Мақала "Өлеңі өнеге толы жан"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Өлеңі өнеге толы жан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақтөбе қаласының тұрғыны, көп балалы ана,ардақты да асыл әже-Досимова Тұрсын Жанғалиқызының шығармашылығы жайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өлеңі өнегеге толы жан

Досимова Тұрсын Жанғалиқызының шығармашылығы жайлы

Ақтөбе қаласының тұрғыны, Досимова Тұрсын Жанғалиқызы -көп балалы ана. Ойыл ауданында өнегелі отбасында дүниеге келген. Жастайынан өлең шығарумен айналыса бастағанымен, оны жариялай бермеген. Өлеңдерін оқып көрсеңіз өнегеге, тәлім-тәрбиеге толы. Ұлттық аспабымыз домбырада ойнап, ән салғанды жаны сүйеді. Бірнеше өлеңдеріне әуен жазған- шығармашылық адамы. Алғаш Ақордаға Елбасы Н.Ә Назарбаевқа арнап «Ақ бата», «Арнау» өлеңдері жіберілген. Өлеңдерімен Елбасы танысып, алғыс хат жіберуді бұйырыпты. Бұл- Тұрсын әженің шығармашылықтағы алғашқы жемісі. Өлеңдерін оқу арқылы Тұрсын әженің жан- жақты сауатты, білімді, көкірегі ояу жан екенін аңғарамыз. Атақты журналист- Дана Нұржігіт «Дара жол» бағдарласында: « Күй атасы –Құрманғазы бабамызды, Дина әжемізді- оларға дипломды ешкім берген жоқ, олар – қасиетті дала академиясының түлектері» деп ғажап айтқан. Тұрсын әжеге де киелі дала академиясының тұлғасы десек те жарасымды. Себебі,

«Мен қарапайым қарттарды сүйем,

Не деген керім еді!!

Не біледі осы жұрт не біледі?

Бабалардың баласы қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді»- деп Мұқағали Мақатаев бабабыз айтқандай қарттарды сыйлау оларды құрметтеу оларға құрмет көрсету, ілтипатпен қарау әрбір адам баласының мойнындағы борышы деп біліеміз. «Көп жасаған қария-ақылы теңіз, дария»демей ме халық даналығы. Теңіз, дариялардың мол суынан рухани білім алсақ, ортамызда жүрген ақылшыларымызды бағалап жүрсек болашағымыз жарқын болмақ деген ниетпен Тұрсын әженің Елбасына арнаған «Ақ бата», «Арнау» және екі-үш өлеңін сіздерге ұсынамын.

Picture 1


Ақ бата

Құрметті ұлы тұлға, қайтпас- қайсар жұлдызды туған хас батыр -

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ақ бата!

Ақ патшамның, тұңғыш Президентімнің, айбынды Астанам мен ақ ордамның туған күні, құтты болсын !

Жасасын ұлы Қазақстан мәңгі елім!

Лайық етті жаратқан

аллаға болды сүйікті,

жұлдызды туған хас батыр,

толқынға қарсы жүзіпті.

Мүбәрак болғай бабасы,

Әз анадан сыйлаған,

мұсылман қазақ халқына

Өзге жұртқа қимаған

Жаратқаннан айналдым,

мың бір емес миллион бір

Рахметімді айтамын.

Мұқтах емес ол оған,

Бірақ мақтау лайық,

бір жаратқан иеге.

Әлемге мойындаттық өзімізді,

Жеткіздік болашаққа көзімізді.

Елімнің жетекшісі Әз Қолбасшы

Құрметпен пір тұтамын өзіңізді

әз бабамның баласы

халқымның тұлға данасы

Хас батыр,ұлы қолбасшы,

елімнің болғай панасы.

Ғұмырлы болғай кқп жасап,

Ұрпағымен мың жасап,

Ұлдары мен қыздары

Ер жүрек болғай ел бастар.

Асылы туған анасы,

Қызығын көргей бабасы

Тарихтың ақ жол жалғасы

Алтыннан болғай тағасы

Баба түкті шашты әзіз

Ғайып ерен қырық шілтен

Сұлтанның болғай панасы.

