Материалдар / Мақала, "Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық ойындардың тиімділігі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала, "Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық ойындардың тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі жастағы өзге ұлт балаларына қазақ тілін оқытуға арналған, қазақ тілі мұғалімдерге қажетті ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
566
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Авторы: Калмаханова Самал Уралбековна

Нұр – Сұлтан қаласы,

МКҚҰ № 34 «Ақ бидай» балабақшасы,

қазақ тілі мұғалімі



«Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық ойындардың тиімділігі»


«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»

(Абай Құнанбаев)


Бала бесікте жатқаннан бастап айналадағы әлемді тани бастайды. Жан жағына қарап өседі. Оны қандай зат болса да, ол не? ол не үшін қажет? деген сұрақтар мазалайды. Өйткені бала туғаннан бастап әлемге қызығушылық танытады. Осындай пәк қызығушылығын әрі қарай дамытуға ойын көмектеседі. Ойын – бала тәрбиесіндегі негізгі және маңызды орын алатын іс – әрекет. Бұл іс – әрекет арқылы бала өз қиялындағы мұғалім, дәрігер, ғарышкер де бола алады, көптеген ойын тапсырмаларды орындау барысында өзінің логикасын, қиялын, ой ұшқырлығын, сөйлеу тілін дамытып жетіледі. Ойын түрлері өте көп. Оларды қай кезде, қандай мақсатта қолдануға болатынына тоқталсақ.

Мектепке дейінгі баланың тілін жетілдіру және өзге тілді меңгерту барысында ең тиімді ойын түрі – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойын арқылы мектепке дейінгі өзге ұлт балаларға қазақ тілін үйретудегі тиімді әдісі болып табылады. Өйткені баланы ойната отырып тілді үйрету мұғалім үшін де, бала үшін де қызықты процесс. Мұғалім дидактикалық ойынды ойнатар алдында көптеген талаптарды ескеруі тиіс:

  • дидактикалық ойын материалдары алдын ала дайын болуы қажет;

  • ойын белгілі уақыт аралығында өткізілуі қажет;

  • ойынның мақсаты және міндеттері болуы қажет;

  • дидактикалық ойынның тәрбиелілік маңызы ескерілуі тиіс;

  • ойынның бірізділігі сақталуы тиіс;

Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық ойындарды қолдану барысында өзге ұлт баланың тілге деген қызығушылығы да, сүйіспеншілігі де артатынын көрсетеді. Бала ойын ойнау арқылы арнайы тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеріп қана қоймай, ойын барысында ол сөз тіркестер мен сөйлемдерді құрай отыра тілді меңгере бастайды. Мысалы, балаға дидактикалық ойын «Түстер бойынша орналастыр» ойнатайық.




Дидактикалық ойын «Түстер бойынша орналастыр»

Шарты: суреттерді түстер бойынша орналастыру, сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру.

Мақсаты: түстер атауларын дұрыс айтқызу, суреттер арқылы сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыруын үйрену.

Shape1 Shape3 Shape2



Shape4

Shape6 Shape5



Shape9 Shape8 Shape7





Shape12 Shape11 Shape10





Сөз тіркестер: қызыл қызанақ, көк көйлек, сары алмұрт, көгілдір Қазақстан туы, күлгін қарындаш, қара мысық, жасыл шырша, қызылсары тиін, ақ аққала, қызғылт автокөлік, сұр қасқыр, қоңыр аю.

Сөйлемдер: Мен көк көйлек киемін. Жасыл шырша әдемі. Мынау қызыл қызанақ. Сұр қасқыр орманда мекендейді. Қазақстан туы көгілдір.

Яғни, ойын барысында мұғалімнің көмегімен бала сөз тіркестерін құрап, еркін түрде сөйлемдер құрастырады.

Дидактикалық ойындар – қай тіл болса да оны тез және оңай түрде меңгеруіне көмектесетін құрал. Баланы оқыту барысында тіл мамандары үшін дидактикалық ойын көмекке келетін әдістің бірі болып табылады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!