Материалдар / Мақала "Өсімдіктер әлемі" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Өсімдіктер әлемі" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бау-бақша, жеміс жидектер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
598
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Өсімдік әлемінің ғажаптары

Мақсаты: а) Оқушыларға өсімдіктер дүниесінің сан-алуан құпия сырларын

меңгеруге жағдай туғызу;

ә) Ізденіске жетелей отырып, дүниетанымын дамыту;

б) қоршаған ортаны танып-білуге қызығушылығын арттырып,

табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: Телесабақ

Әдісі: Ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Өсімдіктер әлемінен слайдтар, нақыл сөздер.

Барысы: І.Қызығушылықты ояту.

Табиғат дүниесінде адам баласы құпиясын ашып болмайтын таңғажайып құбылыстар жетерлік. Солардың бір саласы - өсімдіктер әлемі. Осы орайда сіздерге өсімдіктер әлемінің ғажаптары туралы қысқаша репортаж дайындап келу тапсырылған болатын. Бүгінгі сынып сағатында талайды таңдай қақтырған тылсым да үрейлі әрі қызықты өсімдіктер әлемі жайлы сөз қозғамақпыз. Біздің сынып сағатымыз телесабақ түрінде болмақ..

6-сыныпта биология пәнінен танысқан құтырған қияр, баньянның қосалқы тамыры, бунақденелілерді аулайтын өсімдіктер туралы білімдерін еске түсіру.

Мұғалім-диктор: Ендеше бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Аңдатпа:

1.«Өсімдік әлемінің ғажаптары» атты қысқа репортаж.

2.«Өсімдікте де мінез бар» айдарымен берілетін хабарлама.

3.Телеойын. І. «Ең, ең, ең...

ІІ. Өсімдіктер туралы мақал-мәтелдер мен терминдер.

4. Өсімдіктер тіршілігінен видеороликтер.

1 бөлім бойынша оқушылар өсімдік әлемінің ғажаптары жөнінде дайындап әкелген мәліметтерімен таныстырады.

Қызығушылықты ояту.


ІІ. Мағынаны тану.

Ағаштар біздің өміріміздің бір бөлшегі, олар бізді оттегімен, тағаммен, баспанамен, жылумен қамтамасыз етіп отырады. Жер шарында ағаштың біз біле бермейтін 100 000  түрі бар екен.

Қан сорғыш терек

Ауғанстанда өзгеше қан соратын терек бар. Оның биіктігі екі метр, жуандығы 10см айналасында ғана. Теректің өн бойы толған түйіршік тектес. Қорқыныштысы жапырағына қол тиіп кетсе болды, дереу жабыстырып алып, қанын сорып, ақжемін шығарады екен. Кезінде Германия, Франция, Италия жабайы өсімдіктерді тексеру бірлескен отряды сол жерге барып, зерттеу жүргізеді. Солардың бірі осы ғажайып теректі көріп, таңдана жапырағын ұстайды. Сол-ақ екен, оның алақаны жапыраққа жабысады да қалады. Қалай бұлқынса да, қолын ажырата алмайды. Жапырақ оның қолын мұжып, қанын сора бастайды. Әріптесінің жанын алып қалу үшін, зерттеушілердің бастығы амалсыздан қолын шауып тастайды. Бұл оқиға өсімдік зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар әрі қалың, әрі мықты жасалған ерекше қолғап киіп, теректі ұстап, оның сырын шешпек болады. Ойламаған жерден ағаш жапырағы адам қолымен қоса, қолғапты жабыстырып алып, дереу тесіп жібереді. Олар қолғаптан қолдарын зорға шығарып үлгереді. Ал ағаш жапырағына жабысқан қолғаптың лезде дал-дұлы шыққанын көреді. Міне, бұл күні бүгінге дейін құпиясы ашылмаған сырлы ағаш.

