400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала "Қалаушы кім?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап пен оқырман арасындағы "байланыс" көпірін кім қалайды,қалай қаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалаушы кім?


Қандай да бір ақынның не жазушының есімін естіген оқырманның көпшілігі онымен мектептегі əдебиет пəнінің арқасында таныс. Ал сол белгіленген мəліметтер шеңберінен асып, өзіндік ізденуге құлшыныс ашқандар қаншалық? 

Негізінде сол бала мен кітап арасындағы "байланыс" көпірі қалай қаланады? 

Есімде қалғаны ,бала күнімде əжем ана кітапты бір, мына кітапты бір оқып мазмұндап маңдайымнан сипап еркелете əр тақырыпта əңгіме шертетін. Жүн түтіп отырғанда ойдан ертегілер құрап, мағанда ойдан ертегі құрататын. Осылайша шексіз қиял мен фантазиялау мүмкіндігін сезіндім . Кітаптарды көздің қарашығындай сақтап күтіп қарау арқылы мен оның ішінде не барын білмесем де маңызды, құнды екенін бала көңіліммен сезінетінмін.

Әжемді шаршатқан соң анама баратынмын. Ол кісі өзі естіген аңыз дастан әңгімелерін ортаға салады.

Мектепте мұғаліміміз сабақтың бітуіне бес минут қалғанда түсінуге тілі жеңіл деген кітаптан үзінді айтып ең қызық жеріне келгенде əрі қарай өзімізге ізденуге қалдыратын. Қоңырау бола сала кітапханаға ағылатынбыз. Одан бөлек мұғалімдер əр сабақтан ізденуге тапсырмалар беріп еріксіз кітапханамен байланыстыратын. Ол кезде интернеттің болмауының арқасында ма əлде ұялы телефонның өзіне тиесілі қызметін ғана атқарғандығынан ба білмеймін, біз үшін бар қызық сол кітапханада жасырынғандай көрінетін. 

Ал дəл қазіргі жастардың көбі бар əлемнің қызығын төрт бұрышты смартфонға сыйдырған . 
Қазіргі заманның талабы ма əлде оқушының өзінің қалауы ма белгісіз. Кітап оқуға кеңес берсең кітапханадан емес желіден жүктеп, ізден десең телефонның нүктесін ғана іздейтіні тағы бар. Жүктелген кітаптың қызығына батып оқи алмай,ұялы телефонының қуат көзі мен өзінің ауырған көзін сылтаурататынын не дерсіз. Бүлдіршінді балабақша бағып, баланы мектеп тəрбиелесін дейтін, жұмыстан қолым тимейдіні сылтаурататын ата-аналар мен тек жүктелген тақырыппен тоқталған мұғалімге қарап кейде шынымен-ақ əлгі көпірді кім қаламақ?,-деген сұраққа қаламын. 

Өмірғали Сафура Сəбитқызы 
Қызылорда “Қызмет” колледжі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі