Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Қашықтық оқыту кезінде химия сабақтарында оқытудың тиімді формалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан сабақ өтудің формалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназияcы

Химия пәні мұғалімі: Дәукеева А.А

Санаты: Педагог-модератор

педогика ғылымдарының магистрі


Тақырыбы: Қашықтық оқыту кезінде химия сабақтарында оқытудың тиімді формалары


Заман, уақыт талабы әрдайым өзгеріп отырады және ол адамнан жаңа жағдайға тез бейімделіп, мінез-құлқын, ұстанымын, ақыл-ойын жаңа жағдайға сай өзгертуді қажет етеді. Соңғы жылдарда елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Бағдарлама жалпы білім беретін мектептерді де сырт айналып өткен жоқ. Мектепте де цифрлы технология уақыт өткен сайын кең еніп келеді. Оған мұғалімдер де, оқушылар да бейімделіп, замана технологиясын бір кісідей меңгеріп жатыр.

Қашықтан оқуды жүзеге асыруда мұғалімге жүктелер міндет пен жауапкершілік жүгі өте ауыр. Ол ең алдымен, оқу бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үдерісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар жасайды. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін мұғалім оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізе білуді орындауы шарт.

Қашықтық оқыту жағдайында химия сабақтарын оқытудың тиімді формалары ұсыну және сабақтарда инноватциялық әдіс –тәсілдерді пайдаланып оқушылардың білімдерін кеңейту.

Қашықтан оқыту тәсілімен оқытатын мұғалімдерге бірнеше негізгі талаптар қойылады, атап айтқанда:

-Мұғалім компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

-Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде одан әрі дамуы туралы білуі қажет.

-Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

-Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндап, сабақтарды қашықтан өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

-Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы керек.

Осындай биік талаптар деңгейінен көріну мұғалімге оңай тимейтіні анық. Осыған орай, енді мұғалім тек өз пәнін жетік білетін маман ғана болып қоймай, заманауи ақпараттық технологияны да жете меңгерген және оны өз жұмысында тиімді пайдалана алатын жан болуы шарт.

Қашықтықтан оқыту - ғаламторды пайдалану арқылы қашықтықта отырып оқыту тәсілі. Қашықтықтан оқыту технологиясы интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы, компьютерлік оқыту және интернетте оқыту (мобильді мессенжерлер) арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту жүйесі бір бірінен алшақ отырған білім алушылар мен мұғалім арасын байланыстырушы болып табылады. 

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып білім берудің мақсаты- білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, әртүрлі платформаларды қолдану арқылы оқыту, білім алушы мен мұғалім арасында кез келген форматта өзара файлдармен алмасу. Қашықтықтан оқыту кезеңінде әр мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлі платформаларды қолдану арқылы оқытуды жүргізіп келеді. Ол платформалардың қайсысы болмасын ақпаратты білім алушыға ыңғайлы және түсінікті түрде жеткізуге, олармен диалог жүргізуге және кері байланыстар жасауға өте тиімді.

Қашықтықтан оқыту кезінде химия сабақтарында оқушылармен кері байланыс жасау үшін тиімді құралдардың бірі - Google формалары. Google формалары - Google Дисктегі ең танымал функциялардың бірі. Google формалары – қашықтықтан оқыту кезінде кері байланыс жасауда, әсіресе бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау өткізуде өте қолайлы құрал. Google формалары тест жұмыстарын (бір дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаптармен) өткізуге, оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша жазба жұмысын жаздыруға, бақылау жұмыстарын орындатуға ыңғайлы құрал болып болып табылады.

Сонымен бірге бұл сервис қағаз бастылықтан құтқаратын бірден бір құрал деп айтуға болады. Осы Google формаға алдын ала дайындаған тапсырмаларды орналастыру арқылы практикалық жағынан таныстыруды алдын ала дайындаған тапсырмаларды жөн көрдім.

Google формаларымен жұмысты бастамас бұрын міндетті түрде google-де аккаунт (gmail.com) пошта ашып алу керек. Google парақшасына ашып, сол жерде gmail.com почтаға кіру керек. Таңдау торларын бассақ, сол кезде бізге Google –дің негізгі сервистерінің тізімі ашылады. (1-сурет)

Диск сервисін таңдау керек, егер сіз бұрын қолданбаған болсаңыз, орнатуға рұқсат сұрайды. Ол сіздің құжаттарды өзіңіздің құрылғыда да және бұлттық кеңістікте сақтау үшін қажет. Дискіге кіргеннен кейін сол жақ жоғары бұрыштан Создать батырмасын басамыз. Шыққан контекстік мәзірден Форма сервисін таңдап, форманы баптауға көшеміз.(2-сурет)

Бастапқыда Google формасы Новая форма деп ашылады Әуелі формаға атау беріледі. Сипаттау бөліміне қосымша мәліметтер енгізуге болады. Мен жиынтық бағалауға сәйкес оқу мақсаттарын жаздым. Форманың атауын кейін де өзгертуге болады.(3,4-суреттер)

Shape1

Химия сабақарында есепермен жұмыс жүргізу керек сол үшін тапсырамалар есептер шығару жолдарын көру үшін есептерге орындап мұғалімге фото немесе видеоға түсіріп жіберсе болады.