Кір кетіргіш ағаш

Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауындағы Алжирде таңғажайып, қабығы қызыл, бұтағы жуан, жапырағы қалың ағаш бар. Жергілікті тұрғындар оны «Бодан» деп атайды. Мағынасы «кір кетіру» деген сөз. Тұрғындар кірлеген киімдерін ағашқа орап қойып, бірнеше сағаттан соң, таза сумен шайып жіберсе болғаны, киім тап-таза болып шыға келеді екен.

Негізінде бұл ағаштың қабығында сарғыш түсті сұйықтық бөліп шығаратын көптеген ұсақ тесіктер бар болып, ал сұйықтықтың құрамындағы сілті тазартқыш рөлін атқарады.

Адам жейтін ағаш

Индонезияның Ява аралында бір түрлі «Янбай» деп аталатын адам жейтін қорқынышты ағаш бар. Жайшылықта бұл ағаштың бұтақтары шұбалып, жайылып жатады. Ал адам болсын, аң болсын байқамай бұтақтың біріне тиіп кетсе, ағаш бұтақтары әп-сәтте шырмап алады.Сондай-ақ ағаш бұтақтарынан жабысқақ сұйықтық ағып, шырмалған денені ірітіп жібереді. Соңынан бұтақтарын қайтадан жайып, келесі орайды күтеді екен.

Ауа-райын болжағыш емен

Шымыр емен ағашы қоңыржай белдеуде өседі. Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Жапония мен Индияда көптеп кездеседі. Оның жапырағының түсі ауа-райының өзгерісіне қарай құбылып тұратындықтан, «Ауа райынан мәлімет беретін ағаш» деп аталған. Бұл ағаштың ауа-райының өзгерісіне болған сезімталдығы жоғары. Бұл өзгеріс жапырағының құрамындағы хлорофилл мен антоцианин салыстырмасының өзгерісінен қалыптасқан, ұзақ уақытқа жалғасқан қуаңшылықтан соң, жауын таяғандығы тымырсық ыстықта хлорофилдің қосылысы кедергіге жолығып, антоцианин құрамы артады да, жапырағы қызарса, осы өңірге екі күн ішінде нөсер жауатынын білдіреді. Күн ашыларда жапырақ жасыл түске өзгереді. Егіншілер осыған қарай өз шаруаларына жоспар жасайды екен.

Билейтін ағаш

Қытайдың көрікті Шишуаңбанна деген жерінде, Мыңла ауданының маңындағы ежелгі орман ішінде билей алатын сәмбі тал бар. Егер осы ағаштың қасында музыка таспасын қойсаңыз, ағаш музыка ырғағына ілесіп, биге басады. Бұдан да ғажабы егер қойылған әуеніңіз жеңіл музыка немесе лирикалық ән болса, ағаш мың бұралған биші арудай тербелісін өзгертіп отырады. Музыка шырқау биікке көтерілген сайын ағаштың биі де әсемдене түседі. Егер көтеріңкі екпінді, лирикалығы солғын немесе шуылы көп музыканы қойсаңыз, ағаш билемей қояды екен. Сондықтан жергілікті тұрғындар оған «билейтін ағаш» деп ат қойған.

Баобаб - әлемдегі ең жуан ағаш

Ұзындығы 18-25 метр болса, жуандығы орта есеппен 10 метрді құрайды. Баобабтың өмір сүру уақыты шамамен 1000-5500 жыл шамасында. Сандардағы үлкен айырмашылықты баобабтағы жылдық шығыршықтардың жоқтығымен түсіндіруге болады. Баобаб жемісінің балдыры үлкен қоректі әрі пайдалы аминқышқылдарға, дәрумендер мен микро және макроэлементтерге, сондай-ақ табиғи қышқылдарға толы болады екен. Баобабтың жапырағы, балдыры мен дәндері емдік қасиеттерге ие. Саваннада тұратын адамдар Баобабты "өмір ағашы" деп те атайды.Бөшке секілді үрленген ағаштың үлкен діңі жаңбырлы кезеңде жауған жауынды ішінде сақтай алады. Жуан ағаштың тамырлары жердің ішіне терең кіріп кеткендіктен, Баобаб құмды даулар мен үлкен желдерден қорықпайды. Құрғақшылық кезеңінде жапырақтар сарғайып, ағаш өз өмір сүруін тоқтатады. Тіпті, шыбын-шіркей мен термиттер ағашқа еш әсер ете алмайды - ағаш ыдыс жуатын жұмсақ шүберек секілді дымқылданып тұрады.Оның жапырағын тамаққа қосады, қабығынан баулар, гамактар мен себеттерді тоқиды. Ағаштың діңі қуыстарға толы болғандықтан, жануарлар мен құстар өзге жыртқыштардан қорғану үшін сол жерлерде тығылады. Егер саванналарда өрт туындаса, дымқыл болып тұратын Баобаб жанбайды.Ағаштың діңі көптеген жануарлар мен құстардың мекеніне айналған.

Аждаһа ағашы

Аждаһа ағаштары Канар аралдарының біріндегі Икод-де-лос-Винос жерінде өседі. Мамандардың болжамы бойынша бұл ағаштың жасы 650-1500 аралығында. Нақты жасын анықтауда ағаштың бірде-бір діңгегінің жоқтығы қиындық тудырады. "Аждаһа ағашы" деген атауға ағаш жапырағын немесе тамырын кескенде шығатын қарамайдың арқасында ие болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша ол қарамай – айдаһардың кеуіп қалған қаны. Қарамайды көптеген кеселдерге дәрі ретінде пайдаланады.

Пандо  теректері

АҚШ-тағы Юта штатында өсетін Пандо көктерек ағаштарының тобы 100 акраны алып жатыр. Мұндағы барлық ағаштар бір-бірімен генетикалық жағынан тығыз байланыста.  Пандо 47000 діңгектен тұрады, ал олардың барлығының салмағы 6600 тоннаны құрайды. Олар әлемдегі ең ауыр организмдер болып саналады..Ағаштардың  орта жасы – 130 жас.

Туле ағашы

Туле ағашы – Мексикадағы Оахака қаласында өсетін еркеше үлкен өсімдік. Бұл ағаштың діңгегі 11,5 метрді құрайды. Жұртшылықтың айтуынша ағаштың қалыңдығы сонша сіз оны емес, ол сізді құшақтайтын көрінеді. Ағаштың жасы – 2000 жаста. Бір кездері ғалымдар мұнда үш ағаш бірдей бірігіп тұр деген қортынды шығарған көрінеді. Алайда ДНК сараптамалары бұл болжамды жоққа шығарды.

1994 жылы ағаштың жапырақтары сарғыштанып, кеселге ұшырайды. Ағаш өлуге шақ қалады. Алайда, көптеген шаралардың арқасында ағаш аман қалады.

Баньян: Махабодха ағаштары

Бұл ағаштарыдң баньян аталуына себеп болған бағзы замандардағы баньяндар немесе үнді саудагерлері. Өйткені олар осы ағаштардың астында отырып, өз тауарларын сататын болған. Баньян ағашының ең танымал түрі Шри-Ланкадағы Анурадхапура жеріндегі Махабодха ағашы. Б.з.д 288 жылдары отырғызылған бұл ерекше ағаш  әлемдегі ең көне ағаш болып саналады.

Өмір ағашы

Бахрейнf жеріндегі "өмір ағашы" - әлемдегі «ең жалғыз ағаш» ретінде танымал. Аталған ағаш Бахрейна  шөлінің ең биік нүктесінде, өзге өсімдіктерден жүздеген шақырым ұзақтықта орналасқан. Ағаштың нақты жасы белгісіз, дегенмен мамандар еркеше жаратылысты  400 жас шамасында деген болжамдар жасайды.Алайда Өмір ағашының құпиясы оның жасында, әдемілігінде немесе формасында емес. Оның құпиясы - ағаштың Бахрейна шөлінің ешқандай су жоқ ең биік нүктесінде өсетіндігінде. Дәл осы жерде ешбір тірі ағзаның өмір сүре алмайтындығы дәлелденген. Жергілікті тұрғындар  Өмір ағашын жұмақтың бағының орнында тұр деп санайтын көрінеді.

Сүт беретін ағаш.

Бразилияда сүт беретін ағаш бар. Жергілікті халық оны «сорвейра» деп атайды, қазақшаға аударғанда «емшек» деген мағына береді. Сол ағаштың бір жерін кертіп қалса одан сүт тәрізді ақ шырын саулап қоя береді.Дәмі сүттен сәл қышқылдау. Ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен ешбір кем еместігін анықтады. Ағашты бір сауғанда 2-4 литрге дейін сүт шығады екен.

Секвойя — мәңгі жасыл қылқан-жапырақты ағаштар туысы. Жалғыз түрі — мәңгі жасыл секвойя (биіктігі 100 м-ден артық, диаметрі 6-10 м), жер шарының ең биік ағаштарына жатады. 3000 жылға дейін жасайды.  Бұл тұқымдаска мәңгі жасыл ағаштардың тағы бір түрі — секвойядендрон  жатады. Діңі тік, түзу, биіктігі 100 м-ге дейін болатын, 2500 жылдай жасайтын ағаш. Олардың ішіндегі «Генерал Шерман» алып секвойясы Калифорниядағы Сиерра-Невадада өсетін алып секвойялар көлемің жағынан ең үлкені болып саналады. Салмағы – 6000 тонна, биікті-83 метр, ал көлемі – 1,486 метр куб. Ағаштың жасы шамамен 2300-2700 де."Генерал Шерман" деп аталатын ең үлкенінің биіктігі 83 м, жер бетінен 1,5 м биіктікте құлаштағанда 24,1 м.

Иә, Аустралия эвкалипті ең биік ағаш болып танылған, бірақ өткен ғасырда ол ағаш қурап қалған. Қазіргі дүние жүзіндегі ең биік ағаш болып - секвойя ағашы танылған, оның биіктігі 115,8м, Калифорния ормандарында 2006ж. табылған.

Таңғажайып вельвичия бұрынғы заманнан келе жатқан өсімдік, қазіргі кезде ол тек ғана Атлантық мұхиттің жағасында, Намибияда, Анголаның оңтүстігінде шектелген аумақтың шөлінде өседі. Ол бір қарағанда ағашқа тіпті ұқсамайды да. Өсімдік бір домалақ дің-тамырдан және үзілмей өсетін 2 жапырақтан тұрады. Жапырақтары ұзындығы 2–4 метр, 2 шалыс лентаға ұқсас, сондықтан вельвичия қоқсық үйме секілді. Былайша айтқанда, жапырақтары көктей береді, үзілмей өсіп аяғы жағында бобарап құрып жатады. Вельвичия, оны 1860 жылы ашқан Фридрих Вельвич құрметіне аталған, ол Намибия мемлекеттік таңбасында бейнеленген.

Шыбын-шіркей жейтін өсімдіктер. Әлемде 500 ден астам шыбын-шіркей жейтін өсімдік түрі бар. Азотсыз топырақтарда өмір сүретін бұл өсімдіктер, азотқа деген қажеттілігін жеген құрт-құмырсқа, шіркейлерден алады. Бұл өсімдіктердің жапырақтарында асқазан міндетін атқаратын бір бөлім бар. Жылтыр түсті жапырақтары шыбын және құрт-құмырсқалар, үстіне қонған кезде оларды жабыстырып алады. Кейін жапырақ бүктеліп өзінен бір сұйықтық шығарып, шіркейлердің жұмсақ жерлерін ерітіп жұтады. Бұндай өсімдіктерге Альдрованда, Библис, Саррацения, Жирянка, Непентес, Шықшылдық, Дарлингтония т.б. өсімдіктер жатады.

Әулиеағаш. Жаркент өңiрiнде өсiп тұрғанына жетi ғасыр болған алып ағаш бар. Жергiлiктi жұрт оны Әулиеағаш деп атайды. Бұл – кәдімгі қараағаш тұқымы. Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар дейдi. Олардың бiрi – Қытайда, екіншісі Меккеде болса, үшiншiсi бiздiң жерге тамыр жайған екен. Бұл ағашқа тәу еткендердің тауы шағылмайды. Құдайдан перзент сұрағандар немесе ауруы бар адамдар осы әулиеағаштың басына түнеп емделеді екен.

