ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ
ПӘНДЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ.
Аманова Асемгуль
Турсумбековна
Петропавл қаласының № 2 ОМ
КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі
Функционалдық сауаттылық
дегеніміздің өзі -адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның
мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған
азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып
табылады.
Білім кеңістігіне енуде өмірге
бейім, өзгеріске икемді, өзіндік ой-пікірін жеткізе алатын, сыни
тұрғыдан ойлай алатын тұлға қалыптастыру заман талабы болып отыр.
Осындай оқушыны даярлауда олардың функционалдық сауаттылығын
арттыру маңызды орын алады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқу
сауаттылығын дамыту жұмыстары әр сабақ сайын қарастырылуы зор
нәтиже береді. Оқушылар күнделікті шығармашылықпен айналысып,
өзіндік пайымдауға дағдыланады.
Қазақ тілі мен әдебиеттен
оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарының
мақсаты: оқу
сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын
түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу,
мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге
баулу.
Сондай-ақ, оқушылар
функционалдық сауаттылықтың негізгі
міндеті мәтiннiң
қолдану жағдайы
немесе мақсаттары аспектісін
үйренеді, мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары
дамытылады. Жұмыстар барысында бағдарламадан тыс көркем
әдебиеттерге талдау жасалынады.
Сыныптан тыс сабақтарда
оқушыларды даяр мәтіндер бойынша тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеуге
төселдіру меңгерген дағдыны қолдана алуға
үйретеді. Оқушылардың сөз мәдениетін
жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға бағытталған сабақ
түрлері қарастырылды. «Қазақ тіл өнерінің құдіреті», «Поэзия
тілінің құдіреті, «Әдеби тілдің қолдану аясы» тақырыптарында
өткізілген үйірме жұмыстары жазбаша мәтіндерді ұғуына оқу
қабілеттілігі және оларға рефлексия жасап,
олардың мазмұнын меңгеруге
бағытталды.
Қазақ тілі мен әдебиет
пәндерінен интеллектуалды сайыстар мен олимпиадаларға оқушыларды
жүйелі даярлау оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға әсер етеді.
Себебі мұндай сайыстар қазақ тілінің бай қолданыстарын және астарлы
ойды түсінуге, қабілетті ұштауға әсер етеді.Оқушылар ойын жүйелі
жеткізуге бейімделген сөз сазына зер салатын тұлғаны даярлауға
бағытталды.
Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыру арқылы таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті
жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін,
көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделген
тұлға тәрбиелейміз. Осы мақсаттағы жұмыстар оқушылардың ойын, тіл
шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл
шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейді. Себебі, астарлы ойды
түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз
сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін,
жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген
тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашу әр мұғалімнің
міндеті.