Кадина Алтын Зекеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Пед/
өтілі :35 ж. санатты жоғары
№ 65
ЖББ ОМ КММ
Қарағанды қаласы.
Қиын
балалар тәрбиесі.
1 . Қиын
балалар қайдан шығады ?
2. Қиын
балалармен қалай жұмыс жасау керек ?
Қиын балала қайдан шығады ?
Ата –
ананың көшірмесі.
Ата-ана
баланың айнасы. Сондықтан бала ата-анасының көшірмесі болуы әбден
мүмкін.
Балаңыздың
бойындағы жаман қылықтар немесе әдеттер өзіңізде бар ма? Бар болса,
тәрбиені өзіңізден бастаңыз.
Отбасының әр
мүшелерінің әсері.
Отбасының
әр мүшесінің күнделікті тірлікте жіберіп отырған қателіктері балаға
міндетті түрде әсер теді. Жас бала сіздердің қателіктеріңізді дұрыс
деп қабылдауы және қайталауы әбден мүмкін.
Қиын
балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі
ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі
жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату. Ата-ана отбасындағы
үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да
сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі
отбасының әсері мол екені белгілі.
Тұрмыстық
жағдай.
Тұрмыстық
жағдайдың да бала тәрбиесіне әсері болатыны белгілі. Жоқшылық
,үнемі бір затының болмай қалуы, сыныптастарынан өзін кем санауға
немесе олардан қызғанып, жек көріп, ызылануы т/б.
Балаңызды
ең қажетті заттармен қамтамасыз етуге тырысыңыз. (қымбат заттар
емес)
Денсаулығына
байланысты.
Денсаулығы
дұрыс емес әр адамға өмір сүру оңай емес.
Баланың
денсаулығына қарай қарым-қатынас жасап, ыңғайлы жағдай жасау
қажет.
Қоршаған
орта.
Бала мінезі
мен қылықтарына мектептен, отбасынан тыс қоршаған ортаның да әсері
бар екенін естен шығармау керек.
Оқудан тыс
уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі
қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру
қажет.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндігін туғызатын
спорт, дене еңбегі, қолөнер,техникалық шығармашылық,
т.б.іс-әракетті үйрету үйірмелері мен секцияларына қатыстыру. Әр
оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа өз жүрегінің қалауымен
қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «мендігін»
басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Қорытынды:
-
Қиын
баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының
арына тигізбей айту жолдарын қарастырыңыз
-
Қиын
баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда
аңықтаңыз
-
Баланы жас
кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс
сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаңыз
-
Баланың
айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы
тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
М.Жұмабаев
«Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде
қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»
деп түйін жасайды.
Қиын
балалар тәрбиесі жайлы зерттеп , оны айту тоқтаусыз жүре
береді.