400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Мұқағали шығармалары-өмір жыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаев ағамыздың шығармаларымен кішігірім таныс болу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұқағали шығармалары – өмір жыры

Ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірден озғанына ширек ғасыр өтсе де, ұрпақтары, халқы оның жырларын, жата – жастанып, жабылып оқиды. Мұқағали жастың да, жасамыстың да, қарттың да сүйікті ақыны. Әрбір үйден, әрбір оқырман қолынан Мұқағали кітабын көреміз. Мұның сыры – осынау өмірдің өзінен ойып алған сыршыл да шыншыл пәк өлеңдер жүрегіңе қона кетеді. Халық жүрегінен терең орын алған Мұқағали өлеңдері әнге айналды. Ақынның шығармаларына ән жазбаған композитор кемде – кем.

Мұқағали Мақатаев халқына ерекше сенім артып, құрметпен өткен ақын. Қай өлеңінде болса да халқын, елін, жерін ерекше тербеніспен жырлайды. Бұған ақынның «Елім барда», «Туған жерге», «Жетісу», «Қайран, Қарасазым - ай», «Үш бақытым», т.б өлеңдері дәлел.

Ақын өз өлеңдерінде өтірік айтушылық, жағымпаздық, жылпостық, мақтаншақтық секілді адам бойындағы парықсыздықты дәл тауып сынайды.

Мансапқорлардың қасынан,

Шықпайтындарға ашынам!

Жалданып өткен жасынан

Жағымпаздарға ашынам, - деп жағымсыз іс – әрекеттерді жан – жақты әшкерелейді.

Халқым жоқ жаман болуға

Жұрт мені жақсыдан қалған көз дейді, - деп ақын өмірден өз орнын табуға шақырады.

Мұқағали Мақатаев «Бесік басында» өлеңінде адамзатты сезімталдыққа баулиды. Бесікте жатқан балаға жылан екеш жылан да тимейді, сәби ұйқысын улы жәндік те бұзбайды. Ақынның бұл өлеңі ұрпақ тәрбиесінің тұмары десек те болғандай.

Енді ақынның «Асығу керек» деген өлеңін оқысақ:

Асығу керек

Тындыру керек барлығын.

Ешкімнің күтпей жарлығын!

Апырмай кешке асығу керек асығу,

Түстегі істің қалдығын.

Ақын бұл өлеңде өмір – келте, бұл өмір заңдылығы. Ал сол келте өмірде өз мүмкіндігіңді пайдалан, - деп ой түйіндейді, уақыт кестесін ұғынып өсуге шақырады. Ақын өлеңдері келешектің көшін болашақ ұрпақтармен табыстыра береді. Бұл – мәңгілік өмір. Мұқағали шығармашылығы – өмір жыры.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі