400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Қазақ мемуарының жанрлық ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала қазақ әдебиетінде қалыптасқан жанрдың түрін зерттеп, оның дамуына өз септігін тигізу мақсатында жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ мемуарының жанрлық ерекшеліктері


Мұқаш Назерке


Мемуарлар, эсселердің даму тарихына көз жібергенде 1920 жылдары басқа шет елдер әдебиетіндегі тәрізді қазақ әдебиетіне де жанр шарттарына толық жауап беретін мемуарлық шығармалар әдеби үрдіске енді. (С.Сейф. тар жол тайғақ кешу», СМҰқү Менің мектептерім) Көптеген көрнекті жазушылардың шығармашылық қызметінің шыңына шықты, оқырмандардың ерекше сұранысына ие болды.

Мемуар латынша – memoria, французша - memoire, белгі (память) мағынасын береді. Бүгін «мемуар» деген сөзден жазушының өз өмірі немесе өмір сүрген қоғамы, оның ойы мен қиялы, дүние танымы мен философиясы баяндалатын әдеби естеліктер, күнделіктер мен өткен өмірінің маңызды тұстарын әңгімелей жазылған көркем шығармалар.

Авторлардан арнайы ұзақ мерзімді дайындықты талап етпейтін мемуарлық жанр жазушылар, кәсіби әдебиетшілер үшін де, тарихи оқиғалардың негізгі қатысушылар үшін де аса маңызды болды.

Белгілі орыс әдебиетші А.Г. Тартаковскийдің пікірі бойынша: «Мемуаристика (сөздің кең мағынасында) мәні жағынан ерекше тарихи жады және ұрпақтардың рухани сабақтастығының бірегей құралы және қоғамның өркениеттілігі деңгейінің көрсеткіші, сонымен қатар, оның өзінің өткеніне, демек, өзінің болмысына саналы қарым-қатынасын көрсетеді»[2, 12 с.].

3.Л.Я. Гинзбург эссе, мемуар туралы зерттеулері әдебиетші ғалымдардың зерттеулеріне жол салып берді. Ғалым еңбегіндемемуарлардың жанрлық табиғаты туралы мәселелер ғана емес, сонымен қатар автор мен бас кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, бейнелеу, суреттеу тәсілдеріқарастырылды[3, 9 с.]. Қазқ әд-е мемуар, эссе тур алғаш зерттеген Б.Кенжебаев,Ол «С.С-ң Тар жол...» мемуарлық романын өмірбаяндық очерк» деді ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетіндегі мемуарлық және өмірбаяндық проза өзара тығыз байланысты болды. Т.М. Колядич «Мемуарлық шығармалардың» құрылымында автобиографиялық элементтердің болуы «Проза жанрлары жүйесінде дербес білім ретінде мемуаристиканың пайда болуына түрткі болды» деген пікір айтады. Зерттеуші мемуарды -«лирикалық повестердің, өмірбаяндық повестердің, әдеби портреттің элементтері қосылған күрделі құрылым» [4, 125 б.].деген анықтама береді.

Мемуарлар мен өмірбаяндарды нақты ажырату мәселесі күрделі.И.О. Шайтанов екі түрдің бір-біріне жақын формалары арасындағы ортақ элементтерді атап көрсетеді. 4 Г. Елизаветина «Мемуарлар тарихи оқиғалар туралы әңгіме, ал Өмірбаян - өзінің өмірлік жолы туралы әңгіме» деп ажыратады. Е.Л. Кириллова мемуарлық прозаны әртүрлі жанрлық модификациялары және оған тән жанр түзуші доминанттары бар метажанр ретінде анықтады.

Қазақ әдебиетінде 2000 жылдардан бастап мемуаристика, эссе әдебиеттанушылардың, ғалымдардың, әдебиет сыншыларының ерекше қызығушылығын тудырды және негізгі зерттеу нысанына айналды.Соның нәтижесінде аталған жанрды зерттеуге арналған монографиялық зерттеулер пайда болды. Мысалы, Қ.Ергөбектің «Сарасөз»[5], Н.Ақыштың «Қазақ мемуарлық романы»[6]монографиясы, Ә.Кәкенованың «Қазақ прозасындағы Мұқтар Әуезов бейнесі және шығармашалық тұлға концепциясы»[7], Б.Қ.Қожахметовтің «Әбділда Тәжібаев – мемуарист – жазушы»[8], Н. Балтабаеваның «Қазақ роман-эссе жанрының қалыптасу тарихы, оны оқытудың даралық-дәстүрлік ұстанымдары»[9 ], Н. Омаровтың «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық (автобиографиялық) романдардағы тарихи дерек пен көркемдік шешім (Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Қ.Жұмәділов романдары бойынша)»[10 ], зерттеулерін атап айтуға болады. Бұл еңбектерде поэтика мен мемуарлық проза жанрының мәселелері зерделенеді. Алайда, зерттеушілердің мемуарлық жанрларды зерттеуге көңіл бөлуінің күшеюіне қарамастан, оларды толық, жан жақты зерттелді деуге болмайды.

5 Зерттеушілер үшін өмірбаян, күнделік, хаттар, жазбаларды - дербес, көркем әдебиет үлгілеріне жатқызуға бола ма немесе оларды мемуарлық жанрдың түрлері ретінде қарастыруға бола ма деген мәселе өзекті болып отыр.

Орыс әдебиетінде мемуарлық прозаның жанрлық аражігі туралы И.О. Шайтанов өзінің зерттеу еңбегінде «Кеңестік әдебиетте мемуарлардың көп оқылатынына, оқырмандарының көптігіне қарамастан және ғылыми ортада әлі күнге дейін мемуарлардың айқын жанрлық типологиясы жасалмаған. Деректілік және көркемдік қиялмен мемуарлардың арақатынасы зерттелмеген» [11, 125 б.]- дейді.

Соңғы отыз жыл ішінде, тәуелсіздік алғаннан бері жазушылардың, түрлі саладағы ірі тарихи тұлғалардың мемуарларға, эссеге деген қызығушылығы артып отырмаса бір төмендемегендігін білеміз. Мемуаристикада, эсседе тарихи құжаттың шынайылығы, дәлдігі ғана емес, сонымен қатар өзіндік эстетикалық қасиеттері де жоғары бағаланады. Біз мақаламызда мемуаристиканың синкретті құрылымына, мемуарлық прозаның метажанрлық табиғатына баса назар аударуға тырысамыз.

Көркем әдебиет және әдебиеттің деректі жанрларының: өмірбаяндық хикаяттар, тарихи роман, хроника, роман-өмірбаян, очерк, күнделік, жол жазбалары, хаттарды, эссе (роман-эссе, повесть-эссе) және т. б. Элементтерін кеңінен пайдаланатындығымен мемуарлар (- бұлар мемуарда тарихи дерек ретінде, көркем әдебиетте көремдік әдіс ретінде пайдаланылады) ерекшеленеді.

ХХ ғасырдың басынан-ақ мемуарлар басқа жанрлармен тең құқылы және тіпті кейбір жағдайларда өзіндік артықшылығы баржанрлар ретінде шығармашыл тұлға, жазушыға оңтайлы жанр болса, оқырман үшін ең тартымды жанр болды. Бір жағынан, мемуарлық туындылар оқырманның рухани сұраныстарына жауап бере отырып және екінші жағынан –сөз зергерлерінің шығармашылық көкжиегін кеңейтіп, олардың әдеби шеберлігін жетілдіруде үлкен мектеп болды.

И.О.Шайтанов, Л.Я. Гаранина Е.Л. Кирилловтың әдеби естеліктері негізінде мемуарлық шығармалардың жанрлық типологиясын жасады. Н.Ақыш «Деректі (құжаттық) әдебиет» өзіне тән образды жүйе мен жанрлық ерекшелігі бар көркем әдебиеттің жеке түрі ретінде анықталады.

