Атырау облысы,Жылыой
ауданы,Жана Каратон кенті, «Балдырған» ясли бақшасының әдіскері
Нурмуханбетова Зәмзә Қойбағарқызы.
«Өнерлі отбасы»
сайысы.
Жақында Жаңа Қаратон
поселкесіндегі «Балдырған» ясли балабақшасында дәл осындай
тақырыппен отбасылық сайыс болып өтті. Оған барлығы төрт топтың
ата-аналары мен балалары қатысты. Атап айтқанда алғашқы «Таныстыру»
кезеңінде әр ата-ана өзі мен жанұясы жайлы мақала берсе, одан
кейінгі кезеңде әркім бойындағы өнерін салды. Бірі ән салып, би
билесе, өзгелері жырдан шашу шашты. Ал келесі «Пародия әзілге толы»
кезеңінде сайыскерлер пародия жанрында өнер көрсетіп, бірі балерина
болып мың бұралса, енді бір отбасы мүшелері жол-патрульдік полиция
қызметкерінің образын жасады. Бұл жерде әке «МАИ» инспекторы, анасы
автокөлік жүргізушісінің кейпіне кірді. Онда балабақша тәрбиешісі
мен бүлдіршіндер рөлін сомдаған жанұя да болды. Сайыстың
«Дәстүріңді сақтай біл» кезеңі ерекше есте қаларлықтай болды.
Елбасымыз «Болащаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
«Ұлттық дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі
қалуға тиіс» деген-ді. Мемлекет басшысының осы бір қағидалы сөзін
бетке ұстаған балабақша тәрбиешілері сайыстың 4-кезеңіне ұлттық
құндылығымызды насихаттайтын бір тарау енгізген еді. Соған сәйкес
ата-аналар мен бүлдіршіндер халқымыздың ұмытылып бара жатқан
салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртты. Соның бірі-босаға майлау еді. Оны
Айтбаевтар отбасы өте нанымды қылып көрсетті. Бұл көрініс көрермен
түгілі қазылыр алқасы мүшелеріне де қатты ұнады. Сонымен қатар,
айдар шаш алу, тұсай кесер, бесікке салу секілді өзге де әдет-ғұрып
пен дәстүріміз жарқырай көрінді. Сайыс үстінде Адиловтар
отбасындағы тәй-тәй басқан сәбидің тұсауы кесілді. Оны әулеттің
әжесі атқарды. Әрмен қарай сайыс сұрақ-жауап түрінде жалғасын
тауып, отбасындағы әйелдің қолөнері мен аспаздық шеберлігі де сынға
алынды. Бұл кезеңде әртүрлі қолөнер бұйымдары қойылып, дәмді ұлттық
тағамдар ұсынылды. Әсірісе Айтбаевтар отбасының қазақы ою-өрнекпен
нақышталған ағаш астаулы ыдысқа түсіріп, турап әкелген
бесбармағының иісі мұрын жарып, дәмі тіл үйірді. Осындай қызықты
өткен «Өнерлі отбасы» сайысының бас жүлдесі Айтбаевтар отбасына
бұйырды. 1, 2 орынды тиісінше Сейітқазиевтер және Адиловтар жанұясы
жеңіп алды. Ал Ересеновтар 3-орынды місе тұтты. Жеңімпаздар арнаулы
дипломдармен марапатталды. Мұндай әсерлі шараға ата-аналар дән риза
болды.