400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Мақала. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері

Орта мектепте қазақ тілі пәнін жете білудің маңызы зор. Қазақ тілі пәні басқа пәндер бойынша сапалы білім алудың қажетті негізі болып табылады.

Оқыту әдісі – оқу пәні бойынша білім беру ісінің құрамдас ірі мәселелерінің бірі. Пән мазмұны маңызды болмайынша ол пән бойынша білім мазмұны да маңызды бола алмайды. Ал пән көлемінде берілетін білімнің мазмұны маңызды бола тұра оны білім алушыға жеткізудің әдісі жетілмеген болса, онда сапалы білім беру мүмкін емес. Сондықтан пәнді оқыту әдістемесінің сапалылығы білім беру жүйесінде үлкен қызмет атқарады. Оқыту әдістемесінің жоғары деңгейде болуы білім беру сатыларының барлық кезеңдері үшін міндетті. Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту ісін әдістемелік тұрғыда жеткілікті негіздеу аса маңызды. Оның кейбір өзекті қағидалары жоғары мектепке арналған оқу құралдарында өз дәрежесінде көрініс тапқанын атап өткен дұрыс деп білеміз. Ал орта мектептегі оқыту әдістемесінің жоғары сапалы болуы – білім беру ісінің нәтижелілігінің басты шарты.

Орта мектеп оқу пәндерінің қатарында қазақ тілі пәнін жете білу – басқа пәндер бойынша сапалы білім алудың қажетті негізі болып табылады. Оқушының өз ойын тіл заңдылықтарының талаптарына сай лайықты жеткізуі, баяндауы, айтуы, негіздеуі – орта білім алудың басты құралы. Сондықтан орта мектепте қазақ тілі пәні бойынша білім мазмұны мен оны оқыту әдістемесіне аса зор көңіл бөлінеді.

Қазақ тілін оқытудың бірнеше бағыттыры бар: а) ана тілі ретінде оқыту; ә) екінші тіл ретінде оқыту; б) шет тілі ретінде оқыту. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән мазмұны, әдістемесі, құралдары болады. К.Аханов , Қ. Әбілқаев және басқа ғалымдардың еңбектерінде олар жайында бірқатар ойлар, пікірлер жинақталған. Бұл ойлар мен пікірлердің өзектілігі бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біз қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту жайына тоқталмақпыз.

Ана тілі пәні – білім беру ісіндегі басты пән. Ана тілінің басқа пәндерден айырықша айырмашылығы бар. Ол айырмашылық ана тілінің білім жүйесіндегі белгілі бір пән ғана емес, сонымен қатар барлық басқа пәндерді оқып-үйренудің бірденбір құралы екендігінде. Осы себепті ана тілін оқытудың сапасы оқушылардың тек осы пән ғана емес, басқа барлық оқу пәндері бойынша алатын білімдерінің деңгейіне ықпал етеді.

Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығымен ерекшеленеді. Негізінде, жоғары білімді маман даярлау ісі қай мамандық бойынша да оңай емесі рас. Әйтсе де болашақ мұғалімдерді даярлау басқа сала мамандарын даярлаудан күрделі ғана емес, сонымен қатар өзіндік қиындығы бар, жауапкершілігі үлкен іс болып есептеледі. Өйткені болашақ мұғалімдірді даярлау оларды мектеп оқушыларымен кәсіби деңгейде жұмыс жасай білуге баулиды. Ал қазақ тілінің мұғалімін даярлау ісі бола шақ мұғалімдердің мектеп оқушыларын өмірдің түрлі салаларында ана тілін дұрыс, тиімді пайдалана білуге қабілетті болып шығуын көздейді. Мұндай мақсаттың мейлінше маңызды, өмірлік мәні зор болатын себебі – дүние есігін ашып келген адамзат баласы өзінің өмірі үшін қажетті адамшылық қасиеттердің бәрін ана тілі арқылы табады, ана тілі арқылы қалыптастырады. Адазат қоғамы тарихында адамның өмір тәжірибесі мен ақыл-ойы негізінде жинақталған ақпараттық құндылықтар, білім қоры тіл арқылы сақталады, тіл арқылы игеріледі, тіл арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Білім беру мекемелеріндегі оқу пәндерін меңгерудің құралы да тіл. Осының бәрі тілдің адамзат өміріндегі маңызы мен мәнінің қаншалықты жоғары екеніне көз жеткізеді. Ана тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісінің осындай өзіне ғана тән ерекшеліктері мен үлкен жаупкершілігі болады. Сондықтан ана тілін оқыту ісіне, ана тілінің мұғалімдерін даярлау ісіне абай болу, оған үлкен жауапкершілікпен қарау – білім беру жүйесіндегі әрбір маманның, әрбір басшының басты міндеті.



Әдебиеттер

  1. Күзекова З., Жусанбаева С., Жарқынбекова Ш., Әлімбек Г. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы: Раритет, 2008.

  2. Аханов К. Методикалық нұсқау. – Алматы, 1990.

  3. Әбілқаев Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 1995.

  4. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы, 1993.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
1098
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі