – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, имандылық, ибалылық қасиетерді сіңіретін тәрбиеші. Ұстаз – біріншіден ана,ол тәрбиеші, бала жанын түсінетін психолог, сан салалы, жан- жақты кәсіпті игерген жандар. Жүрегінде иманы бар адамдар, мықты, салмақты адамдар ғана ұстаз болуға лайықты. Осы жолды таңдап, өз ғұмырын мектептегі шәкірттермен ұштастырып, ыстығына күйіп, суығына шыдаған мұғалім ғана өз мамандығының иесі болмақ.

Ғалым да, дәрігер де, құрлысшы да көптеген мамандық иелері мектептегі қарапайым мұғалімнен білім нәрін алып, тәрбие тал бесіктен демекші, тәрбиені де мектеп қабырғасынан алғанына ешкімнің таласы жоқ. Мұғалімнің ерен еңбегін бағалап, мектеп мұғалімдеріне «ұстаздар мерекесінде» мектеп қабырғасын бітіріп кеткен түлектер жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұстаздардың ерен еңбектерін бағалап, үлкен өмірге қанат қағып, кірпіш болып қалануына септігін тигізген ұстаздар екендігін айтқанда, ұстаздардың биік тұлға екендігіне тағы көзің жеткендей болады. Түлектер жүрекжарды тілектерін айтқанда ұстаздар да бір марқайып, қуанып қалады.

Жас ұрпақтың білім мен тәрбиесіне келгенде, өз жанұясын да екінші орынға қойып, күндіз, түні талмай, қажырлы еңбектің арқасында үлкен тұлғалар қалыптастырған осы –ұстаздар қауымы.

Бүгінгі таңда мұғалімдердің мәртебесін көтеру – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Ұстаздарға қолдау көрсету, олардың құқықтарын қорғау, кәсиби құзіреттілгін көтеру жолға қойылды.

Мұғалімнің мәртебесі жоғары болған сайын, мұғалімге деген құрмет те арта түсті. Оқушы ұстазын сыйлап, еңбегiн бағалауды үйренедi. Бұл өз кезегінде тербиелі, білімді, мәдениетті ұрпақ қалдыруға ықпал етеді.

Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек, себебі мұғалім əр адамның өмір жолына шамшырақ болып, болашаққа жол ашады. Мұғалім еңбегін бағалау – әр азаматтың міндеті.

Қорытындылай келе, мүғалім мәртебесі – мемелекеттің дамуының маңызды көрсеткіші. Әр білімді ұрпақ – еліміздің болашағының жарқын болуының кепілі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі