Маңғыстау
облысы
Мұнайлы
ауданы
«№2
жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі
химия
және биология пәні мұғалім,
7
«В» сынып жетекшісі
Курманова
Ханслу Жексенбетовна
Тақырыбы:
«Қашықтықтан оқыту кезінде тәрбиеде
басты назарда»
Елімізде
наурыз айынан бастап короновирус
дертінің алдын алуға байланысты төтенше
жағдай жарияланған кезден бері жалпы
білім беретін мектептер мен арнаулы
орта білім беретін колледждер және
жоғары оқу орындары түгелдей қашықтан
оқытуға көшті.
Біз,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы
№2 жалпы білім беретін орта мектептің
директоры Тағанияз Өмірхан Базарұлы
бастаған ұжым көшке еріп, 6 сәуірден
бастап қашықтықтан оқытуды бастап
кеттік. Қашықтықтан оқыту-заман талабы,
уақыт сұранысы! Демек ұстаздар қауымы
үшін шығармашылық шеберліктерін шыңдап,
кәсіби дамуда білімдерін жетілдіруге
керемет мүмкіндіктер кезеңі келген
секілді. Қазіргі қашықтықтан оқыту
барысында мұғалімдерге зор сенім
артылуда. Себебі оқыту процесін іске
асыруда мұғалімнің атқаратын рөлі
орасан зор. Қашықтықтан оқыту барысында
мұғалімнің негізгі міндеті-сабақтың
мақсатын қою, білім, тәжірибелерді беру,
ұйымдастыру қызметі, оқу процесін
бақылау. Яғни, мұғалім сабақтың құрылымын
бұрынғыдан өзгеше, мүлдем басқаша
формада дайындап, оны қашықтықтан оқыту
білім беру жүйесімен астастырып
бейімдейді, оқу үдерісінің барысын
қадағалап,тапсырмаларды тексеріп,
бағалайды.
Дегенмен
де ұстаз шәкірті үшін бар білгенін
аямайтын жан емес пе?! Осындай қиын
кезеңде ештеңеге қарамастан алға қарай
қадам жасадық. Ата – анаға қашықтықтан
білім алудың түрлі жолдарын (Zoom,
TeIegram,WhatsApp, Daryn.onIine. Mektep.edu.kz) желілерін
түсіндірдік. Алғашқы аптадағы дүрлігу,
қобалжу жауабы жоқ сұрақтар, ата-ананың
алаң көңілін басуға тырысқан әрекеттер,
қарсылықтар мен қолдаулар барлығы артта
қалды.
Қазіргі
таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас
ұрпақты тәрбиелеудегі актуальды
мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.
Еліміздің болашағы – ұрпақ
тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға
әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне
сәйкес білім беру мен тәрбие беру, оның
рухани байлығы мен мәдениеттілігін,
ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру,
сонымен қатар әр адамның кәсіби
біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін
арттыру әділетті қоғамның міндеті болып
табылады.
Әбу
Насыр әл-Фараби айтқандай: «Адамға
ең бірінші білім емес,тәрбие керек.
Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың
қас жауы, ал келешекте оның өміріне
қауіп әкеледі». Дұрыс тәрбие көрмеген
адамның жан-дүниесінде рухани байлыққа
толмаған бос орын қалады.
Әрине,
тәрбиенің алғашқы бастамасын бала
жанұяда алады. Бүлдіршін
алғашқы адамгершілік қасиеттерді де,
еңбек әліппесінің алғашқы беттерін де
өз үйінде ашады. Ұлттық педагогикада
«Тәрбие отбасынан басталады»деп тегін
айтылмаған. Баланың тәлім — тәрбиесіне
ерекше мән берген халқымыз «баланы
жастан»деп мәтелдеген. Иә, қазақ халқында
сонау ежелгі заманнан бері өзіндік
тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі
болған. Ал сол дәстүр отбасында басталып,
мектепте берілетін тәрбиемен қалай
ұштасады? Енді соған дәлелімді
келтіре кетейін. Иә, алтын бесік —
отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Екеуі
де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасы
адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып,
дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы
мен білімі толысқан, жан — жақты жетілген,
өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды
адам етіп тәрбиелеп шығарады. Бұл екі
ортаның да мақсат — мүддесі ортақ,
міндеті — біреу. Демек, осындай қасиетті
жерде жұмыс істеудің өзі маған үлкен
жауапкершілік жүктейді. Менің мектеп
өмірінде жүргеніме де 15 жылдың жүзі
болып қалыпты. Осы уақытта көзім
жеткені педагогикалық іс — өте нәзік,
қасиетті іс екен.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында
қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі
дәстүрді,адамгершілігі бар асыл
қасиеттерді жастар бойына
қалыптастыруда,оны ұтымды пайдалану
аса маңызды міндеттердің біріне айналып
отырғаны даусыз. Оқыту түрі қашықтықтан
болсада тәрбиені басты назарда ұстандым.
7 «В» сыныбындағы оқушыларға жетекшілік
еткеніме IV тоқсанда тура бір жыл болды,
соған қарамастан мен оқушыларға, оқушылар
маған, тіпті ата-аналарда қатты бауыр
басыпты. Осы мақаланы қолға алуыма да
осы оқушылар мен ата-аналардың істеген
істері түрткі болды. Тоқетерін айтатын
болсам ата аналарым мен оқушыларымның
алтын ұя мектебіне, білім нәрімен
сусындатқан ұстаздарына сағыныштарын
жолдап алғыс, рахметтерін жаудырған
видеороликтері. Төтенше жағдай ұстаздың
еңбегінің қиындығын, оқушы мен ата-анаға
ұғындырып, ұстаздың мәртебесі жоғары
екендігін дәлелдеді. Ұстаз, оқушы,
ата-ана үштігінің ынтымақтастығын
бекіте түсті.
7
«В» сынып оқушыларына бекітілген жоспар
бойынша «Бақытты отбасы», «Ынтымақты
елдің ырысы мол», «Табиғат тіршілік
аясы» тақырыптарында сынып сағаттарын
өткіздім. Менің әрбір тәрбие
сағатын өткізудегі мақсатым: «Әрбір
адам ең алдымен өз халқының
перзенті, өз Отанының азаматы
болу керек екенін, ұлттық
болашағы тек өзіне байланысты
болатынын есте ұстауға тиіс».
Ата-аналарда, оқушыларда белсенді
қатысып, кері байланыстарын видео,
суреттер түрінде жіберіп отырды. Мен
оларды жинақтап видео сабақ түрінде
жасақтап тәжірибе алмасу мақсатында
желілерге жүктеп отырдым.
Қорытындылай
келе, дәстүрге арқа сүйемегеннің
көсегесі көгермейді деген
атамыз. Яғни, отбасы, көпшілік,
қоғам болып тәрбиелеу қазақ
халқының өмірінен өзекті орын
алса деймін. Болашақ
жастарға тәлім тәрбие беруде
Отанымыз отбасы мен мектепке
үлкен борыш артады.
Ұрпақ
тәрбиесі — ұлт болашағы десек,
бүлдіршін мектепалды даярлық
сыныбынан бастап, өз ойын ашық
айтуға үйренеді. Міне, осы сәтте ұлттық
дәстүрімізбен тәрбиелеу менің
парызым. Егеменді еліміздің болашақ
ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық
психологиясын, ата-бабаларымыздың салт
дәстүрімен сабақтастыра отырып, тәрбиелеу
қазіргі күннің ең өзекті мәселенің
бірі болып есептелінеді. Егер бүгін
бүлдіршіндер өз халқының рухымен
тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі
бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша
мұрасы жастарға аманат етіледі.Ата-ана
мен мұғалім бірлесіп жұмыс
жасағанда ғана бала бойына
ізгі қасиеттерді толығынан
сіңіруге болады. Олай болса, ұлт
болашағын тәрбиелеуде еш қателеспей,
өз үлесімізді қоса берейік дегім келеді.
Қазақтың
дарынды ақиық ақыны, педагогы М.Жұмабаев
ағамыз «Мен жастарға сенемін!» деп
келешек ұрпаққа үлкен сенім артқан еді.
Мағжанның жыры қазақ жастарына жігерлі
рух, қайраттылық берді. «Мен жастарға
сенемін» өлеңі жай оқып, жаба салатын
өлең емес, өлеңнің тәрбиелік мәні зор.