Әлемдiк мифологияда киелi ағашты «иброгасил» деп атайды. Бұл – өмiр ағашы деген мағынаны бiлдiредi. Әлгi ағаштың жапырағы адамның өмiрiн бейнелеп, әр жапырағы түскен сайын адамның өмiрi үзiледi дегендi меңзейдi.

2-ші бөлім бойынша «Өсімдікте де мінез бар» айдарымен берілетін хабарлама.

Гүлдер де адамзат сияқты өздерін жақсы көргенді сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп-жетіледі. Егер үй ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса олар өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін.Туған күніңізге сыйға тартылған гүл үшін ырымын жасап ақша төлеуіңіз керек. Сонда гүл өзін бағалағаныңызға риза болып жайқалып өсетін болады. Үй өсімдіктеріне уақтылы күтім жасамасаңыз өз реніштерін денесінен зиянды заттарды бөлу арқылы білдіреді. Мысалы қызанақ көшетін бөлмеде өсіргенімен уақтылы су құйылмаса түнімен дөңбекшіп ұйқтай алмайсыз екен. Ал өсімдіктің кейбір түрлері өз қожайынын басқа адамдардан, тіпті әйелінен де қатты қызғанып, улы заттарын соған қарай бағыттайтын көрінеді. Қазтамақ гүлі көпке дейін гүлдемесе бұл оның реніші бар деген сөз. Себебі бұл гүл өзін басқа гүлдерден бұрын суарғанын қалайды екен. Гүлдер адам өмірінің белсенділігіне септігін тигізеді. Сіздің тыныш ұйықтағыңыз келсе олардың демалатын жатын бөлмеде болмағаны жөн.

Оның ішінде лалагүлі, қазтабан гүлі ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал, бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді орналастырсаңыз, олардың жеткіншектік өсіп-жетілу уақытындағы көңіл-күйін бірқалыптылыққа бейімдейді

Қазтамақ гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті, сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені, бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар жанұядағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді. Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, жанұялы отбасыларда ұрыс-керіс шақырады.

3-ші бөлім бойынша телеойын жүргізіледі. Бұл бөлімде эфирден қойылған сұрақтарға телефон арқылы жауап беріп ұпай жинау мүмкіндіктеріңіз бар. І. «Ең, ең, ең...»

1. Әлемдегі ең ірі тұқым (кокос пальмасы.20 кг.)

2.Ең тез өсетін ағаш (бамбук. күніне 1м.)

3. Ең үлкен гүл (рафлезия гүлі 1 метрден астам.)

4. Ең биік ағаш (секвойя 90-95 м.)

5. Ең кәрі ағаш (АҚШ тағы қара қарағай 4600 жаста.)

6. Ең ұзын сабақ (ротанг пальмасы)

7. Ең аласа өсімдік (балықот)

8. Ең ірі жеміс (асқабақ)

ІІ. Өсімдіктер туралы мақал-мәтелдер мен терминдер мағынасын айту..

1.Тау бұлағымен сәнді, ........(көл құрағымен сәнді)

2. Білімі жоқ ұл-...............(жапырағы жоқ гүл)

3. Ер-елдің көркі,....(орман-тоғай жердің көркі)

4. Дана көптен шығады, ....(дәрі шөптен шығады)

5. Қорада малың болсын, ....(көшеде талың болсын)

6. Түйнектен ағаш өседі, ...(түйір дәннен қамба толады)

4. Өсімдіктер тіршілігінен видеороликтер.

Сұрақтарға жақсы жауап берген оқушылар ұпайлармен бағаланып, ең көп ұпай жинаған оқушыға «Ақ желкен» журналының 6 айлық түбіртегі табысталады.

ІІІ.Толғаныс.

Таңғажайып өсімдіктер туралы эссе жазу.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!