Мемуар, эссе жазу үшін жазушылар өз шығармаларында түрлі даулы мәселелерді, әдеби пікір-таластарды дәл көрсету үшін белгіліжазушылардың, тарихшылардың, философтардың, саясаткерлердің күнделіктеріне, хаттарына, жазбаларына жиі жүгініп отырды. Мемуарист-жазушылардың туындыларынан публицистикалық, көркемдік қиял, автобиографиялық жанрлардың мемуарменен кірігуін байқауға болады.

Мемуарист жазушылар мемуарлық жанрға жүгіне отырып, шығармашыл тұлға, қазақ зиялыларының алдында тұрған маңызды мәселелерді көрсетті. Осы мәселелерді көтеру барысында белгілі, атақты, даңқты замандастары және олардың алдындағы аға-ұрпақтың өмірі туралы, олармен кездесулері, танысулары, қарым-қатынастары туралы естеліктерге жүгінугетура келді. 1920-1930 жылдары еліміздің әр түрлі өңірлерінен шыққан белгілі тұлғалар, атап айтқанда музыканттар, суретшілер, жазушылар, өнер адамдары туралы өте көп мемуарлық шығармалар, эсселер жарық көрді. Мемуарлар мен эсселерде жазушылардың көркемдік шеберлігі туралы, шығармашылық портреті туралы ойларға кеңінен орын беріледі. Мұндай баяндауларға автордың субъективті ойлары ғана емес, әдеби, сыни, талдаушылық сипат тән. Мысал

Жазушылар мемуарлық жанрға сүйене отырып, шығармашылық интеллигенцияның алдында тұрған маңызды проблеманы көрсетті. Дәл осы мемуарлық әдебиетте белгілі бір тарихи оқиғалар ғана емес, тарихи дәуірге қатысты адамдармен куәгерлердің портреттері де сақталды.

Мемуарлық шығармалар әдеттемонологпен басталады. Субъективті бағалау, оқиғалар мен адамдар туралы дерек, көрген, басынан кешкен авторлық интерпретациялаудың маңыздылығы – мемуарларға көркем-деректілік және психологиялық прозаға тән сипаттарды береді.

Мемуарлық шығармаларда Отан, ел тағдыры, болашағы туралы жазушылардың ой-пікірлеріне, авторлардың елдің өткен тарихына,оның болашақпен байланысына, қайғы-қасіретті көп көрген бұрынғы аға ұрпақтың басынан өткендері, тәжірибесі мемуарларда, оның бір тармағы эсселерде кеңінен баяндалады.Мысал

Көптеген мемуарлық шығармаларды, эсселердіталдау естеліктердің сипаттамалық (нақты) жағы өткенмен, мазмұндамалық ретрансляциялау жағы– қазіргі уақытқа және болашаққа бағытталады. Мемуарист, эссе авторы уақыт сипатын сақтаушысы міндетін орындай отырып, аға ұрпақтың тәжірибесін болашақ ұрпаққа жеткізе біледі. Мемуарлардың авторлары замандастарының өткен өмірі мен тағдырын егжей-тегжейлі қайта жаңғыртып, өз дәуіріндегі ұлт зиялыларының тарихи сана ағымына назар аударады. Мемуарлық прозаға автобиографиялық, ғұмырнамалық, өмірбаяндық, тарихи-публицистикалық фрагменттерді қосады. Жазушы Отан тарихындағы тарихи оқиғаларды қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен қатар олардың бастан кешкен түрлі оқиғаларын, психологиялық ахуалды, түрлі сезімдері мен күйлерін өте терең, өте анықтүрде болашаққа жеткізді.

Мұндай салыстырмалы талдау бір жағынан жалпы тарихи үдерістің үдемелі қозғалысының үздіксіздігін, уақыт пен оқиғалардың объективті байланысын, екінші жағынан жазушылардың, тарихи тұлғалардың өз замандастары басынан кешірген Тарихи қателіктерінен сақтандыруға деген ниетін айқын көрсетеді.

Сондықтан әдеби естеліктер публицистикамен және көркем әдебиетпен тығыз байланысты. Ол тек оқиғалармен нақты шынайы фактілерді көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар оқырманға әсер ететін ерекше күшке ие автордың азаматтық сезімдерін білдіру құралы болды.

Отан тарихы өткен оқиғаны талдау арқылы ғана емес, сонымен қатар өз заманының тарихи даңқты тұлғаларының қызметін бағалау арқылы толықтырылды.

Жазушылардың естеліктері тарихи оқиғаларға арналған жазушылардың мемуарлары көпфункционалды: олар оқиғалар мен тұлғаларды дәл бейнелеп қана қоймай, нақты шындықты бейнелейді, сонымен қатар өткеннің тарихи бейнесін (картинасын) көркемдік қиялмен қалпына келтіреді. Сондықтан да естеліктерді - әдебиет, әрі тарих, әрі көркем шығарма материалы деуге болады. Өз қиялының күшімен, көркем бейнелер мен тәсілдердің кең палитрасын қолдану арқылы жазушы-мемуарист өз оқырмандарынбұрынғы болған оқиғалармен, деректерімен таныстырып қана қоймай, оқырманды тарихи оқиғаларға нақты қатысушылармен бірге уайымдап, олармен бірге сезінуге, толғануға мүмкіндік береді. Мысал

Мемуарлар бұрын өмірден өткен тарихи-әдеби құжаттар ретінде ғана емес, белгілі бір жанрдағы заңдар бойынша жазылған әдеби шығармалар ретінде, өзіндік поэтикалық құрылымы және баяндау формаларының өзіндік типологиясы бар әдебиттегі ерекше жанр.

Мемуаристикада, эсседе негізгі жанр түзуші доминанттар «жады» және «субъективтілік» болып табылады. Мемуаристикада ақпараттың нақтылығы, шынайылығы және сонымен бір мезгілде авторлық көзқарастың үстемдігі жанрдың ерекшелігін құрайды. Очерк, эссе, күнделік жазбалар, эпистолярлық жанр мемуарлық мәтінмен еркін араласып жатуы мемуарлардың күрделі метажанрлық құрылымын анықтайды.

Мемуардың ішкі жанрлары, бір үлгісі - естелік, күнделік, эссе бүгін үшін де, келешек үшін де өте қымбат, тарихи құжат. Естелік те, күнделік те - әдебиет жанры. Естелік - көзбен көрген шынайы шындыққа негізделіп жазылған шыншыл жанр. 

Жалпы мемуарлық прозасының ең негізгі жанрлардың бірі – очерк дейді орыс зерттеушілері. Орыс әдебиетінде жазушылардың әдеби естеліктері очерктер циклына жиі біріктірілетіндігі байқалады. Мысалы «Б. Зайцевтің «Москва», «Далекое»,З. Гиппиустің «Живые лица», Вл Ходасевичтің «Некрополь» т.б. еңбектерді очерктер циклы деуге болады» . Очеркте автордың назары әдетте сыртқы бейнеге, мінез-құлыққа немесе белгілі бір тарихи дәуірдегі қоғам өмірінің ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктерін қалпына келтіруге бағытталады. Очерктік прозаның осы қасиеттерінің барлығы мемуаристиканың негізгі талаптарына жауап береді. Мемуардың негізгі талабы өткен оқиғалардың детальдарын дәл және егжей-тегжейлі қалпына келтіру.

Жазушылардың мемуарларында очерк типтерінің мынадай типологиясы кездеседі: очерк-портрет, өмірбаяндық, ғұмырнамалық, тарихи, әдеби-сыни очерк. Олардың әрқайсысының жазушының алдына қойған міндетіжәне таңдаған баяндаутүрлеріне қарай өзіндік спецификалық ерекшеліктері бар. Мысалы, очерк-портретте мемуарист-автор өзі суреттеп отырған тарихи тұлғаның сыртқы келбетіне ғана емес, оның ішкі, рухани әлеміне жіті назар аударады.

Өмірбаяндық очеркте автордың өмір жолындағы маңызды кезеңдерқоғам өмірімен, тарихи оқиғалармен тығыз байланыстысуреттелетіндігін айтады орыс әдебиетіндегі мемуарды зерттеуші ғалымдар.Өмірбаяндық хикаят, өмірбаяндық романда автор өмірі егжей-тегжейлі, толық қамтылса, өмірбаяндық очеркте өмірінің кейбір кезеңдері ғана суреттеледі. Өмірбаяндық баяндаудың негізі автордың жеке өмірінен алынған оқиғалар болып табылады. Бұл жағдайда автор мен кейіпкердің баяндауыштық «Мені»бірігіп, кірігіп кетеді.

Жазушылардың мемуарлары, эсселерін құжаттанудың, публицистиканың немесе көркем прозаның барлық қасиеттерінің толық жиынтығы деуге болмайды, бірақ олардың элементтері сөзсіз мемуарлық мәтіндерде араласып жатады.

Мемуарлық мәтін оқырманнан ойлы оқуды ғана емес, сонымен қатар тарихи, мәдениеттану, философиялық, әдебиеттану сияқты жан-жақты гуманитарлық ғылымдар бойынша дайындықты талап етеді. Сонымен қатар, естеліктердің өзі танымдық рөл атқарады.

Мемуарлар мен эссе, естеліктер еліміздің қиын да күрделі өткен дәуіріндегі терең тарихи оқиғалар мен жекелеген адам тағдырын еске түсіре отырып, қазіргі ұрпақты, жалпы адамзатты адамгершілік-этикалық және рухани-діни мәселелер туралы ойлануға түрткі болады.

Мемуарлар мен эссе, естеліктер әдебиетімізде ежелден бар әңгіме жанрындағы дәстүрлерді жалғастырып қана қоймай, жазушыларымыздың шығармашылық тәжірибесін арттырып, әдебиетіміздегі жанр түрлерін жетілдіруге негіз болды деуге болады. Жазушылардың мемуарлары философиялық-тарихи көзқарас тұрғысынан ғана қызықтырмайды. Оның ең маңызды және жарқын жағы оның поэтикасы болып табылады. Мемуарлық мәтінге очерк, эссе, күнделік, эпистолярлық жанр, автобиографиялық әңгіме, повесть, роман, хроника, публицистикалық мақала, жазбалар, репортаж, некролог элементтерін біріктірген синтетикалық құрылым екендігіне көз жеткізуге болады.

Әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003.

2 Тартаковский А.Г. 1812 год и русская мемуаристика. – М., 1980.

3 Гинзбург Л.Я. О психологической прозе. – Л., 1971. – С. 143.

4 Колядич Т. М.Воспоминания писателей: Проблемы поэтики жанра. – Москва: Мегатрон, 1998. – С. 260

5 Ергөбек Қ. Сарасөз. - Алматы, Алматы: ЖШС Қазақстанбаспаүйі, 2013. 572 бет. «»3

1»»6 Ақыш Н. Қазақ мемуарлық романы. – Алматы: 2010. – 323 б.

7 Кәкенова Ә. Қазақ прозасындағы Мұхтар Әуезов бейнесі және шығармашылық тұлға концепциясы. Алматы, 2010.

8 Қожахметов Б. «Әбділда Тәжібаев-мемуарист – жазушы»– А., 2010.

9 Балтабаева Н. Қазақ роман-эссе жанрының қалыптасу тарихы, оны оқытудың даралық-дәстүрлік ұстанымдары. – А., 2016.

10 Омаров Н. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық (автобиографиялық) романдардағы тарихи дерек пен көркемдік шешім (Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Қ.Жұмәділов романдары бойынша– А., 2010. –11. Шайтанов И.О. Как было и как вспомнилось (Современная автобиографическая имемуарная проза). – Москва: Знания, 1981




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
866
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі