Анам маған:- Үлкенді сыйла,- деген
Анам маған: - Үлкенді сыйла, — деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра – ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп.
Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
М. Мақатаев
Қазіргі заманның талабына сай отбасы мағынасын түсіндіретін болсақ-екі адамның мұсылмандық жолмен некесін қидыртқан әлеуметтік тобы. Отбасы құндылықтарының басты функциясы - -өмірге әкелген балаларын тәрбиелеу. Қазіргі уақытта ұлттық бағдарламалар мен тапсырмалардың көпшілігі отбасылық мәселелерді шешуге байланысты. Бұл қоғамның назарын қазіргі заманғы отбасы жағдайына аударуға және отбасының әлеуметтік институттардың бірі ретіндегі рөлін арттыруға бағытталған шара. Отбасы әрқашан асыл қазыына болды, онда адами құндылықтар, мәдени және тарихи мұра ұрпақтар үшін сақталды, ал ұлттық факторлар адамдардың әл-ауқатының көрсеткіші ретінде сақталды. Отбасының әл - ауқаты-кез-келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің көрсеткіші. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың рухани және мәдени дамуындағы отбасының рөлі туралы пікірлер ғылыми тұрғыдан расталды және соны қолға алу міндеттелді. Сонымен қатар, ешкім елеулі проблемалар жинақталғанын жоққа шығара алмайды. Бұрыңғы отбасы құндылығы мен қазіргі уақыттағы отбасы құндылығында біршама айырмашылықтар орын алуда және олар көптеген қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Неліктен дейтін болсақ, ХІХ ғасырдың басты проблемасы ол ажырасу және толық емес отбасылар, отбасылық дағдарыстар, жасөспірімдер қылмысы, білімнің құлдырауы, әлеуметтік иеліктен шығарудың өсуі, қазіргі заманғы отбасылық міндеттердің қысқаруы, заңсыз отбасылардың құрылуы, заңсыз балалардың туылуы, тасталған балалар және т.б. Бұл жағдайлар тек қана отбасыға ғана емес, тәрбиеленіп отырған балаға да әсер ететіні белгілі. Қазіргі заман балалары неліктен көп қылмысқа барады, неліктен жаман жолға түседі? Бұның барлығы отбасындағы ауызбіршілік пен олардың баласына айтпаған ақылының кеселі. Әрине, заманауи отбасының барлық жағдайы жасалған, ал енді замануаи емес отбасының жағдайы ше? Олар қалай өмір сүруде, біз білетіндей жақсы емес екені белгілі. Мектепте қазір балалар жағдайға байланысты бір-бірімен араласатын күйге де жеттік. Бұл мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Бүгінде берекесі жоқ отбасылардың саны өсіп келеді. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшенің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі, киелі сәті балалық дәуреннің қызығымен осылай ерте қоштасып үлгереді. Туған-туыстарынан, жақын адмдарынан демеу таппаған қыздар мен ұлдар кездейсоқ азаматтардың жетегіне еріп, ішімдікпен есіркіге құмартады. Сол арқылы қылмыс әлеміне қадам басады.
Қазіргі балалар өзгерді ме, әлде заман өзгеріп, адамды өзгертті ме, түсініксіз құбылыстар орын алуда. Себебі бұрыңғы заман балалары мүлдем қарсыласуды білмейтін, ата анасына көмектесіп, оларды қуантуға тырысатын, шаршау дегенді білметін... Ал қазір мұндай көріністі көруіміз бірең сараң. Бұл ата ананың баласына қарамағанынан болуыда мүмкін деген тұжырымға да келуге болады. Интернет пен техникалардың күрт өсуі отбасындағы құндылықтарды жоғалтуға әкеліп отыр десек артық айтпаспыз.
Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала: Қазіргі заманғы отбасы

шағым қалдыра аласыз