Тақырып бөлімінің оң жағында көрініп тұрған белгішелер арқылы сұрақ қосу, сұрақты импорттау, сипаттама атауын қосу, сурет қосу, бейнематериал қосу, бөлім қосу әрекеттерін орындауға болады. Сұрақ қосу кезінде сұрақтарды толтыру формасы ашылады. Сұрағымызды жазғаннан кейін, оған қандай формада жауап алғымыз келсе сол форманы таңдаймыз(5-сурет)


Жоғарыда көріп отырғаныңыздай бірнеше түрде жауап қабылдауға болады.

  • Мәтін

  • Азат жол

  • Тізімнен таңдау

  • Тізімнен бірнеше жауап таңдау

  • Ашылмалы тізім

  • Файл жүктеу

  • Мөлшерлеу

  • Көп таңдау торы

  • Жалауша торы

  • Күннің жады

  • Уақыт

Берілген сұрақ немесе тапсырмалар түріне қарай жауаптардың белгілену түрлері таңдалады.Сонымен қатар жауаптарды сурет, бейнематериал түрінде қабылдауға болады. Ол үшін білім алушының да gmail.com арқылы аккаунт ашуы міндеттеледі. Егер сұрақтың немесе тапсырманың жауабы міндетті түрде жазылу керек болса Обязательный вопрос чек-боксын түртіп батырманы айқындау керек.

Енді келесі сұрақтарды енгізу үшін + батырмасын шерту керек.Сұрақтардың арасына сурет, бейнекескін, диаграмма, кесте және т.б. орналастыру қажет болған жағдайда Вставка изображения батырмасын басу арқылы орындауға болады. (6-сурет)


.Барлық сұрақтар мен тапсырмаларды, оларға сәйкес жауаптарды орналастырып болған соң Просмотр арқылы форманың түрін қарап алуға болады. (7-сурет)



Форманың дұрыс толтырылғанын қарап өткеннен кейін, ол форманы орындау үшін білім алушыға жібере беруге болады. Ол үшін Отправить батырмасын қолданып, дайын форманы жеке оқушының электрондық поштасына жіберуге болады немесе сілтеме арқылы топтардың чаттарына жіберуге болады. Сілтемесін алу үшін  Короткий URL  хабарламасының тұсына белгі қою керек.

Бұл жасалған форманың нәтижесін басқа әріптестерге өз жұмыстарына қолдануға мүмкіндік беруге де болады.Ол үшін - Google Дисктегі қажетті форманы таңдап, тінтуірдің оң жақ батырмасын басу арқылы контекстік мәзірден Ссовместный доступ бөлігін таңдау керек.

Оқушылар орындап болған соң, жауаптар бөлімін басу арқылы барлық жауаптардың нәтижесін е болады немесе әр оқушының мәтіндік жауаптарын жеке қарап шығуға болады. Сұрақтардың түрлеріне қарай оқушының жауаптарын тексеріп, қолмен тексерілетін жауаптардың қорытындысын хабарлау үшін оқушылардың электронды поштасының да қажет екендігін ескерген жөн.

Жауаптары автоматты түрде тексеріліп, оқушыға дереу хабарлануы үшін Настройки батырмасын басу арқылы баптау жасау керек. Жауаптардың нәтижесін Google таблицаға орналастыра отырып, қолдануға ыңғайлы етіп Excel бағдарламасына аударып алуға болады. Google формаларының мүмкіндіктері тек мұнымен шектелмейді, жұмыс жасау барысында басқа да артықтшылықтарына көз жеткізуге болады.

Химия сабақарында есепермен жұмыс жүргізу керек сол үшін тапсырамалар есептер шығару жолдарын көру үшін есептерге орындап мұғалімге фото немесе видеоға түсіріп жіберсе болады.

Ғаламтор арқылы осындай өзімізге қажетті де пайдалы осындай сервистердің көмегімен өз уақытымызды тиімді пайдалана аламыз және химия сабағында ғана емес басқа пәндерде Google формамен өту өте ыңғайлы себебі,тапсырмалар мұғалімнің өзі дайындайды бұл мұғалімдердің жұмыстары анық көрінеді және балаларда сырт жаққа шықпай ақ, бейнебаяндама көріп есептерді шығарып тапсырмаларды орындайды. Егер химия сабақтарында Google формамен сабақ өтсек оқушылардың білімдер және мұғалімдердің жауапкершілігі жоғары деңгейде болады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12