Қабыл болғай тобасы

Тілекші болғай әлемнің

Сәулелі жүрек анасы

Егеменді ел болып,

Көп ұлттың тілін үйреніп,

Теңелді қазақ баласы.

Керуен жолы Жібек жол,

Ақ пашам салған – Нұрлы жол.

Нұрлы жолмен жаңарып,

Келеміз алға біз өрлеп,

Тарихтың алтын тақтасы

Алтын ғасыр қақпасы

Азат елдің патшасы

Әз бабадан аманат,

Халқым болғай қанағат,

Қабыл болып тобаңыз,

Жаныңда жүрсін әр кезде,

Құдай ата- бабаңыз.

Сіз Алланың сүйгені,

Әлем басын игені

Құтты болсын батамыз,

Ғұмырлы ұзақ жасаңыз!

Арнау

Әуелі Алла жарылқа

Кең пейіл дархан елімді

Ел қорғайтын ерімді

Отаным ғасыр дастаным,

Ашық болсын аспаның.

Нұр Астанам асқарым,

алтын ордам асқағым,

Ғылым қуған жастарға,

Әркез ашық есігің,

Бәйтерегім – тірегім,

Сен деп соғар жүрегім.

Саған ғашық жастарым,

Тұғыры биік Ақ Орда

Гүлдей берсін жас шағың.

Барлық ұлттар ұлыстар,

бәріміз бір туыстар

Бір барамыз ғасырға,

Шыңдарға да асуға,

Бірлігіміз жарасқан,

Тірлігіміз әрі асқан,

Мәңгі елміз көп ұлтты,

Бір шаңырақ көк аспан,

Төбеде күн күліп тұр,

Желбіреген көк туым

Әлем көріп, сүйіп тұр,

егеменді ел болдық,

Төрткүл түгел түгендеп,

Жиып алдық елімнің,

Шекара деген тағасын.

Батырларым сарбазым,

Қалт кетпесін тағаты,

Көп ұлттан туып, көбейіп,

Ғұмырлы болсын мерейің,

Шекарада ұлттар жоқ,

Бәрі бір үй баласы,

мәңгі елдің баласы!

Арайлап атқан ақ таңым,

Көк жиектен тарайды,

сәулесін шашып сұлу күн,

Астанама арайлы

Кірпігін қағып алтын ай

Тербетеді маңайды

Ғасырыма апарар

Нұрлы тұлға көреген

Ел басқарып отырған,

Сәулелі қауым зиялы,

Отандастар сеніммен,

Болашаққа қарайды.

Жастарымыз біліммен,

Сусындаған құрақтай.

Ханымдарым,қыздарым,

Меруерт нұрлы бұлақтай

Осындай сұлу жандарды

Ақ білек асыл жан-жарды

Қарындас бауыр, балаларды,

Ата-ана асыл тегіңді,

аманат қалған жеріңді,

Отаның асқар беліңді,

Хас түлек туған ұл мен қыз,

Еліңді қорға түлегім,

Отаным- иман жүрегім,

құрыштай шымыр білегің,

ананың барыс баласы,

елінің болар тағасы.

Отанын сүйген ұл мен қыз

Дұшпанның тосар сағасын,

Еліңді қорға түлегім,

Атадан ұл боп келгесін,

Отанды қорғау міндетің!

Отаның алтын бесігің,

Әлемге ашық есігің,

Еліңді қорға түлегің

жасай бер ғасыр ұрпағы,

Ел қорғайтын ертеңім.

Жасасын Қазақстанның

Барлық ұлттар ұрпағы,

Зайырлы елдің ұланы,

Көбейсін өсіп, өркендеп,

Өмір-гүлім, өркенім,

Аман болсын Отаным,

Тыныштық болсын ел-жұртым

Бүгінгі сәби ертең күш(сарбаз)

Жаратқан аттай бәрі- ұшқыш

сапқа тұрар сарбаздар

Ұл -қыздарым көркемім,

Тербете бер бәйтерегім,

алтын ұям бесігім!

Алла және Сіз

Жүрегімнің төріндесіз

Халқым сізді сүйеді,

Әлем басын иеді!!!!




Досымова Тұрсын Жанғалиқызы

Немеремнің отау құру тойына шашу

Айналайын бал немерем, бал тәттім,

Есте қалар ұмытылмас бұл сәттің,

Қызығы мен қуанышы мәңгілік

Биік болсын шаңырағың, әрбір ісің ізгілік.



Отаныңа қызмет қыл халқыңа,

Алтын ұяң,мұратыңа салтыңа,

Еліңді сүй ата-анаңды, бауырды,

Жарыңды да еркелет, өзіңнің сай қалпыңа


Көркем болсын өмірлерін, ақ отауың көктесін,

Бақыт тілеп, нұрын төгіп, алтын айда көкте шың.

Ақ батасын төгіп жатыр, ағайындар жиылып,

Ғұмырлы бол сау- саламат ұрпақтарың көп болсын.


Жан жылуым, көз сұлуым, келінім

Мақтанышы бол жарыңның, еліңнің,

Ағайынға сыйлы болып, туыстай көр жатыңды

«Ақ маңдайлым, ақ тотым»- деп әнге қостым атыңды.


Бірің ай да, бірің жұлдыз,

Алақанда сен бір құндыз

Айналайын жаратқаннан бақ бергей,

Бірің аққу, бірің сұңқар

Бір-біріңе болып іңкәр

Ғұмырлы боп бірге ұшыңдар,

Биік-биік шыңдарға.


Ақ келінге арнау

Ау қарғам Ақтөбеден той бастадық.

Ата-анаң ақ тілекпен сөз бастадық,

Жиылып құда -жекжат бек жақсылар,

Ақ тілеп, ақ жолыңа гүл тастадық.

Жарыңмен қол ұстасқан ғұмырлы бол,

Тербетіп, жар-жар айтып той бастадық,

Ұзартып көп сөйлемей аялдайын,

Ұқсатып ертегіге баяндайын:

Ақ тілекпен сендерге

Ашылсын деп бақтарың,

Мұратыңа жетіңіз,

Биік болсын тақтарың.

Құтты болсын қарағым,

Қондырған қолға ақ құсың.

«Тал бойыңда бір мін жоқ,

Бидай өңді бақ құсым,

Қарасаң көзің тоймайды,

Ай қара көз, ақ маңдай,

Қараңғы түнде адаспай,

Шырақсыз жолды тапқандай»

деп келінді мақтайын.

Десе де сөз таппаймын,

Пісте мұрын, наз ерке

Қиғаш қасы қиылып,

Нәркес көзі сүзіліп,

Ауыздағы ақ маржан,

көрінеді тізіліп.

Басындағы сәукеле,

жарасып тұр түзіліп.

Сұлудың өзі нақ сондай

Сөйлеген сөзі қандайды,

жабысқан тілге балдайды

Сылдырап аққан бұлақтай,

қандырып құлақ, таңдайды

Сәукелеңді баса ки,

жасырып сұлу маңдайды

Бірің -ай да, бірің- күн

тату- тәтті ғұмыр кеш,

өздерің жеген балдайды.

Жарасып тұр ай мен күн

нұрын шашып сондайды

біріңді-бірің сыйлай біл,

Сағынып күткен жылдайды.

Ата-анаға құрмет қыл,

Сыйлай біл келген жұртыңды,

Еркелеп өскен еркіңде

Ерке өскен елігім,

еркелік қалды төркінде.

Құрметтей біл жарыңды,

Алдына тосып, барыңды

көркем -мінез әдеппен,

жай басып аяқ адымды.

Сүйе біл қалқам қалқыңды,

өзгертіп алма қалпыңды! Қандай керемет өлең шумақтары! Тұрсын әже, шабытыңыз шарықтай берсін.Алла қолдап жүз жасаңыз. Сізге мықты денсаулық тілеймін

Осындай Тұрсын әже сияқты шығармашылық адамдарын қолдап, оларға барынша көмек көрсетсек, өлеңдерін жариялауға негіз болсақ болашақ ұрпақтың алар білімі мол болар деген үміттеміз.

Курамысова Ж.А № 17 «Шұғыла» МДҰ

қазақ тілі мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі